Курс: 3 курс, 301-топ Қабылдаған: Медеуова Галия Джумакановна Алматы, 2023 жыл Жоспары



бет3/8
Дата24.05.2023
өлшемі0,66 Mb.
#96648
1   2   3   4   5   6   7   8
Мүктектестер (Bryophyta) бөлімі


Бұл бөлімге аласа бойлы, көпжылдық өсімдіктер жатады. Олардың кейбіреулерінің денесі қатпарлы, деседе көпшілігінде сабақ пен жапыраққа жіктелген. Мүктектестердің 25 000-ға жуық түрі бар. Барлық географиялық аймақтардың ылғалды жерлерін мекендеушілер болып табылады. Топыраққа ризоидтар деп аталатын түк сияқты өсінділермен бекінеді. Осы қүрылымдар арқылы олар топырақтан қорек алуды қамтамасыз етеді. Бұл типтің (бөлімнің) ең белгілілері көкек зығыры, көптүрлі маршанция, сфагнум туысының мүктері (300 түр).Мүктердің дамуына жынысты (гаметофит) және жыныссыз (спорофит) ұрпақтарының алмасуы тән. Жынысты ұрпақты өсімдіктерде әртүрлі мөлшерлі споралар түзіледі. Аналық жыныс клеткалары аталықтарымен ұрықтанғаннан кейін спорофит (споралары бар спорангиялар) дамиды, оның клеткалары диплоидты хросомалар жиынтығына ие. Мейоз нәтижесінде спорангияларда пайда болған споралар гаплоидты хромосомалр жиынтығына ие болады. Топыраққа түскен споралар өсіп шығып, өсімдіктің бастамасын, гаметофитті, береді, онда митоз жолымен көбейетін клеткаларында хромосоманың гаплоидты жиынтығы болады. Гаплоидты гаметофит даму циклінде басым келеді. Гаметофитте жаңадан жыныс клеткалары түзіледі және процесс қайталанады. Бұл өсімдіктердің өздеріне тән ерекшеліктері сол, оларда тек гаплоидты гаметофит ғана басым болмай қоймай, сонымен қатар гаметофит (жынысты ұрпақ) және спорофит (жыныссыз ұрпақ) жеке бір өсімдік болып табылады. Мүктектестердің табиғаттағы маңызы сол, экосистемада болып, олар көптеген басқа да өсімдіктер түрлерінің, сол сияқты жануарлардың да, мекендеу ортасына эсерін тигізеді. Мүктердің қарқынды көбеюі топырақтың жағдайын нашарлатады. Сфагнум мүктері өліп, «шымтезектенеді» және шымтезектің кенін түзейді. Кейбір түрлері медицина өнеркәсібінде пайдаланылады. Бұл топтың өсімдіктері ең алғашқы құрлық өсімдіктерінің бірі болган және 450-500 млн жыл бұрын кең тарап өсіп-өнген және олардың эволюциясы спорофиттің регрессивті дамуында болган деп жорамалдайды. Мүктектестер эволюцияның тұйық бұтағы болған деп саналады. Папоротниктектестер (Palypodiophyta) бөлімі. Бұл бөлім шегінде дымқыл жерлерде өсетін шөптесін өсімдіктер жатады. Папоротниктектестердің кейбіреулері, тропикада өсетіндер, агашта өсетіндер, олардың кейбіреулерінің биіктігі 25 метрге дейін жетеді. Бұл өсімдіктердің 10 000-н аса түрі белгілі. Папоротниктектестердің нагыз өкілдері папоротниктер болып табылады. Папоротниктектестер үшін жынысты жэне жыныссыз ұрпақтардың алмасуы тән, бірақ та мүктектестерден айырмашылығы, бұл бөлімге жататын организмдерге, басым көпшілігі спорофит, диплоидтық тән. Спорофитте негізгі органдар — сабақ, жапырақ, тамыр болады. Керісінше, гаметофит өте кішкентай, үлкен емес, тақтайша сияқты, болуымен сипатталады, ол топыраққа ризоидтар көмегімен бекиді. Папоротниктектестер үшін дамудың күрделі циклі тән. Цикл гаметофиттің (өскіннің) изоспораларының дамуымен басталады, онда антеридиялар мен архегониялар түрінде жыныс органдары қалыптасады. Соңғыларында жыныс клеткалары дамиды. Олар ұрықтанғаннан соң зиготадан спорофит пайда болады, онда споралар түзіледі, олар гаметофиттің бастамасын береді. Папоротниктектестердің көпшілігі әртүрлі споралы өсімдіктер болып табылады. Папоротниктектестердің табиғаттағы маңызы өте үлкен, өйткені олар көптеген экожүйелердің құрамына кіреді. Егер жекеленген өсімдіктер түрлерінің дәрілік шикізат болатынын ескермесек, қазіргі папоротниктектестердің шаруашылық маңызы үлкен емес. Папоротниктектестер 7 бөлімге жіктеледі, олардың көпшілігі жойылып кеткен. Папоротниктектестер ең көне споралы өсімдіктер болып табылады. Олар девонда болган, ал карбонда биіктігі 30 метрге жететін орман өсімдіктерін құраған. Бұл өсімдіктердің қалдықтары таскөмір түзілуіне қатысқан. Қырықжапырақтәріздестер - жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің ең ерте пайда болған тобы. Ертедегі жойылып кеткен үлкен ағаш тәрізді түрлері ылғалды тропиктік орман болып өскен. Қазіргі кезде қырықжапырақтәріздестердің 10 000-нан астам түрлері белгілі. Қырықжапырақтылар тропикте ағаш, лиана (басқа өсімдікке оралып өсу) түрінде өседі.Суда өсетіндері де бар. Аустралия мен Жаңа Зеландияда ағаш болып өсетін түрлерінің биіктігі 20 метрге дейін жетеді. Қазақстанда ағаш тәрізді қырықжапырақтәріздестерді тек ботаникалық бақтардан ғана көруге болады. Қырықжапырақтылар - тең споралы және әр түрлі споралы өсімдіктер. Қазақстанда көпжылдық шөптекті түрлері ғана кездеседі. Олардың кең тараған өкілдерінің бірі - усасыр қырықжапырағы. Ол ылғалды, көлеңкелі жерлерде, орман шетінде және сайлар мен жыраларда өседі. Усасыр қырықжапырағы - тамырсабақты өсімдік. Тамырсабақтарынан төмен қарай - қосалқы тамырлары, ал жоғары қарай жапырақтары өседі. Бізде шөптекті болып өсетін қырықжапырақтың жерүсті сабағы дамымаған. Оның есесіне жерасты тамырсабағы жақсы дамыған. Сондықтан тамырсабағын қысқарған сабақ дейді. Усасыр қырықжапырақтың жапырақтары өте баяу өседі. Мұнда үш түрлі жапырақ бар. Бірінші жылғы жапырақтар бүршік түрінде болады және тамырсабақтың ұшына жақын орналасады. Осы бүршіктерден екінші жылғы жапырақтар пайда болады. Екінші жылғы жапырақтары биіктеліп, сыртын түктер жауып тұрады. Үшінші жылы көктемде бүктелген жапырақтар жазылып, қауырсынды тілімделген нағыз жапыраққа айналады. Жапырақтары ұшынан шексіз өсетіндіктен, өте ірі болады. Олардың мөлшері бірнеше миллиметрден 30 метрге дейін жетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет