Курс: 3 курс, 301-топ Қабылдаған: Медеуова Галия Джумакановна Алматы, 2023 жыл Жоспары


Ашықтұқымдылар (Gymnospermae) бөлімі



бет5/8
Дата24.05.2023
өлшемі0,66 Mb.
#96648
1   2   3   4   5   6   7   8
Ашықтұқымдылар (Gymnospermae) бөлімі
Бұл бөлімнің өсімдіктері тұқым береді, ол дегеніміз, шын мәнінде, болашақ өсімдіктердің ұрығы болып саналады. Тұқымның негізгі органдары ұрықтық тамыр, ұрықтық сабақша, ұрықтық жапырақшалар болып табылады. Десе де ашықтұқымдыларда тұқым жеміс жапырақшаларымен жабылмаған. Осыған орай оларды ашықтұқымдылар деп атайды. Ашық тұқымдыларға ағаштар, бұталар және лианалар жатады. Түрлердің саны 700-ге жуық. Барлық Жер шарына таралған. Солтүстік жарты шарда өте үлкен алқапты алып жатады, қылқан жапырақты ормандардықұрайды Ашықтұқымдылардың көпшілікке белгілі өкілдері қарағай, самырсын, шырша, балқарағай болып саналады. Бұл бөлімнің өсімдіктерінің бағанасы мен тамырының ұлпалары камбий, ксилема, флоэма болып табылады. Көпшіліктерінің жапырақтары — «инелер». Ашықтұқымдылар үшін ұрпақтардың кезектесуі тән, ол гаплоидты және диплоидты күйдің алмасуымен байланысты, бірақта олардың гаметофиттінің кішіреюі айдан анық. Арша, саговник, боз арша (туя), шырша, қарағай, балқарағай — спорофиттер. Барлық тұқымды өсімдіктер сияқты, ашықтұқымдыларда әртүрлі споралылар болып табылады. Көбею мүшелері аналық және аталық бүршіктер, олар гаметофит болатын бір ағаштың өзінде қалыптасады. Тұқымның пайда болуы — спорофиттің дамуындағы бірінші кезең. Аналық бүршіктер ірі қабыршақтардан құрылған, оларды мегаспорофиллалар деп атайды, олардың әрқайсысының ішкі жағында екіден мегаспорангия орналасады, ал әрбір мегаспорангия өз кезегінде мегаспораға ие, одан көпклеткалы гаметофит дамиды, онда екі немесе үш архегония болады. Әрбір архегония жалғыз ірі жұмыртқа клеткасынан және бірнеше ұзарған кіші клеткалардан тұрады. Мегаспорангия интегумент деп аталатын құрылыммен жабылған. Мегаспорангияны интегументпен қоса ұрық бастамасы (семязачаток) деп атайды. Аталық бүршіктердің ішкі жағындағы олардың қабыршақтарында (микроспорофиллдерде) екіден микроспорангия болады, онда микроспоралар орналасқан, олардың эрқайсысы гаплоидты тозаңға дамиды. Тозаңдық түйіршектер (дэндер) аталық гаметофитті құрайды. Мегаспорофиллдер мен микроспорофиллдер қысқа споратүзуші жас өркенде мега- және микростробиллдерге (сәйкесінше) жинақталған, ол споротүзуші жапырақшалары бар сабақшаны түзейді. Тозаңдар аналық бүршіктерге түскенде, ол ұрық бастамасына өтеді, ал эрбір тозаңдық түйіршіктен аталық түтікше мен екі сперма ядросы дамиды, ал аталық түтікше аналық клеткаға өткенде сперма ядросының аналық клетканың ядросымен қосылу жүреді. Бұл дегеніміз ұрықтану. Диплоидты зигота диплоидты ұрыққа айналады. Уақыт өте ұрық бастамасының сыртқы интегументі тұқым қабықшасына айналады, ал мегаспорангия қалдықтарынан эндосперм түзіледі. Осылайша, ұрық бастамасы тұқымға айналады. Тұқым пісіп-жетілгеннен кейін бүршіктен сыртқа түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет