Курстық жұмысқа пікір
Студенттің аты – жөні : Ахмет Айзада
Курс: 4 топ: 41б
Мамандық: «Бастауыш білім беру » Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша курстық жұмысы
Курстық жұмыстың тақырыбы: «Лексиканы оқытудың негізгі жолдары мен белсенді оқыту түрлері»
I.Курстық жұмыстың өзектілік деңгейі
Бастауыш мектепте меңгертіліуге тиісті лексиканың көлемі лексикалық білім берумен анықталады. Бағдарламада лексикалық білім берудің негізгі талаптары қойылған. Баяндау,сипаттау, пікір айту жолдарымен және түрлі стильде ауызша, жазбаша ойларын жеткізе білуге дағдыландыру. Мектеп бағдарламасы бұл талаптарға байланысты лексиканы оқыту барысындағы дағдыны анықтау барысында тілдік мақсаттарға жүйелеген. Лексиканы оқытудың мақсат мен міндеттері оқыту әдістемесі пәнінде нақты қарастырылып, оқытудың тиімділігі анықталады. Лексиканы оқытудағы қойылатын мұндай талаптар оқушылардың дұрыс сөйлеу, ойын жеткізе алу, сөздердің шығу тарихын зерделеу мақсатында қойылатындығын қарастырды.
II.Жұмыстың жетістігі (зерттеу тақырыбының және мәселесінің толығымен терең ашылуы)
Жұмыс мазмұнын қорғау барысында Айзада өз жұмысының ғылыми ақпаратымен таныстыра отырып, зерттеу болжамының растығын дәлелдеп, мақсатқа жетудегі жетістіктерін айқындай түсті. Лексика тарауын бастауыш сыныпта оқытудың бағдарламалық негіздемесіне сүйене отырып оқытыудың тиімді тәсілдеріне тоқталды.
III.Теориялық және практикалық мәні
Теорияны практикамен ұштастыра отырып, лексика тақырыбы өту барысында пайдаланылатын тиімді оқыту мен оқу оқу тәсілдерін және ҚМЖ жоспарларын бағдарламалық талапқа сай дайындаған.
IV.Ескертулер мен ұсыныстар
Бастауыш сыныптарда лексиканы оқытудың негізгі жолдары мен белсенді оқыту түрлері практикалық бөлімде толық қамтылған. Тәжірбие бойынша сараптама жасалған.
Курстық жұмыстың бағасы « » ( ) деген бағамен бағаланды.
Ғылыми жетекші: Жапаркулова Н.А
Достарыңызбен бөлісу: |