Курс: 4 топ: 41б Мамандық



бет3/7
Дата31.12.2021
өлшемі24,94 Kb.
#22002
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
курстық жұмысқа пікір 41б

Курстық жұмысқа пікір

Студенттің аты – жөні : Әбдісаттар Шахеризада

Курс: 4 топ: 41б

Мамандық: «Бастауыш білім беру » Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша курстық жұмысы

Курстық жұмыстың тақырыбы: «Фонетиканы оқытуда қолданылатын тиімді оқыту мен оқу тәсілдері»

I.Курстық жұмыстың өзектілік деңгейі

Бастауыш сыныпта меңгертілуге тиісті фонетика тарауының көлемі тіл дыбыстары жайында білім берумен анықталады. Жұмыс барысында тіл дыбыстарының санын,дыбыстық заңдарын білу,сөзді буынға бөліп,дұрыс жазу,дұрыс айту тіл дыбыстарын меңгерудің ең негізгі шарттары екендігін назарға алған.Фонетика тарауын зерттеген авторлардың еңбектерін, баспасөз басылымдарындағы тәжірбиелі мұғалімдердің еңбектерін теориялық бөлімде тиімді пайдаланған. Бастауыш сынып оқушыларына фонетика саласынан білім беруде интерактивті әдістер қолдану арқылы дыбыстар жүйесін саналы меңгертіп, орфоэпиялық,орфографиялық принциптерді сақтай отырып білім берудің мүмкіндіктерін зерделеген.



II.Жұмыстың жетістігі (зерттеу тақырыбының және мәселесінің толығымен терең ашылуы)

Жұмыс мазмұнын қорғау барысында Шахеризада өз жұмысының өзектілігімен таныстыра отырып, зерттеу болжамының растығын дәлелдеп,мақсатқа жетудің жетістіктерін айқындай түсті. Фонетика тарауын бастауыш сыныпта оқытудың бағдарламалық негіздемесіне сүйене отырып,оқытудың тиімді тәсілдеріне тоқталды.



III.Теориялық және практикалық мәні

Жұмыстың практикалық бөлімінде теорияны практикам ен ұштастыра отырып, фонетика тарауын бастауыш сыныпта меңгертудің тиімді оқыту мен оқу тәсілдерін және ҚМЖ бойынша сабақ жоспарларын бағдарламалық әдістемелік талапқа сай жазылған. Қашықтан оқытудың сабақ барысындағы тиімді оқыту жолдарына тоқталған.



IV.Ескертулер мен ұсыныстар

Фонетиканы оқытудың тиімді оқыту мен оқу тәсілдерін практикалық бөлімде қамтылған. Сонымен бірге, фонетиканы меңгертуде ақпараттық технологиялардың тиімділігін практикада қолданылуын көрсетуі тиіс еді.



Курстық жұмыстың бағасы « » ( ) деген бағамен бағаланды.

Ғылыми жетекші: Жапаркулова Н.А


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет