Курстық жұмысқа пікір
Студенттің аты – жөні : Тұрсынова Айдана
Курс: 4 топ: 41б
Мамандық: «Бастауыш білім беру » Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша курстық жұмысы
Курстық жұмыстың тақырыбы: «Зат есімдерді жаңартылған білім мазмұны бойынша меңгертудің белсенді тәсілдері»
I.Курстық жұмыстың өзектілік деңгейі
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқып жатқан бастауыш сыныптарда морфология тарауын оқытудың тиімді тәсілдерін қарастырған. Бастауыш сынып оқушыларына граматиканы оқытуда зат есім оқытуда басқа сөз таптарымен байланыстыра оқытудың әдіс-тәсілдерін көрсеткен. Тіл біліміндегі зат есімнің зерттелу тарихы, семантикалық валенттілігі жұмыс барысында теориялық тұрғыдан талданған.
II.Жұмыстың жетістігі (зерттеу тақырыбының және мәселесінің толығымен терең ашылуы)
Жұмыс мазмұнын қорғау барысында Айдана өз жұмысының ғылыми ақпараттарымен таныстыра отырып,зерттеу болжамының растығын дәлелдеп, мақсатқа жетудегі жетістіктерін айқындай түсті. Жаңартылған білім мазмұны бойынша бастауыш сыныптарда зат есімді оқытудың оқыту стратегиялары мен әдістеріне тоқталды.
III.Теориялық және практикалық мәні
Теорияны практикамен ұштастыра отырып зат есімдерді сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқытудың тиімділігін практикалық тұрғыда дәлелдеді. ҚМЖ сабақ жоспарларын бағдарламалық талапқа сай жазылған. Оқу мақсаттарына жетуде тапсырмаларды тиімді таңдаған. Сабақта пайдаланылатын АКТ материалдарын диплом практикасымен байланыстырып ZOOM платформасында өткізілген сабақтарынан мысалдар келтірген.
IV.Ескертулер мен ұсыныстар
Бастауыш сыныпта жаңартылған білім беру мазмұны бойынша зат есімді меңгертудің белсенді тәсілдері толық қамтылған. Тиімді оқыту мен оқу тәсілдері прктикалық бөлімде талданған. Тәжірбие бойынша сараптама жасалған.
Курстық жұмыстың бағасы « » ( ) деген бағамен бағаланды.
Ғылыми жетекші: Жапаркулова Н.А
Достарыңызбен бөлісу: |