Курс: 4 топ: 41б Мамандық



бет4/7
Дата31.12.2021
өлшемі24,94 Kb.
#22002
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
курстық жұмысқа пікір 41б

Курстық жұмысқа пікір

Студенттің аты – жөні : Қожахмет Гауһар

Курс: 4 топ: 41б

Мамандық: «Бастауыш білім беру » Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша курстық жұмысы

Курстық жұмыстың тақырыбы: «Сөз таптарын оқытуда қолданылатын тиімді оқыту мен оқу тәсілдері»

I.Курстық жұмыстың өзектілік деңгейі

Грамматикалық күрделі материалдарды оқытудағы ең күрделі тақырып сөз таптары болғандықтан, жұмыс барысында 2,3,4-сыныптарда сөз таптарын оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін зерттеуді басшылыққа алған. Бастауыш сыныптарда сөз таптарын оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін, жай және күрделі материалдарды ұғындырудың жолдарын көрсетті.Бастауыш сынып мұғалімі грамматиканы оқытудың әдіс-тәсілдерін теориялық жағынан меңгеріп, практикада қолданудың оқушы үшін тиімділігін жұмыс барысында дәлелдеген. Сөз таптарын меңгертудің теориялық негіздері мен практикалық бөлімдерін байланыстыра зерттеген.



II.Жұмыстың жетістігі (зерттеу тақырыбының және мәселесінің толығымен терең ашылуы)

Жұмыс мазмұнын қорғау барысында Гауһар жаңартылған біім мазмұны бойынша оқу бағдарламасына енген сөз таптарын оқулыққа енген материалдарды талдады.Зерттеу болжамының растығын дәлелдеп, мақсатқа жетудегі жетістіктерін айқындай түсті. Есім сөздерді(зат есім,сын есім,сан есім) оқытудың бастауыш сыныптағы маңыздылығын дәлелдеді.



III.Теориялық және практикалық мәні

Теорияны практикамен ұштастыра отырып,оқулықта берілген сөз таптары тақырыптарынталдады. Тілдік мақсаттар бойынша тыңдалым,оқылым, айтылым,жазылым тапсырмаларының орындалуын практикалық тұрғыда көрсетті. Қашықтан білім беру бағдарламасы бойынша қолданылған бағдарламалар және әдіс-тәсілдерді талдап курстық жұмыстың практикалық бөлімінде мақсатына жетті. ҚМЖ бойынша сабақ жоспарларын талапқа сай дайындаған.



IV.Ескертулер мен ұсыныстар

Тақырып бойынша бастауыш сыныпта сөз таптарын меңгертудің тиімді оқыту мен оқу тәсілдері толық қамтылған. Тәжірбие бойынша сараптама жасалған.



Курстық жұмыстың бағасы « » ( ) деген бағамен бағаланды.

Ғылыми жетекші: Жапаркулова Н.А



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет