Курс туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет7/17
Дата27.11.2023
өлшемі0,9 Mb.
#128985
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Дәріс тезисі: Дәстүр - қоғамдық сананың барлық салаларымен байланыста дамыған,
топтасқан қауымның қалыптасқан бірыңғай көзқарасын, әдет-заңын марапаттайтын рәсім. Ол – халық құндылығының көрсеткіші. Салт-дәстүрлер - ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге туып, бірге дамып келе жатқан тарихи және көне процесс. Ол ұрпақ тәрбиесінен, мәдени тұрмысы мен шаруашылық тіршілігінен көрініс бере отырып, адамның дүниеге келуімен бірге өрбіп, о дүниеге аттанып кеткенше құндақтайтын, тербететін алтын бесігі іспеттес. Дәстүр - тарихи тұрақтанған, қоғамдық қарым-қатынастық нормада бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғасып жататын, көпшілік қоғам мүшеліне ортақ әдет-ғұрыптардың жинақталған түрі. Ал жол-жоралар, ырымдар - әдет-ғұрыптың бөлшектері, сонан келіп салт пен дәстүр тоғысып, туындайды. Ал қазақ халқының салт-дәстүрі малмен, көшіп-қонумен байланысты туып-дамыған. Наурыз тойлары, көшіп келген ағайынға ерулік немесе көшерде көршілерге көшерлік беру, бие байлау, қымыз жинау, малдың төлдеуімен байланысты уызға, күздікте қарын майға, қыста соғымға шақыру, отқа май құю, келіннің отқа салар әкелуі, т.б.ырым, жол-жоралар, тіпті қыздың қалың малын немесе ердің құнын да мал санымен есептеу сияқты салт-дәстүрлердің халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен байланысты туғанын дәлелдейді. Сөйтіп, салт-дәстүрлер, бір жағынан, халықтың тұрмыс-тіршілігінің айнасы іспетті болса, екіншіден, сол арқылы ғасырлар бойы өз ұрпағын еңбекке, адамгершілікке, өнерге, өмірге икемдеуде тәрбие құралы ретінде пайдаланған. Халықтық ырымдарда шаман, ислам дінімен байланысты наным-сенімдер көптеп кездеседі. Мысалы, малға топалаң, ауру-індет келгенде немесе қуаңшылық, аптап ыстық болғанда, құдайға жалбыранып мал сойып, ақсарбас айту, тасаттық беру, құдайдан жаңбыр тілеу немесе бала көрмеген ата-аналардың әулиелер басына түнеп, мал сойып, ақтық байлауы, т.б. діни наным-сенімдермен байланысты туған ырымдар. Халыққа сөзбен әсер етудің сан түрлі тәсілдері белгілі, сезім мен санаға ықпал ету шараларының көптеген түрлері бар. Халықтық тәрбие түрлері халықтың әлеуметтік өмірінің бүкіл өзге салаларымен, сенім-нанымдарымен, дәстүрлерімен, салттары және әдет-ғұрыптарымен, шаруашылық кәсібі түрлерімен, қоғамдық тәртіп қалыптарымен ажырамас бірлікте алға шығады. Халықтық педагогика ата-баба мұрасына негізделген. Халықтың ықпалы неғұрлым басым болса, соғұрлым оның мәдениеті жоғары болады. Педагогикалық мәдениет – бұл балалар тәрбиесімен тікелей байланысты рухани және материалдық мәдениет саласы.
Бекіту сұрақтары:
1.«Дәстүрлі тәрбие» түсінігінің мәні мен мазмұны қандай?
2. Қазақтардың дәстүрлі тәрбие мәдениеті және оның ерекшеліктері дегеніміз?
3. Қазақ ойшылдарының дәстүрлі тәрбие мәдениетінің дамуына үлес қосқан кімдер?
4. Дәстүрлі тәрбие мәдениетінің қайнар көздері болып табылатын өнеге үлгілерді атаңыз?
5. Қазақтың дәстүрі мен әдет-ғұрпының тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастырудағы рөлі қандай?
6. Қазақ отбасы тәрбиесінің дамуына жаһандану үдерісінің ықпалы болып табылатын қандай құбылыстар бар?
Әдебиет:
1. Нұрмұратов С. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік-философиялық талдау. – Алматы: ФСИ, 2000. – 180 б.
2. Турсунов Е.Д. Истоки тюркского фольклора. Қорқыт. – Алматы: Дайк-Пресс, 2001 – 168 с.
3. Балтабаев М.Х. Педагогическая культурология. – Алматы: РИК Каз. Акад. Образ. им. И. Алтынсарина, 2000.
4. Арғымбаев Х. Қазақ отбасы. – Алматы: Қайнар, 1996.
5. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі: оқу құралы. – Алматы: Санат, 1995.
6. Қалиев С.Қ. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. – Алматы: Рауан, 1998.
7. Кожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика. – Алматы: Ғылым, 1998.
8. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы: Бірінші том. /Құраст. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. – Алматы: Рауан, 1994.
9. Ұзақбаева С.А. Қазақ халық педагогикасы: оқу құралы. – Алматы: Глобус баспасы, 2013.
10. Арын М. Бес Анық. – Павлодар: Типография Сытина. 2011. – 624.
11. Табылдиев Ә. Этнопедагогикалық оқылымдар. – Алматы: Білім, 2005.
12. Бахтиярова Г.Р. Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениеті: тарих, теория және практика. Монография. – Ақтөбе, 2012. – 372 б.


5. Тақырыбы: Көпмәдениетті тұлға қалыптастырудың мәні
Сағат саны: 2
Тақырыптың жоспары:
1. «Көпмәдениетті тұлға» туралы түсінік. Көпмәдениеттілік және көптілділік.
2. Көптілді білім беру жағдайында көпмәдениетті тұлға қалыптастыру жолдары.
3. Қазіргі Қазақстан жағдайындағы үштұғырлы тіл моделі.
4. Көпмәдениетті тұлғаны тәрбиелеу туралы қоғамдық және ғылыми көзқарастар.
5. Көпмәдениетті тұлғаны тәрбиелеудегі отбасы мен мектептің ролі.
6. Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құрудың алғышарттары.


Дәріс тезисі:  Көпмәдениетті тұлға – бұл индивид, өз мәдениеті арқылы өзге мәдениеттерді игеруге бағытталады. Туған тілін, жалпы мәдениетін терең білу – бұл өзге мәдениеттерге қызығушылық қатынастың негізі, көптеген ұлттық, көркем мәдениеттермен танысу рухани баюға және дамуға негіз болады.
Көпмәдениетті тұлға қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыруда мынадай мақсаттар қойылады:
1) жан-жақты, үйлесімді дамыған, ұлттық салт-дәстүрлер, қазақы құндылықтар мен әлемдік мәдениеттің негізінде шығармашылықпен өзін-өзі дамытуға қабілетті және этномәдениеттілік пен азаматтық позициясын анықтап, оны іске асыра алатын тұлғаны қалыптастыру;
2) мектеп пен жоғары оқу орны түлектерін қазіргі өркениет пен көпұлтты еліміздің өмір жағдайына тиімді дайындау, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктерін кеңейту, әлеуметтік өсуі мен өмір сапаларын арттыру;
3) еліміздің білімдік және кәсібилік деңгейі дәрежесін арттыру, жастарды ашық көпмәдениетті және көптілді әлемде жауапкершілікті және зиялы етіп дайындау, белсенді ұйымдастырушы етіп тәрбиелеу.
Сондықтан да көпмәдениетті тұлға:
*өмір сүру жағдайларына бейімделген әрі өзге адамдармен әріптестік қатынас орната білетін;
*жеке, өзіне ғана тән ойы бар және өзге мәдени қоғамдар туралы көзқарастарын талдай алатын;
*дербес, өз ойын үнемі білдіре алатын, тәуелсіз болуы тиіс.
Көптілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты, бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Бекіту сұрақтары:
1.«Көпмәдениетті тұлға» дегеніміз?
2. Көпмәдениеттілік және көптілділік айырмашылығы қандай?
3. Көптілді білім беру жағдайында көпмәдениетті тұлға қалыптастырудың қандай жолдары бар?
3. Қазіргі Қазақстан жағдайындағы үштұғырлы тіл моделінің жүзеге асуы қандай?
4. Көпмәдениетті тұлғаны тәрбиелеу туралы қоғамдық және ғылыми көзқарастар дамуы қандай?
5. Көпмәдениетті тұлғаны тәрбиелеудегі отбасы мен мектептің ролі қандай?
6. Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құрудың алғышарттары болып табылатын себептер?
Әдебиет:
1. Мәдени мұра: Қазақтың тарих айту, сақтау дәстүрі және оны жаңғырту жолдары //Қошқар ата конференциясының материалдары. – 2005. – 26-27 мамыр.
2. Кул-Мухаммед М. Основы национального бытия // Казахстанская правда. 20.08.2004г.
3. Баласағұн Ж. Құтты білік. – Алматы: Жазушы, 1986. – 616 б.
4. Құдайбердиев Ш. Үш анық. Алматы, 1996.
5. Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы.Алматы:Мектеп баспасы, 2017. - 396б.
6. Жүсіпбек Аймауытов. Бес томдық шығармалар жинағы. 3-т. А., «Ғылым, 1997. - 240 б.
7. Ахмет Байтұрсынұлы. Маса. Өлеңдер мен көсемсөздер. А., «Раритет», 2005. - 208 б.
8. Сыздық Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. «Арыс», 2004.
9. Момынова Б. Шәкарім поэзиясының тілі. «Арыс», 2008.
10. Жанпейісов Е. М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясының тілі. Алматы, 1976.
11. Нуржанов Б.Г. О национальной идее. К постановке проблемы. //Журнал «Вестник», №31. - 2008.
12. Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие. – Алматы: Білім, 1995.
13. Бахтиярова Г.Р. Халық тағылымы – тәрбие қайнары. – Алматы: Ғылым, 2002.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет