4. Орындау түрі (реферат, презентация, есеп құрастыру, тесттер, алгоритмдер құрастыру, сырқатнама жазу, ролдік ойындарға сценарий жазу, пікір жазу т.б.)
реферат
презентация
тақырыпқа байланысты ребустар, кроссвордтар құрастыру
тақырып бойынша өз бетінше ситуациялық есептер және тесттерді құру
СӨЖ қиылыстық рецензиялауды жүргізу
Орындау критерилері:
1.Тақырып бойынша жазылған рефератта өзіндік үлес қосылған, ой қозғайтын ақпараттарды қамту қажет;
2.Тақырып презентациясының мазмұны толық жан-жақты қамтылған және көрнекі құралдарымен болуы тиіс;
3.Көрнекі құралдарымен (суреттерімен, слайдтармен) дезинфекциялық бөлімшесі мен стационар бөлімшесіне барған кезіне есеп беру;
4.Әдістемелік нұсқаулықтан тест сұрақтарына жауап беру және ситуациялық есептерді шешу;
5.Өз бетінше сауатты тестжәне ситуациялық есеп құрау;
6.Топтағы студентке СӨЖ-ге сауатты пікір беру;
Студенттің өзіндік жұмысы 1-3 пункттердің ішінен біреуі және 4-6 пунктерінің ішінен біреуі орындалса, толық есептелінеді.
6. Тапсыру мерзімдері: 8– оқу аптасында.
7. БАҒАЛАУ КРИТЕРИЛЕРІ:
«өте жақсы» деген баға 90-нан 100 балл аралығын қамтиды. Бұл студенттің СӨЖ тақырыптарын толық меңгеріп, ешқандай қате жібермегенін, тапсырмаларды өз уақытында, қатесіз орындап отырғанын, қосымша әдебиеттер қолданып, бағдарлама материалын жүйелегенін айғақтайды;
«жақсы» деген баға 75-пен 89 балл аралығын қамтиды. Мұнда студент СӨЖ тақырыптарын 75 пайызын меңгеріп, көп қате жібермеген, ешқандай ескертпесіз СӨЖ өз уақытында тапсырған. Өз уақытында және ескертулерсіз қосымша материалдар қолдана отырып, оқытушының көмегімен, бағдарлама материалын жүйелеген.
«қанағаттанарлық» деген баға 50-ден 74 балл аралығын қамтиды. Мұнда студент СӨЖ тақырыптарын 50% шамасында меңгерген. Жұмысты орындауда оқытушы көмегіне жүгінген. Жұмысты уақытында орындап тапсырған, негізді қателіктер жіберілген. Жұмыста белсенділік танытпаған. Тек оқытушының берген оқу әдебиеттерімен шектелген, материалды жүйелеуде қиындықтарға кезіккен.