Курсы: 1 Оқу семестрі: 1,2 Шымкент 2013


) Иллюстрациялы материалдар



бет49/54
Дата03.12.2022
өлшемі0,63 Mb.
#54592
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
Байланысты:
Тарих ответы

4) Иллюстрациялы материалдар: карта
5) Әдебиеттер:
1. Қозыбаев М. Ақтандықтар ақиқаты: оқу құралы. А, 1992
2. Әбуев Қазақстан тарихының Ақтаңдақ беттерінен. А, 2004.
3. Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі (Замана асуы). 1-кітап, А -1998
4. Қозыбаев М.К.«Өркениет және ұлт». А, 2001
5. Қойгелдиев, Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді.А,1997.
6. Омарбеков Т. 20 –30 жылдарғы Қазақстан қасіреті. Алматы, «Самат», 1997.
7. Омарбеков Т. Зобалық : күштеп ұжымдастыруға қарсылық: 1929 –31 жылдары болған халық наразылығы.-Алматы:«Самат», 1994.
8. Т.Омарбеков XX- ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстан. А., 1997 ж.
9. Т.Омарбеков XX- ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. А., 2001 ж.
10. Рустемов М. Созақ қасіреті. Тарихи-деректі ақиқат. –Шымкент,1993
6) Қорытынды сұрақтары:
1. Қазақстандағы индустриализациялаудың ерекшеліктері қандай?
2. Қазақстанда күштеп ұжымдастырудың нәтижелері қандай?
3. 1931-1933 жж. ашаршылық пен құғын-сүргін саясатының нәтижесінде Қазақстандағы демографиялық ахуал қандай болды?
4. Қазақстанда мәдени құрылыстың ерекшелігі неде?
5. Көшпенділерді отырықшылыққа көшірудегі экономикалық және саяси мақсаттарын атаңыз?
6. Халық біліміне сипаттама беріңіз?



1) Тақырып №11. Қазақстан 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы кезеңінде және соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953жж).
2) Мақсаты: Ұлы Отан соғысында Қазақстанның майдан арсеналы ретінде ролін, қазақстандықтардың тыл жұмыстарында және шайқастардағы ерліктерін көрсету
3) Дәріс тезистері
1941 жылы 22 -маусымда фашистік Германияның әскерлері Кеңестер Одағына басып кірді. Төрт жылға созылған Ұлы Отан соғысы Кеңестер Одағы үшін бұрын соңды бастан кешкен барлық соғыстардың ішіндегі ең ауыры болды. Соғыс елді біртұтас жауынгерлік лагерьге айналдыруды, бүкіл экономикамен кеңес халқынын күш -жігерін майдан мүддесіне, жауды жеңу мақсатына жұмылдыруды мақсат етті. Қазақстан еңбекшілері бұл мақсатты толығымен қолдады. Сөйтіп, халық азаттық соғысына бір кісідей көтерілді. Ұлы Отан соғысы басталған алғашқы күндері өткен жиындарда олар Отан алдындағы парызын орындауға әзір екендіктерін білдірді. Қызыл Армияның қатарына өз еріктерімен баратындықтары туралы қалалық және аудандық әскери коммисарияттарға мыңдаған арыздар түсіп жатты. Жас жігіттер мен қыздар, аға буын өкілдері қолдарына қару алып, майданға аттануға тілек білдірді.
Соғыстың алғашқы күндерінде-ақ Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы жасақталды. Оның командирі болып азамат соғысына қатысушы генерал И.В.Панфилов тағайындалды. Соғыстың бастапқы үш айының ішінде Қазақстанда 238, 310, 314, 387 және 391-атқыштар дивизиясы құрылды. 1941 жылдың аяғына дейін мұнда тағы бір дивизия, үш бригада жасақталды. Соғыс кезінде небары Республикада 12 атқыштар, 4 атты әскер дивизиясы, жиырмадан аса атқыштар және атты әскер бригадалары, әуе күштерінің, зеңбірекшілердің полктері, әр түрлі соғыс саласының ондаған батальондары құрылды. Республика адам күштерімен тек қазақстандық құрамалар бөлімшелердің ғана емес, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жердегі басқа да құрамалар мен бөлімдерді толықтырып отырды.. Қарулы күштер мен еңбек армиясының қатарына барлығы 1,8 млн. Қазақстандықтар қатысты. Республика майданға 14,1 мың жүк және жеңіл автомашина, 1,5 мың трактор, 110,4 мың жылқы және 16,2 мың арба жіберді. Қазақстан офицер кадрларын және армия мен флот үшін резерв даярлау ісіне лайықты үлес қосты. 1941 - 1945 жж. әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандықтар жіберілді, республика жерінде тұрған 27 әскери оқу орны 16 мыңдай офицер даярлап шығарды.
Ұлы Отан соғысының даңқты тарихының беттеріне жазылған қазақстандықтардың ерлігі аз болған жоқ. Еліміздің басқа да халықтарының ұл -қыздарымен қатар біздің республиканың жастары да жаумен Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі майдан шептерінде ерлікпен шайқасты. Қазақстандықтар соғыстың алғашқы күндерінен бастап басқыншылармен кескілескен ұрыс жүргізді. Даңқты Брест қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, Ш. Шолтаров, Е. Качанов, В. Фурсов, т.б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. Ұлы Отан соғысының алғашқы айларында қазақстандықтар Лиепая, Перемышль, Саарема аралы, Минск, Одесса, Бельцы, Шауляй, Севастополь және т.б. қалалар үшін шайқасты. Әсіресе 1941 жылғы қараша, желтоқсан айларында Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың даңқы шықты. Республикада жасақталған 316-атқыштар дивизиясына астанаға апаратын негізгі өзекті жолдардың бірі -Волоколамск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда майор Бауыржан Момышұлы басқарған 1073-атқыштар дивизиясы жау шабуылына дивизияның басқа бөлімдерімен бірге ерлік пен тойтарыс берді. Б. Момышұлына 1990 жылы Совет Одағының Батыры атағы берілді. Қысқа мерзім ішінде бұл дивизияның жауынгерлері бір танк және екі жаяу әскер дивизиясын талқандады. 316- дивизияның жоғары қаһармандық қабілетін қамтамасыз етуге оның коммандирі И. В. Панфилов зор еңбек сіңірді.
Дубосеково разъезы түбінде 28 - панфиловшы жауынгерлер жаудың 50 - танкісінің шабуылына қарсы тұрды. Саяси жетекші В.Г Клочковтың жауынгерлерді ерлікке жігерлендіріп: «Ресей жері кең байтақ, бірақ шегінерге жол жоқ артымызда – Мәскеу!» - деген сөздері бүкіл майданға тарап кетті. 28 - жауынгер - қазақтар, орыстар, украиндар, қырғыздар - төрт
сағат бойы өршелене жасалған жау танктерінің тынымсыз шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік, қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай- ақ Мәскеуді қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Ғабдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров, Р. Аманкелдиев өздерінің ерліктерімен мәңгі өшпес із қалдырды. 316 - дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған құрметті ұлан ордені атағы берілді. Мәскеу түбіндегі ұлы шайқасқа панфиловшылардан басқа Қазақстанда жасақталған 312, 238, 391, 39, 387 -ші атқыштар дивизиялары, 74, 75 - ші теңіз флот бригадалары қатысты.
Гитлершіл басқыншылардың Мәскеу түбінде талқандалуы жау әскерінің рухын түсірді. Гитлердің қауырт соғыс жоспары біржолата күйреп, неміс - фашист армиясының жеңілмейтіндігі жөніндегі аңыз адыра қалды.
Қазақстанда құралған басқа дивизиялар, бригадалар мен полктер Ұлы Отан соғысы майдандарына 1942 жылы кіргізілді. Бұл кезде Ақтөбеде 312 -дивизия Малоярославль түбінде жаудың үш - төрт дивизиясына қарсы бір жеті бойы қасарысқан қорғаныс шебін ұстап тұрды.
Ұлы Отан соғысы барысында Сталинград шайқасы бетбұрыс кезеңі болды. Бұл сұрапыл шайқасқа қатысқан құрамалардың арасында Қазақстанда жасақталған 38- атқыштар дивизиясы бар еді. 1942 жылы қарашаның аяғы - желтоқсанның басында бұл дивизия Костельниково қаласын алуға, сөйтіп Сталинград қаласында қоршауда қалған Паулюстің армиясын босату үшін әрекет жасаған неміс- фашист әскерлеріне қарсы шайқастарға қатысты. Сондай - ақ Орал қаласында жасақталған 152 - ші атқыштар бригадасының батальондары Элиста- Астрахань жолы арқылы Еділ өзенінің төменгі сағасына өтуге тырысқан неміс, румын әскерлерінің жолын бөгеді. Қызыл әскер бөлімдерімен шайқаста көптеген шығындарға ұшыраған неміс -фашист әскерлері Астраханға шабул жасауға тырысқан әрекеттерінен бас тартты.
Қазақстандық жауынгерлер тек Сталинград түбінде ғана емес, сонымен қатар Курск иінінде, Днепр, Ленинград үшін шайқастарда жанқиярлықпен соғысты. Ленинград қоршауындағы әскери бөлімдерде қызмет еткен жауынгерлердің арасында Д. Шыныбековтың, алысқа ататын зеңбірекке бекітілген аэростат командирі С. Жылқышиевтің есімдері мақтанышпен аталды. 1942 жылғы шайқастардың бірінде Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала ауданының түлегі Арыстан Ахметов өз есімін өшпес даңққа бөледі. Ол 19 жауынгермен әскери маңызы бар бір төбені жаудан қорғап, соңғы адамы қалғанша соғысты. Жаралы болып ес - түссіз жау қолына түскен одан жау солдаттары әскери мағлұмат алмақ болып азапқа салды. Тістерін сындырып, құлағын кесті. Осындай азапта жау офицерінің бетіне түкіріп, қайсарлық пен қаһармандық үлгісін көрсеткен. А.Ахметовты қанішерлер үстіне жанармай құйып өртеп жіберді. Батыр жігіт жау алдында сес бермей, өмірден өтті. Елге оның ерлігі туралы хабар майдангер жазушы Павел Кузнецовтын очерктері арқылы жетті.
Қуатты жарылғыш минамен тау танкісінің астына түскен Қарсыбай Сыпатаев, жаудың пулеметтен оқ шашып тұрған взвотының аузын өз кеудесімен жапқан Ленинград қорғаушысы Сұлтан Баймағамбетов қазақ жауынгерлерін ерлікке рухтандырды.
Соңғы жылдарға дейін тарихи оқулықтарда қазақ ұшқышы Кеңестер Одағының батыры Нүркен Әбдіровтің ерлігі жөнінде, атақты ұшқыш капитан Н.Гастеллоның отқа оранған ұшағын жаудың танк колоннасының үстіне шүйілдіре құлатып, тас - талқан еткен көзсіз ерлігін қайталаушы адам ретінде жазылып келді. Нүркен де 1942 жылы 19 желтоқсанда Ростов облысы Боков— Пономаревка ауданында жау оғы тиіп, жана бастаған өзінің «Ил - 12» ұшағын неміс танктерінің шоғырланған қалғың ортасына бағыттап, оларды көп шығынға ұшыратып, қаза тапқан. Бұл ерен ерлікті соғыстың алғашкы 5 - ші күні капитан Масловтың экипажының құрамында қазақ ұшқышы, Алматы облысы Балқаш ауданының түлегі Бақтыораз Бейсекбаев та жасаған еді. Бұл тарихи әділеттілік арада 56 жыл өткенде орнап, Б.Бейсекбаевқа Ресейдің батыры және Қазақстанның Халық Қаһарманы атағы берілді.
Сталинград түбіндегі жеңістен кейін 1943 жылдың жазында қызыл әскер бөлімдері бірнеше жүздеген шақырым ілгері жылжып, Белгогрод -Орел шебіне шықты. Мұнда сол жылдың шілде айында Курск иінде орасан зор шайқас жүрді. Курск шайқасына қатысқан әскери бөлімдердің қатарында қазақстандық 72-ші және 8 -ші атқыштар дивизиялары да болды. 72 - ші дивизияның жауынгерлері Белгородтың оңтүстік - шығысына қарай өңірдегі неміс әскерлерінің шабуылына қарсы қорғаныс шебінде қимыл жасады. Сонымен бірге қазақстандық 8 - ші атқыштар дивизиясы да Орел -Курск иінінде жау әскерлерімен жойқын ұрыстар жүргізді. Сөйтіп, гитлершілердің бұл майдан шебінде шабуыл жасау әрекетінен ештене шықпады. 1943 жылы 5 тамызда Брянск майдандарының әскерлері Орел және Белгородты немістерден азат етті. Сол жылғы күзде 100-ші қазақ ұлттық атқыштар бригадасы Калинин майданындағы 3 - ші екпінді армия құрамында Невель қаласын азат ету операциясына қатысты. 1943 жылы 17 — ші қыркүйек 10 -қазан аралығында 101-ші қазақ ұлттық атқыштар бригадасы 4 -ші екпінді армия құрамында Демидова қаласы маңындағы жаудың бекінісін бұзып өтіп, Смоленск және Витевск облыстарының 158 селосы мен деревнясын жаудан тазартты. Батыс майдан әскерлерінің құрамында сондай -ақ қазақстандық 30-ші гвардиялық және 8-ші атқыштар дивизиялары да болды.
Курск иінідегі жеңістен кейін Қызыл армия бөлімдерінің кеңінен етек алған шабуылы барысында Днепр өзінен өтіп, туысқан Украин жерін азат ету айрықша орын алды. Укринаның ұлы өзенін кесіп өтудегі жанқиярлық ерлігі үшін 123 қазақстандық жауынгерлерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1944 жылдың басында Ресей Федерациясының солтүстік - батыс аудандарын азат етуге Ленинград майданы әскерлерінің құрамында қазақстандық 314 -ші атқыштар дивизиясы, 219 -шы атқыштар полкі белсенділік көрсетті. Волхов майданындағы басқа да құрамалармен бірлесе
қимыл жасай отырып, қазақстандық 31 -ші атқыштар дизиясы Новгородты жаудан босатты, сол үшін оған «Новгородтық дивизия» деген құрметті атақ берілді. 2 -Прибалтика майданы құрамында жауға қарсы шабуылға сондай -ақ 319 -ші атқыштар, 8 -ші және 30 -шы гвардиялық атқыштар дивизиялары мен 756 -шы атқыштар полкі қатысты.
1944 жылдың күзі - 1945 жылдың көктемінде қазақстандықтар Еуропа халықтарын немістік езгіден азат ету ісіне де үлкен үлес қосты. Орталық және Оңтүстік - Шығыс Еуропа елдерін азат ету жорығында ерекше көзге түскен Қызыл Армия бөлімшелері мен құрамдары арасында қазақстандық 72 ші және 73 - ші гвардиялық атқыштар дивизиялары ерлікпен шайқасты. Варшава - Берлин бағытында I - ші Белорус майданының құрамында 27 -ші Қызыл Тулы Новгородтық гвардиялық атқыштар дивизиясы шабуылға шығып, 1945 жылғы 23 ақпанда Познань қаласын азат етті. Фашистік Германияның мызғымас қамалы Померанияда қазақстандық 456 - шы және 209 - шы атқыштар, 173 - ші артиллерия полктері шайқасты. 1945 жылдың 16 сәуірінен бастап - 2 мамырға дейін қазақстандық жауынгерлер Германияның астанасы Берлинді алуға қатысты. Лейтенант Рахымжан Қошқарбаев қатардағы жауынгер Булатовпен бірге алғашқылардың бірі болып, Рейхстаг қабырғасына қызыл жалау тікті.
Соғыс аяқталар кезінде сақталған барлық қазақстандық 12 дивизия құрметті әскери атаққа ие болды. Олардың бесеуі Кеңестер Одағының орденімен бір рет, төртеуі екі рет, екеуі үш рет марапатталды. Бес дивизияға Кеңестер Одағының ең жоғарғы құрметті әскери белгісі - гвардиялық дивизия атағы берілді.
Қазақстандықтар партизандық қозғалысқа белсене қатысты. Толық емес мәліметтерге қарағанда, Украинаның партизандық құрамалары мен отрядтарында - 1500, Ленинград облысында - 220, Смоленск жерінде - 270-тен астам қазақ жігіттері соғысқан. Белоруссияның әртүрлі аудандарында әрекет еткен 65 партизандық бригадалар мен отрядтарда 1500 -ден аса қазақстандықтар болған. Партизан қозғалысына қатысқан даңқты қазақ жігіттері Г.Ахмедьяров, Қ.Омаров, А.Жұмағалиев, З.Хұсайынов, Б.Оразбаев, Қ. Қайсенов, Ә.Шәріпов, Т.Жанкелдин, Ж.Саин, т.б. есімдері бүгінде зор құрметке ие болып отыр.
Қазақстан жауынгерлері соғыстың Қиыр Шығыстағы соңғы ошағын жоюға да белсене қатысты. 1945 жылғы 9 тамызда 52-ші шекаралық отрядтың капитан Г.А.Голубев басқарған тобы Аргуни өзенінің жағасында болған шайқаста 20 жапон солдатын құртып, 4 солдатын тұтқынға алып, әскер бөлімдеріне жол ашты. Келесі күні 150 -ші пулемет батальонының жауынгері Л.Г.Кравченко « Лесной » деген жерде жау дзотының аузын денесімен жауып жолдастарының өмірін сақтап қалуды қамтамасыз етті. 165 -ші атқыштар полкінің командирі Н.Д.Құрманов Оңтүстік Сахалинде жапондардың қорғыныс шебін талқандауды ұйымдастырып, Харамитог бекініс ауданының 7 дзоты мен 198 атыс ұяларын басып алуға жағдай жасады. Сөйтіп, кеңес әскерлерінің кұрамындағы Қазақстан жауынгерлерінің ерлігі Жапонияның квантун армиясын 15-20 күн ішінде талқандауын және тізе бүктіруін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарды.
Ұлы Отан соғысы майдандарында көрсеткен ерліктері үшін 96638 қазақстандықтар Кеңес Одағының орден, медальдарымен наградталды. 500-ге жуық қазақстандықтарға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Солардың қатырында Кеңестік Шығыстың қос қарлығашы - Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова бар. Кеңес Одағының Батыры атағы ұшқыштар Т.Бигелдинов, Л.И.Беда, И.Ф. Павлов, С.Д.Луганскийге екі реттен берілді. 110 қазақстандықтарДаңқ орденінің үш дәрежесіне ие болды. Соғыс Қазақстан үшін өте қымбатқа түсті. Ұлы Отан соғысында 603-мыңдай Қазақстан азаматтары ерлікпен қаза тапты.
1941 жылдың екінші жартысында републикаға барлығы 142 кәсіпорын көшіріліп әкелінді. Тек Алматының өзінде 34 зауыттың, фабрика мен цехтың жабдықтары орналастырылды. Олардың ішінде Луганск паровоз жасау зауытының бір бөлігі, Харьков вагон жөндеу зауыты және басқалар бар. Сондай-ақ жеңіл және 14 тоқыма өнеркәсіп орнының жабдықтары келді. Украинадан әкелінген үш фабрика негізінде Семей аяқ киім фабрикасы құрылды.
Майдан шебінен көшіп келген кәсіпорындарды орналастыруға республикада 2300 мың шаршы метр өндіріс аудандары босатылды. Кәсіпорындармен бірге келген адамдарды Қазақстан еңбекшілері жақын бауырындай қабылдап, қамқорлық көрсетіп, тұрғын үймен, басқа да қажет нәрселермен қамтамасыз етті.
Республикаға 1,1 млн. астам адам көшіріліп әкелінді. Қазақстан өнеркәсібінде 1940 жылы 158 мың адам жұмыс істесе, 1945 жылы 255 мың жұмысшыға дейін жетті. Олар соғыс жылдарындағы қысылтаяң кездің қиындықтарын жеңе отырып, еңбекте жаппай ерлік көрсетті. Қазақстанды майданның сенімді тірегіне, елдің ең негізгі әскери -өнеркәсіп ошағына айналдырды. Мұның өзі жалпы одақтық экономиканың, өндірістің бар саласында да, сол сияқты жаңадан құрылған саласында да, оның үлесін арттыруды талап етті. Оған Батыс аудандардан соғыс кезінде көшіріліп келген 220-дан астам кәсіпорындарды қатарға қосудың үлкен маңызы болды. Қазақстанда 1943 жылы қорғаныстық маңызы бар ондаған кәсіпорындар іске қосылды, бұрыннан істеп тұрған кәсіпорындар өнім өндіруді арттырды. Мәселен, сол жылы республикадағы қара металлургия өндірісінің тұңғышы Ақтөбе ферросплав зауыты іске қосылып, өнім шығара бастады. Ақтөбе химия комбинаты бор, фосфор қышқылдарын, сода шығаруды жолға қойды. Шымкент дәрі-дәрмек жасау зауыты шөптен дәрі жасауды игерді. Теміртауда Қарағанды металлургия комбинатын салу қолға алынды. Машина жасау зауыттары Алматыда, Шымкентте, Қарағандыда іске қосылды. Жаңа рудниктер мен байыту фабрикалары салынып, мыс, қалайы, күміс, алтын шығару зауыттары күшейді. Түсті металл шығару өсті. Тамақ өнеркәсібінің: Шымкентте жеміс-жидек консерві комбинаты, Алматы, Қарағандыда кондитер фабрикалары, Петропавлда темекі фабрикасы пайдалануға берілді.
1944 жылы Текелідегі қорғасын-мыс комбинатының бірінші кезегі, Өскемен мыс зауыты іске қосылды. Республикада қара металлургия, мұнай өңдеу өнеркәсібі қалыптасты. Ертісте халықтық құрылыс Өскемен ГЭС-і салынып бітті.
Соғыс жылдары Қарағанды көміршілері Сібір, Орал, Повольже өнеркәсіп аудандары жоғары сапалы кокстелген көмірмен жабдықтап тұрды. Жер астында жұмыс істеген лавалардың саны 1941 -1945 ж.ж 63 -тен 158 - ге дейін өсті. 19 жаңа шахта мен 3 көмір резерві іске қосылды. Шын мәнінде тағы бір жер асты Қарағандысы пайда болды. Соғыс жылдары Қарағанды көмір алқабында 34 млн. тонна көмір шығарылды., бұл соғысқа дейінгі бассейінде шығарылған көмірден 3 млн. тонна артық деген сөз. Мұнай кәсіпшілігінің қуаты артты. Қошқар, Комсомольск, Жолдыбай мұнайшылығы іске қосылды. Соғыстың соңғы үш жылында Қазақстан 2472,2 мың тонна сапалы мұнай өндірді. 1943 ж мамырда Қарағандыға жақын жерде металлургия зауытының құрылысы басталды, оның қорғаныс өнеркәсіп үшін маңызы зор болды. Бұл кезде сондай - ақ Қаратау комбинатының құрылысы тоқтамастан жүріп жатты. Алматы ауыр машина жасау зауыты өндірістік қуатын арттыра түсті. Ол жұмыс істей бастаған 1942 ж өзінде - ақ өнім өндіруді 2,2 есе арттырды. Шымкент пресс автомат және Көкшетау механикалық зауыттары өнім шығаруды едәуір ұлғайтты. Кенді Алтай мен Орталық Қазақстандағы Балхаш, Жезқазған, Қарсақпай кәсіп орындарында қорғасын және вольфрам рудаларын өндіру және байыту жөніндегі жаңа қуаттар іске қосылды. Қазақстан вольфрам мен қалайы өндіретін негізгі базаға айналды. Марганец пен хромит өндіру арта түсті.
Соғыс кезінде Қазақстан өнеркәсіп потенциалының күрт артуы электр қуатын көп тұтынуды қажет етті. 1941 - жылғы қаңтардан 1945 - жылғы қаңтарға дейінгі аралықта Қазақстан электр энергиясын өндірудегі Одақ бойынша үлес салмағы 1,31 - ден 2,67 - пайызға дейін өсті. Соғыс кезінде барлығы 460 зауыт, фабрика, кеніш, шахта және басқа өндіріс салынды.
Өнеркәсіптің өсу қаркыны артуы нәтижесінде оның республика халық шаруашылығындағы үлес салмағы 60 пайыздан 945 жылы 66 пайызға дейін өсті. Тек руда мен мұнай өнімдерін тасымалдау екі есе артты. Қазақстан өнеркәсібінің соғыс жылдарындағы жеңіске қосқан үлесі Кеңес халқының ауыр күндеріндегі сүйеніш, тірегі болғандығын қазақ халқы орынды мақтан етеді.
Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанның темір жол транспорты майдан мен тыл қажеттерін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарды. 1943 жылы темір жолда әскери жағдай енгізіліп, әскер тәртібіне көшу темір жол арқылы жүк, шикізат тасуды жақсартты. Ескі жолдарда поездардың өтуі жиіледі. Темір жолдағы жұмыстың көбін әйелдер атқарды. Олар темір жолшылардың 35 пайызын қамтыды. Республикада көптеген өнеркәсіп орындарының іске қосылуына байланысты темір жолдың жаңа желісін салу жұмыстары қарқынмен жүргізілді. Ақмола - Қарталы, Гурьев - Қандағаш, Орск - Қандағаш темір жолдары іске қосылды. Бұлардан басқа жергілікті маңызы бар Жамбыл - Шолақтау, Талдықорған - Текелі, Лепсі - Андреевка, Ағадыр - Ақтау, Састөбе - Келтемашат темір жол желілері салынды. Жалпы темір жолдың ұзындығы 1940 жылы 6581 шақырымнан 8200 шақырымға дейін өсті.
Қазақстанның колхозшы шаруалары соғыстың жеңіспен аяқталуына қомақты үлес қосты. Село еңбекшілеріне көмекке қала тұрғындары келді. Республиканың колхоз - совхоздарында жыл сайын 300 мыңға жуық қала халқы еңбек етті. Жау басып алған аудандардан көшіп келген шаруалар еңбекте ерліктің үлгісін көрсетті. Солардың бірі - Батыс Қазақстан облысының Теректі МТС - інде істеген Украйнаның атақты тракторшысы -Паша Ангелинаның бригадасы. Оның берекелі бастамасы мен жергілікті механизаторлар тарапынан қызу қолдау тапты. Украйнаның даңқты қызылшашысы М.С. Демченко Жамбыл обылысы Талас өңірінде қант қызылшасын өңдеу әдістерін өндіріске енгізуде шынайы шеберлік танытты.
Қазақстан еңбекшілері тары өсірудің шебері - Шығанақ Берсиевті, атақты күрішшілер - Ыбырай Жақаев пен Ким Ман Сам сияқты үздік шыққан жаңашылдар мен астықтан мол өнім алудың майталмандары Мұнира Сатыбалдинаны, Анна Дацкованы, Нүрке Алпысбаеваларды және т.б орынды мақтан етті. Ақтөбе облысы Ойыл ауданының озат тары өсіруші Ш. Берсиев тарының қуаңшылыққа төзімді, жоғары өнімді, жергілікті ауа райына икемді сортын өсіріп шығарды. Ол 1942 жылы әр гектардан-175 ц, ал 1943 жылы-202 ц. өнім жинады. Қызылордалық күріш өндіруші Ы. Жақаев 1943 жылы әр гектардың өнімін 192 ц. жеткізді.
Жауды жеңуге республиканың оқыған зиялылары да өздерінің үлкен үлесін қосты. Олардың қатары еліміздің батыс аудандарынан уақытша көшіп келіп паналаған ғалым, жазушы, әртіс, ұстаз, дәрігерлермен т.б. толықтырылды.
Еліміздің шығыс аудандары мен Қазақстанның халық шаруашылығының түбегейлі мәселелерін зерттеп, соның негізінде жасалынған ұсыныстарды іске асыруға академик В.Л. Комаров бастаған КСРО Ғылым Академиясының және Қазақ бөлімшесі Президиумның төрағасы, көрнекті ғалым Қ.И Сәтбаев басқарған республиканың жүзден аса ғалымдары қатысты. Олар қазба байлықтың көптеген жаңа орындарын ашты, олардың майдан мүддесі үшін тез игерілуіне үлес қосты. Ғалымдар, жоғары оқу орындарының ұстаздары, мектеп мұғалімдері және тағы басқалары халық арасындағы идеялық-тәрбие беру саласында үлкен жұмыс жүргізді. Денсаулық сақтау қызметкерлері қажырлықпен еңбек етті. Соның арқасында емханаларда емделуде болған жаралы жауынгерлердің жетпіс пайыздан астамы қайтадан қатарға қосылды. Соғыс кезінде 118 техникумнан 92-сі сақталды, онда оқитын оқушылар саны тек 389 адамға ғана қысқартылды. 1944 ж. жаңадан 5 институт қосылды. Олар: Алматы шетел тілдері, Шымкент технологиялық, Қазақ дене тәрбие институттары, Алматы консерваториясы, Қазақ педагогикалық қыздар институты. Республика жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің саны 1941 ж. 10,4 мыңнан 1945 жылы 15 мыңға дейін өсті. Қазақстанның бүкіл экономикасы мен адам күшін Ұлы Отан соғысы майдандарының талаптарына сай жан-жақты жұмылдыруда республика партия, кеңес және шаруашылық орындары үлкен айтуға тұрарлық ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырды. Соғыс жылдары республика басшылары Н.А Скворцов, Н. Оңдасынов, Ә. Қазақбаев, Ж. Шаяхметов және басқалары соғыстың қиын қыстау жағдайында әскери - мобилизациялық жұмыстарын жүргізді. Олар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық өмірінің барлық салаларына басшылық етуде өздерінің жоғары ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсете білді.
Қорытып айтқанда, соғыстан кейінгі жылдары Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде, оның мәдени дамуында сталиндік тоталитарлық жүйенің үстемдігі нәтижесінде көптеген қарама-қарсылықтар, елеулі көлеңкелі жақтар орын алды. Мұның өзі республикадағы демократиялық қатынастардың тежелуіне, қазақтың ұлттық мәдениетінің одан ары дамуына үлкен зардаптарын тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет