Курсы: 3 Семестр: 5,6



бет7/20
Дата14.10.2023
өлшемі214,02 Kb.
#114791
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
Психология-негіздері-МІ-2-курс

№5- сабақ.

1. Сабақтың тақырыбы: Емделушінің ауруға реакциясы, олардың типтері және маңызы
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты: Ем нәтижелі және тиімді болу үшін медициналық қызметкер науқастың мінез-құлқын, оның дертіне ,психологиялық реакциясына негізделе отырып, емдеу процессіне адамның өін тартып қатыстырып отырса жоғары нәтижеге жетуі мүмкіншілігі бар екені мәлім.
*оқыту: Білімді қалыптастыру (тың мәліметтер беру, білімді қалыптастыру).
*тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру
*дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту.
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары, сөзжұмбақтар.
б) оқыту орны: дәріс аудиториясы
6. Әдебиеттер:
1.Кулимова Л.Т. Коммуникация негіздері.
2.Көбекова Ж.С. Психология негіздері.
3. Илешова Р. Медициналық психология.
1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.
7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
1. Коммуникативтік үрдістердің маңызды жақтарын ата
2. Мед қызметкердің басқалармен қарым қатынасы.
3. Мед қызметкердің мүмкіндігі.
8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)
Кіріспе.
мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.

Медициналық қызметткер әр адамның психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың дертке реакциясын, әрқашанда назарынан тыс қалдырмау қажет. Ем нәтижелі және тиімді болу үшін медициналық қызметкер науқастың мінез-құлқын, оның дертіне ,психологиялық реакциясына негізделе отырып, емдеу процессіне адамның өін тартып қатыстырып отырса жоғары нәтижеге жетуі мүмкіншілігі бар екені мәлім. Тұлғаның ерекшеліктеріне өмірдегі және әлеуметтік орнына, жағдайына байланысты әр ауру адам сырқатына түрлі көқараста болуы мүмкін. Көптеген зерттеулердің нәтижесінде ауру адамның өз дертіне қатысы,( реакциясы) келесі түрде болатыны анықталған: Гармониялық, эргопартиялық, нозофобты, назофильді, апатиялық, пароноялдық, невростениялық, эфориялық, эготцентриялдық, анозогнозиялық, сенсетивтік.
Дерт адамның жанұясына, әлеуметтік жағдайына , көңіл -күйіне, яғни өміріне де үлкен әсер етеді. Әсіресе күрделі және асқынған ауруларда обыр, ауруында, мүшелері алынған операциялардан кейін адам өмірі күрт өзгеріп жұмысқа қабілеті болмай мүгедектікке ұшырайды.
Ауруға деген науқас реакциясының бірінші негізгі түрлері байқалады. Олардың бейімдеушілік қабілетін медициналық қызметкердің бағалауымен сипаттайды. Науқастың ауруға қатынасының келесі үш бағытқа бөлуге болады.
Хәл-жағдайына және шағымдарына қатынасы;
Емдеуге және медициналық қызметкеріне қарым-қатынасы;
Әлеуметтік ортаға қарым-қатынасы.
Гармониялық - өзінің хәл-жағдайын адекватты , қалыпты түсінетін және барлық жағдайды жамандық жағына қарамай, бірақ қуаныш сезімінсіз бағалайды, емдеуге белсенді түрде қатысады. Науқас басқа дамдарға өзінің салмағын түсіргісі келмейді. Егер дерттің жағымсыз болжауы( прогнозы) болса ,мүгедекке ұшыраса, өз күш-қайратын жақындарына көмектесуге өз шамасына, денсаулығыға қарай ,өмірде өз орнын табуға тырысады.
Эргопатиялық-науқастың аурудан алшақтау үшін жүмысқа берілуі мен сипатталады. Типті дерттің ауырлық дәрежесінде де науқас өз жұмысын әрі қарай атқарады. Онда өте жоғары жауапкершілік, жұмысқа деген құштарлық болады. Науқастың бұндай көзқарасының себебі-өзінің профессиналдық статусына сақатауы мен және белсенді жұмыс қызметін әрі қарай жалғасытыруға құшталығымен сипатталады.
Назофильді –адам ауруым бар деген жоғары құнды идеялар пайда болады, сол себептен ауруды емдеумен және өзін-өзі емдеу туралы елестетулер пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет