Курсы: 3 Семестр: 5,6


Мәдени өзгешелігі бар науқастармен жүмыс жасауда не нәрсеге басты көңіл бөлу керек



бет14/20
Дата28.10.2022
өлшемі214,02 Kb.
#45991
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Байланысты:
Психология-негіздері-МІ-2-курс

Мәдени өзгешелігі бар науқастармен жүмыс жасауда не нәрсеге басты көңіл бөлу керек
Мәдени ерекшелігі өзгешс науқастармен жұмыс жасауда коммуникацияның мына компонеттерін ескеру маңызды:
Сөздік емес тәсілдер:

  • белгілер

  • дене контактісі

  • кеңістіктегі жақындық

  • дененің қалпы

  • сыртқы келбет

  • мимика мен жест

  • көз контактісі

  • функциялар

  • сезімдердің корінуі

  • тұлға аралық қарым-қатынастағы ұстаным

  • өзіңе қатысты ұстаным әлеуметтік интеракцияны басқару

Паравербальды тәсілдер

  • интонация

  • дауыс тембрі

  • акцент

  • дауыс ырғағының күші

  • дауыстың үйлесімділігі

Мәдениет аралық контактіде кандай сөздік емес сигналдарды ескеру қажет
Сөздік емес коммуникация адамдар қарым-қатынасының біршама ежелгі формасы болып табылды. Сөздік емес тәсілдер мен сөздік тәсілдердің арасында біршама артықшылық бар екенін айтып өтелік. Оларға: эмоциональды көркемділік, оларды тікелей қабылдау мүмкіндігі. Кейбір сөздік емес коммуникацияның нормалары индивидтің белгілі-бір ортаға деген әлеуметтенуі барысында калыпасады. Бір гана жест немесе ым-ишара түрлі мәдени ортада, әр түрлі мағынаны білдіруі мүмкін. Мәселен, қолды ары-бері сермеу орыс мәдениетінде сәлемдесуді білдірсе, Солтүстік Америкада бұл қоштасудың белгісі, ал Орталык Америкада немесе Африкада мұндай ишара арқылы көлік тоқтатып немесе біреуді өзіңе шақырып ала аласың. Ишараның әнгімені бастау немесе аяқтауды білдіретін рөлі кеңінен танымал. Сөздік емес мәдениет аралык қарым-қатынаста окулистика маңызды орын алады. Окулистика дегеніміз- коммуникативтік барыста көзбен контакт жасау, көзді қозғалту. Шығыс мәдениетіне қарағанда, Батыс мәдениетінде көзге тіке қарау коммуникация кезінде маңызды болып есептелінеді. Егер, әңгіме барысында адам өзінің сұхбаттасушысына карамаса, онда оны шынайы емес, сенім білдіруге болмайтын адам деп кабылдайды. АҚШ-та визуалды контакт адамдар арасындағы сенімділікті арттыруға көмектеседі. Дегенмен, сөздік емес тәсілдердің аймақтық ерекшеліктері де бар. Ағылшындар сөйлеушіге бір нүктені белгілеп алып қарайды. Солтүстік американдықтар сөйлеушінің бір көзінен ауысып, тіпті басқа жаққа қарап кетуі де мүмкін. Кейбір Азия мәдениетінде әйелдердің ер адам көзіне, әсіресе бөген таныс емес еркектерге қарауына тыйым салынады. Арабтар тіке көзгс қарауды жөн көрсе, жапондықтар адамның көзіне емес тамағына (мойынына) қарайды екен. Түрік халқы құрмет көрсету кезінде көзін темен салады. Ал камбоджиялықтар басқа адамның көзқарасын оның ішкі әлеміне, жан дүниесіне қол суғу, намысқа тию деп қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет