5.Әдебиеттер: №1 қосымша ақпаратты қараңыздар.
6.Бақылау сұрақтары: 1. Эндокрин бездері қызметінің бұзылуының негізгі патогенетикалық жолдары қандай?
2. Эндокрин бездері қызметінің реттелуінің трансгипофиздік және парагипофиздік түрлерінің айырмашылығы неде?
3. Рилизинг фактор дегеніміз не?
4. Парагипофиздік реттелу түрі қай бездерге тән?
Дәріс №5 1.Тақырыбы: Жүйке жүйесінің патологиясы
2.Мақсаты: жүйке жүйесі патологиясының пайда болу себептері мен даму механизмдерін түсіндіру.
3. Дәріс тезистері Жүйке жүйесі қызметінің зақымдалуы мен бұзылуына алып келетін себептер: эндогенді және экзогенді болуы мүмкін.
Экзогендік ықпалдарға биологиялық қоздырғыштар: вирустар(құтыру, полиомиелит); микробтар(лепра); өсімдік улары(стрихнин, кураре); микробтық улар(ботулизмдік, сіресулік); спирттер(этил, метил); улы химикаттар(хлорофос); басқа да уландырғыш заттар. Адам үшін арнайы патогендік ықпал – сөз болып табылады.
Эндогендік ықпалдар біріншілік және екіншілік болып бөлінеді. Біріншілік эндогендік ықпалдарға нейрондардың генетикалық және хромосомдық аппаратының бұзылуы, яғни , жүйке жүйесінің тұқым қуалайтын аурулары(Даун ауруы), ОЖЖ түрлі бөліктеріндегі қан айналымның бұзылуы, ишемия жатады. Екіншілік ықпалдарға біріншілік агенттердің зақмдауы әсерінен жүйке жүйесінің өзінде болатын бұзылыстар жатады. Бұлар нейрондардың өзгеруі, нейромедиаторлардың рецепциясы жіне бөлінуінің өзгеруі, нейрон геномының жүре пайда болған бұзылысы, нейронаралық арақатынастың өзгеруі, қозудың патологиялық күшею генераторы(ҚПКГ) аталатын нейронның өзгеруі, патологиялық детерминант пен патологиялық жүйенің пайда болуы.
Жүйке жүйесінің патологиялық өзгерістері екі түрлі көрініс береді. Біріншісі - морфологиялық құрылымдардың, қызметтік байланыстардың және физиологиялық жүйелердің зақымдалуы мен бұзылуы. Екіншісі – ОЖЖ зақымдалған және зақымдалмаған түзілістерінің бір бірімен қосылып , патологиялық жүйені құрауы. Бұл патологиялық үрдістің даму механизмінің эндогендік түріне жатады.
ОЖЖ-не патогендік агенттің екі түсу жолы бар: қаннан(гематоэнцефалдық бөгет) және жүйке бағаналарынан(жүйке өскіндерінің ішіндегі нейроннан нейронға).
Жүйке жүйесінде басталған патологиялық үрдіс патогендің ықпалдыі ұзақ уақыт әсер етуіне байланысты одан әрі дами түседі. Мұның нәтижесі нейрондардың гиперактивтілігі, деструкциясы және өлуі болып саналады. Егер бұл процесс ОЖЖ-нің өмірге маңызды бөлімдеріне тараса, организм өлімге ұшырайды. Нейронның гиперактивтілігі дегеніміз нейронның қозуы мен тежелуі арасындағы баланстың бұзылуы(қозу процессі басым болады).
Жалғыз бір гиперактивті нейрон ОЖЖ-нің қызметін бұза алмайды. Ол үшін өте үлкен ағымдағы импульстер әсері болу керек. Мұндай қатты импульстар ағымын гиперактивті нейрондардың бірнеше топтары түзеді, олар ҚПГҚ(ГПУВ) құрайды – ол мөлшерден тыс импульстар ағымын тудыратын гиперактивті нейрондардың агрегаты болып табылады. ҚПГҚ-ның негізгі патогенетикалық мағынасы мынада: ол ОЖЖ-дегі өзі дамыған бөлігін гиперактивтендіреді, соның нәтижесінде бұл бөлік патологиялық жүйені қалыптастыратын патологиялық детерминант болып есептеледі. ҚПГҚ түрлі эндогендік және экзогендік ықпалдардан дамуы мүмкін, олар тежелу механизмінің бұзылуына(нейрондардың тежелуі немесе гиперактивтенуі) немесе тікелей нейрондардың гиперактивтенуіне алып келеді. ҚПГҚ-ның бастапқы сатыларында, яғни, тежелу механизмі әлі сақталған және нейрондардың қозғыштығы төмен кезінде ҚПГҚ күшейген стимулмен белсенеді. Соңғы сатыларында тежелу механизмінің жеткіліксіздігі артып, нейрондардың қозуы күшейген кезінде, ҚПГҚ түрлі ошақтардан түрлі стимулдармен белсенуі мүмкін. Бұл нейрондар үнемі белсенді болуы мүмкін.
Егер ОЖЖ-нің гиперактивтенген бөлігі ҚПГҚ әсерінен ОЖЖ-нің басқа түзілістеріне әсер етіп, оларды жаңа патодинамикалық құрылымға , яғни патологиялық жүйеге біріктіреді. ОЖЖ мұндай бөлігі патологиялық жүйе қызметінің сипатын анықтайды, сондықтан ол патологиялық детерминант деген атауға ие. ОЖЖ-нің кез келген түзілісі (бөлік, ядро, ядролар жиынтығы, жүйке орталығы) патологиялық детерминант болуы мүмкін. Патологиялық детерминанттың дамуы, патологиялық үрдістің ҚПГҚ-дан кейінгі сатысын білдіреді. Детерминантаның өзі патологиялық үрдістің дамуының эндогендік механизмі болып табылады. Патологиялық детерминантаға мысал ретінде бас миының қыртысындағы мықты эпилептикалық ошақты алуға болады. Мұндай ошақ эпилептикалық кешенді құрап қана қоймай, сонымен қатар, басқа да ошақ белсенділігін сипаттап, бүкіл кешенді бір жүйе ретінде біріктіреді.
4. Иллюстрациялық материалдар:
Дәрістік материалды презентациялау;
Сабақ тақырыбына байланысты плакаттар;
Кестелер мен сызбалар.
5.Әдебиеттер: №1 қосымша ақпаратты қараңыздар.
6.Бақылау сұрақтары: 1. Жүйке жүйесін қандай экзогендік ықпалдар зақымдайды?
2. Жүйке жүйесін қандай эндогендік ықпалдар зақымдайды?
3. Патогендік агенттер ОЖЖ-не қандай жолдар арқылы түседі?
4. ҚПГҚ дегеніміз не?