Кәсіпқоймұғалім өз пәнін жетік біліп қана қоймай, әрбір қатынасушының педагогикалық үдерістегі орнын білуі керек. Оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыра алуға қабілетті болып, оның нәтижелерін алдын-ала болжамдап көре білуі тиіс, болуы мүмкін ауытқушылық-тарды дер кезінде түзете алуы, яғни құзыретті тұлға болу керектігіне назар аударылады.
Жаңа тұрпатты мұғалім үш түрлі құзыреттілікке ие болуы тиіс: әдіснамалық,жалпымәдени,пәндік-бағыттылық.Педагогикалыққызметтіңшығармашылықбағытталуы,біріншіден, мұғалімге мамандығы үшін мәні бар күшті және әлсіз жақтарын (өзін-өзі тануын, эмоционалдық қалпын, коммуникативтік және дидактикалық қабілеттерін және т.б.) бағалай алуы; екіншіден, зияткерлік мәдениетін (ойлау, ес, қабылдау, зейін), мінез-құлық, қарым-қатынас, соның ішінде педагогикалық қарым-қатынасты меңгеруі; үшіншіден, қазіргі интеграциялық үдерістер, әлемдік білім берудің даму тенденцияларын бағдарлай алу сияқты мәселелерді қарастырумен байланысты.
Жаңа тұрпатты мұғалім ұғымының теориялық еңбектерде қарастырылу жайы, айтылған мәселелерді жүзеге асыру үшін жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды да қолданудың дидактикалық шарттары, ақпараттық технологияларды қолдану мазмұны сынды мәселелер өз шешімін табуды көздейді.
Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бойынша бакалавриаттың халықаралық бағдарламаларының құрылымы мен мазмұны үйлескен білім беру бағдарламалары жасалып, оқытудың кредиттік және қашықтықтан оқыту технологиялары жүзеге асады. Білім берудегі осындай өзгерістерге сәйкес жаңа тұрпатты мұғалім дәстүрлі оқыту формаларын ақпараттық-коммуникациялық, басқа да жаңашыл технологиялармен үйлестіріп жүргізе алуға қабілетті болуы керек деп есептеймін.
Қазіргі білімберу саласындағы басты міндет- білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын жаңашыл мұғалімдерді даярлау.
Жаңашылмұғалімдер«педагогикалыққызметтіңбарлықтүрлерінзерттеп,кез-келгенпедагогикалықжағдайдаөзініңбілімділігі,парасаттылығы,ақылдылығы,мәдениеттілігі,іскерлігі,шеберлігіарқасында шеше алатын, педагогикалық үдерістің нәтижесін жақсартуғаұмтылатын жаңашыл әрі шығармашылықпен жұмыс істей алатынжекетұлға болуы керек». Жаңа тұрпатты мұғалім ұғымын психологиялық-педагогикалық әдебиеттерден жаңа типті мұғалім, жаңа буын мұғалімі терминдері түрінде кездестіріледі. Жаңа тұрпатты мұғалім анықтамасы 2005 жылғы 18 тамызда жарияланған «ҚР жаңа тұрпатты мұғалім дайындаудың үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы» және «ҚР жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасында» бір мәселеге деген екі түрлі көзқарас көрсетілген. Екі тұжырымдама авторлары бір мәселені екі түрлішешуді ұсынады. Дегенмен, бұларда бірін-бірі қайталайтын тұстар да баршылық. Жаңа тұрпатты мұғалімдерге қойылатын талаптардың «Жоғары педагогикалық білім» және «Жоғары педагогикалық білім беру құрылымы» бөлімдерінде олар бір-бірін қайталаған. Егер бірінші тұжырымдама негативті факторлар ретінде «бірін-бірі жалғастырып жататын білім беру стандарттары мен бағдарлама-ларын құруға ғылыми негізделген ұстанымның болмауын» атаса, екінші тұжырымдама авторлары «стандарттардың, типтік оқу бағдарламаларының жетілдірілмегендігін…» атайды. Осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Сондықтан, осы екі тұжырымдама негізінде біреуін жасау қажеттігі сөзсіз.