Курсы мамандығы: «5B010300-Педагогика және психология»



бет23/60
Дата10.03.2023
өлшемі302,06 Kb.
#72891
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   60
Байланысты:
Айтжанова Роза Мукантаевна П. . к., профессор

Педагогика міндеттері:


    • тәрбиедегі, оқытудағы, тәрбие және білім беру жүйелерін басқарудағы заңдылықтарды ашу;

    • педагогикалық практиканы, тәжірибені зерттеу және қорыту;

    • білім берудің дамуын болжау;

    • зерттеу нәтижелерін педагогикалық практикаға енгізу.

Тәрбие туралы білімдер ең ежелгі болып саналады және олар қоғам дамуымен тығыз байланысты. Алғашқы адамдардың өздерінде бала тәрбиесі туралы білімдер болды және олар бір ұрпақтан екінші ұрпаққа салт-дәстүрлер, ойындар, тыйымдар, өмірлік ережелер түрінде беріліп отырды. Бұл білімдер сонымен қатар мақал-мәтелдерден, аңыздардан, ертегілерден және тағы басқа ауыз әдебиеті үлгілерінен өз көріністерін тапты және халықтық педагогиканың негізгі мазмұнын құрды. Халықтық педагогика пайда болу себебі тәрбиеге деген объективті әлеуметтік
қажеттілік. Ол - жинақталған әлеуметтік тәжірибені аға ұрпақтың жас ұрпаққа беруі қажеттілігі.
Педагогика ғылымының тәрбие туралы күнделікті тұрмыстық білімдерден айырмашылығы – тәрбие, білім беру облыстарындағы құбылыстар арасындағы себеп-салдар байланыстарын ашу. Оқыту мен тәрбие ықпалдары арқылы адам дамуында қандай өзгерістер жүреді және олар немен байланысты екендігін түсіндіреді.
Педагогика алғашқы кезде барлық ғылымдар сияқты философия аясында дамыды.
Ежелгі дүгенің дамыған елдері Қытайда, Египетте, Индияда, Грецияда тәрбие тәжірибелерін қорытудың, теориялық тұжырымдар құрудың алғашқы қадамдары жасалды.
Батыс Европа тәрбие жүйесінің негізі ежелгі грек философиясы болды
. Грек философтары адам, қоғам өмірінің барлық жақтары туралы білімдер жүйесін құрды. Олардан адам тәрбиесі мәселлелері де тыс қалған жоқ.
Грек философиясының көрнеті өкілдерінің бірі Демокриттің «Адам мен табиғат ұқсас. Тек тәрбие ғана адамдды түзейді, оның табиғатын құрады», «Жақсы адам табиғатынан емес (яғни адам жақсы не жаман болып тумайды), жаттығулар арқылы қалыптасады» деген сөздерінен оның адам қалыптасуындағы тәрбиенің маңызы туралы көзқарасын білуге болады. Ежелгі Грецияның ұлы ойшылдары Сократ, Аристотель, Платон еңбектерінен адам тәрбиесіне, тұлға қалыптасуына байланысты идеялар мен қағидаларды кездестіруге болады.
Педагогика жеке ғылым ретінде философиялық ғылымдар жүйесінен ХХVII ғасырда бөлініп шықты. Оған негізгі еңбек сіңірген ұлы чех педагогы Ян Амос Коменский. Оның белгілі еңбегі «Ұлы дидактикада» оқытудың негізгі теориялық мәселелері мен оны ұйымдастырудың жолдары қарастырылды. Өз еңбектерінде Я.А.Коменский тәрбие мәселелеріне де үлкен мән берді. Ол «Аналар мектебі» атты еңбегінде отбасы тәрбиесіне байланысты өз көзқарастарын жария етті.
Я.А.Коменскийдің ізімен батыс европа елдерінен педагогика ғылымына зор үлес қосқан ғалымдар шықты.
Ағылшын философы және педагогы Джон Локк өзінің «Тәрбие туралы ойлар» еңбегінде өзіне-өзі сенімді, білідлігі мен іскерлік қасиеттері ұштасып жатқан, адамгершілік сенімдер бар адам – джентльмен тәрбиесіне көп көңіл бөледі.
Француз ойшылы Жан Жак Руссо баланы таби5атынан дарынды деп таниды. Оның ойынша, тәрбие баладағы тума қасиеттердің дамуына кедергі болмай, оған толық еркінлік беріп, әрі оның қызығулары мен құмарлығына икемдеу.
Швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоцци педагогикада алғашқылардың бірі болып теория мен тәрбиелік іс-әрекет бірлігінің маңыздылығын көре білді. Оның «Лингард пен Гертруда» шығармасында тәрбиенің адамгершілікке негізделуі, балаларға сыйластық қатынас және
оларды мейірімділікке және қайырымдылыққа баулу туралы идеялары қарастырылды.
Педагогикадағы қарамақайшылыққа толы тұлғалардың бірі – Иганн Фридрих Гербарт. Ол оқыту психологиясы мен дидактика бойынша маңызыд теориялық тұжырымдар жасады. Атап айтсақ, сабқтың 4 звенолық моделі, тәрбиелеу оқыту, дамытушы жаттығулар жүйесі.
XIX ғасырда Ресейде педагогика ғылымының дамуына негізгі үлес қосқан К.Д.Ушинский.
Ұлттық педагогикалық теория мен практика мәселелері Ы.Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов және т.б. кемеңгер ағартушы-ғалымдардың еңбектерінен көрініс тапқан.
Ы.Алтынсаринның ағартушылық іс-әрекетінің үш бағытын айтуға болады: мектептер ашу, оқу-әдістемелік құралдар жасау және мұғалімдер даярлау.
Мағжан Жұмабаев – 1922 ж. «Педагогика» оқулығы.
А.Байтұрсыновтың 1912 жылы шыққан «Қазақша әліппе» кітабы халықты сауаттандырудың басты құралы. «Тіл жұмсар», «Ана тілінің әдісі»,
«Жалқылауды жалпылау» еңбектері қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізі болды.
Адамзат дамуы барысында білімдлік педагогиканың саласы ең ежелгілерден, әрі қоғам дамуынан ажырап көрген емес. Педагогикалық білім өсіп келе жатқан әулетті тұрмысқа дайындауға немесе тәрбиеге бағышталған адамзат іс-әрекетінің ерекше бір саласына кіреді. Педагогика жөнінде сөз болғанда әдетте, бұл термин оқу-тәрбие, адамды қалыптастыру түсініктерімен баламалас қолданылады. Ал, тәрбиенің өзі жас әулетті тұрмысқа дайындау құралы ретінде, адамзат қоғамының іргетасы қалануымен бірге пайда болды. Міне, осыдан бастап, адамзат қоғамның белгілі кезеңінде, дәлірек құл иеленуші дәуірдің аяғына таман, өндіріс пен ғылым едәуір дамыған шақта ерекше қоғамдық қызметке айналды, арнайы тәрбиелік мекемелер пайда болды, кәсіби мамандыққа балаларды оқытып, тәрбиелейтін адамдар шыға бастады. Тәрбиенің кең өріс алып күрделенуі тәрбие қызметімен байланысты теориялық білімдердің ерекше саласының қарқынды мен дамуына жол ашты. Қоғам мен табиғат жөніндегі біршама білімдер секілді тәрбиелік білім де философия аясында нақтыланып, зерттелді. Бұл жағдай ежелгі грек дүниесімен басталып, XI ғасырдың аяғына дейін сақталды.
Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым. Педагогика өзінің атауын гректің «paidagogas»(«пайд»- бала, «гогос»- жетектеймін) - баланы жетектеуші сөзінен алған. Ең алғашқысында бұл сөз құл қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылым ретінде қалды. Тәрбие-қоғамның кейінгі ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі. Адамзат есейген сайын,, мазмұны жағынан әлеуметтік тәжірибеде күрделене түседі. Сондықтан уақыт өткен сайын еңбектің қоғамдық бөлінісінде қоғамның
«тәрбиенің» қызметін жүзеге асырумен байланысты кәсіби іс-әрекет бөлініп
шықты. Өсіп келе жатқан балалардың әлеуметтік-тәжірибені игеруі үшін – делдал – ұстаз, мұғалім керек. Педагогика басқа ғылымдар сияқты, белгілі бір ақиқат саласындағы білімдерді жүйеге келтіреді. Ғылымдарды олардың нысанасы мен пәні бойынша ажыратуға болады. Нысана-ақиқатының нақтылы сол ғылым зерттеуге алатын саласы. Пән – бұл нақтылы ақиқаттың мәнін құрайтын негізі. Педагогика қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асырумен байланысты ғылым. Демек, педагогикалық іс-әрекет объективтік шындықтың барлық жақтары, педагогиканың нысанасы болады.
Ал педагогика пәні – индивидтің өткен ұрпақтарының әлеуметтік тәжірибені меңгеруі оқу және оқудан тыс уақыты бірлігіндегі біртұтас педагогикалық процесс болып табылады. Ұстаздар әлеуметтік тәжінрибенің мазмұны мен оқушылар арасындағы келістіруші делдал болып табылады, тұлғаның қалыптасуы олардың белсенді қайта өзгерткіш әрекетіне байланысты.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет