Курсы мамандығы: «5B010300-Педагогика және психология»



бет58/60
Дата10.03.2023
өлшемі302,06 Kb.
#72891
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
Байланысты:
Айтжанова Роза Мукантаевна П. . к., профессор

2. Отбасын құрға даярлық




Физикалық және әлеуметтік кәмелет. Некелесу жасына жету дегеніміз - адамның физикалық жағынан дамуының аяқталғандығын түсіндіреді (бойы, дене салмағы, кеуде клеткасының шеңбері өзінің өлшемімен ересек адамдарғажақын болады). Сонымен бірге 16-19 жастағы жасөспірімдер мен жігіттердің төзімділігі 75-85% үлкендердің шыдамдылығын құрайды, олардың бұлшық еттері бойдағы энергияны жұмсаудың қуат көзі болып табылады, оларға жұмыстан соң ұзақ уақыт өзіне-өзі келу керек болады.
Жігіттік кезеңде, негізінде, сол маңызды және қарқынды өзгерулерді толық жетілдіру мен бекіту жасөспірім шақтағы болған физикалық
дамуыдай болады. Жігіттердің қыздарға қарағанда дамудағы артта қалуы теңеседі, жүрек пен тамырлардың өсуіндегі кемшіліктер түзеледі, қан қысымы бірқалыпты болады, өмірлік маңызды жүйелердің жұмысы ырғақты (бір қалыпты) өтеді.
Жігіттік кезеңде пубертаттық, яғни жыныстық дамуы аяқталады, кейін жыныстық жетілуі басталады. Бұл дегеніміз өз денсаулығына зақым келтірмей жүкті болу қабілеттілігін, дені сау баланы көтеру және туу қабілеттілігін білдіреді. Жыныстық жетілу – сау ерлі – зайыптылықтың ең басты негізі. Алайда, отбасы өміріне дайындық көрсетілген биологиялық өзгерістерге сәйкес келмейді.
Сонымен, әлеуметтік кәмелет – некелесуге дайын екендікті растайтын нанымды куәлік, тек қана психологиялық күйді ғана емес, индивидтің толыққанды қоғамның лайықты мүшесі екендігін, осыған орай әлеуметтік ролдер мен міндеттерді орындай алатындығын және орындауға міндетті екендігін білдіреді.
Отбасылар құрылымы отбасы мүшелерінің саны және құрамынан тұрады, сонымен қатар, оның мүшелерінің біріккен қатынастарынан тұрады. Отбасы құрылымын талдау келесілерді анықтауға көмектеседі: отбасында кім басқарушы (авторитарлық немесе демократиялық), кім орындаушы, отбасы мүшелері арасындағы құқық пен міндеттер қалай бөлінген.
Э.Тийт және В.Уколова отбасылық көшбасшылық сұрағына отбасын дәстүрлі (асимметриялы) және эгалитарлы- француз тілінен аударғанда теңдік (симметриялық) дегенді білдіреді.
Дәстүрлі отбасында күйеуі негізгі материалдық қамтамасыз етуші және отбасы басқарушысы болып табылады. Ол отбасылық бірлікті анықтайды, отбасының қарым-қатаныс жасау ортасын анықтайды, және басқа да негізгі мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды. Осы міндеттері үшін күйеуі үй жұмыстарынан босатылады. Дәстүрлі отбасының әйелі ақша мүлдем таппайды немесе өте аз табады, сондықтан оның негізгі міндеті үй шаруашылығын қарау, бала тәрбиелеу болып табылады.
Симметриялық отбасы күйеуі мен әйелінің теңдігімен негізделеді, соған сәйкес материалдық және үй шаруашылығын атқару қызметтері де тең етіп бөлінген болады. Бала тәрбиесі менде бірдей деңгейде айналысады. Әрбір жұбайлардың рөлі мен мәні отбасылық климатты қалыптастыруда тең, отбасы мәртебесін жоғарғы орын алған жұбайы орнатады. Қарым- қатынас ортасын бірігіп жасайды. Отбасылардың көпшілік бөлігі биархатты некеде 60пайыз), патриархалды некеде (21 пайыз).
Қазіргі заманғы отбасы көптүрлі. Отбасының әртүрлі типтері отбасы қатынастарын әртүрлі қарастырады.
Отбасы типологиясы әртүрлі бағыттармен анықталады.
В.С.Торохтий зерттеулер нәтижелерін жалпылай келе, қазіргі заманғы отбасы келесі белгілері бойынша ерекшеленеді деп көрсетті:

  • балалар санымен: баласыз отбасы (инфертилді), бір балалы, аз балалы, көп балалы;

-құрамы бойынша: толық емес отбасы, қарапайым, күрделі (бірнеше ұрпақ отбасы), үлкен отбасы, аналық отбасы, қайталама неке отбасы;

  • құрылымы бойынша: бір балалы неке немесе баласыз отбасы, ата- анасымен және басқа туыстарымен тұратын отбасы, екі немесе одан да көп некелі отбасы (балалы немесе баласыз); әкесімен (шешесімен) және баласымен;

  • отбасы тұрмысына байланысты: детоцентрикалық типті, спорттық команда типті, дискуссиондық тип, маңыздылығы жағынан бірінші орынға денсаулық, тәртіп пен жайлылықты қоятын типті отбасы.

-социалдық құрамы бойынша: біртұтас социалды, біртұтас емес социалды (гомогенді, гетерогенді);

  • отбасылық стажы бойынша: жас жұбайлар, жас отбасы, балалы отбасы, орта, үлкен, қарт отбасы;

-қарым-қатынас пен отбасындағы атмосфера бойынша: жағдайы жақсы отбасы, тұрақты, педагогикалық әлсіз, тұрақсыз отбасы;
-географиялық сипатына қарай: қалалық, ауылдық, алыстаған;

  • сұраныс тәртібіне қарай: физиологиялық, интеллектуалдық, яғни кітап, журналға көп шығын жұмсайтындар;

  • талаптарының ерекшелігі бойынша: студенттік отбасы, дистанттық отбасы, некесіз отбасы.

-бос уақытын өткізуі бойынша: ашық және жабық.
-әлеуметтік мобилдігі бойынша: реактивті, орта активті, активті отбасы
-біріккен кооперацияны іс-қызмет санаты: салт-дәстүрлік, ұжымдық, индивидуалисттік;

  • психологиялық денсаулығы бойынша: дені сау отбасы, невротикалық отбасы, виктимогенді отбасы.

Қазіргі кезде некелік - отбасылық қатынастар кей жағдайларда келесілер кеңінен таралған:

  1. Нақты контракттылықты некелік-отбасылық қатынастар негізі. Екі отбасы жұбайлары да отбасылық өмірде материалдық табыстылықты есептейді. Махаббат деп атауға келмейтін, эмоционалдық келісімділік мұндай жағдайда күшейеді түседі. Отбасы экономикалық бірлік, эмоционалдық түйсіну толықтай жоғалады. Некелік- отбасылық қатынастар деңгейін көрсетеді. Мұндай некелік отбасылық қатынастағы адамдар өз серікесінен, жұбайынан көп жағдайда көмек күтпейді. Мұндай отбасында әрбір жұптың еркіндік деңгейі максималды, контракт негізі бойынша әркім не жасаса да болады.

  2. Некелік отбасылық қарым қатынас жалған келісім шарт негізінде әйел мен ер адам некеден біржақты пайданы алып тастап, нәтижесінде серіктесіне зиянын тигізеді. Махаббат жайлы сөз қозғау бұл жағдайда орынсыз, алайда мұндай жағдайда, некелік отбаслық жағдайда ол біржақты болады (жары өз атынан, түсіне отырып,алдауға және онымен қолдануға да көніп, барлығына шыдайды).

  3. Қажеттілік негізіндегі некелік отбасылық қарым-қатынас ерлі зайыптылардың бірі екіншісін кінәләйді, екіншісі белгілі бір өмірлік жағдайларға байланысты немесе аяғандықтан бір келісімге келіседі. Мұндай жағдайда шынайы сезім жайлы айту қиын: кінәлаушы жақтан оларға амбициялық қасиет тән, біреуді басқарушылық, құмарлық қасиет тән. Ақырында мұндай неке тұрғанда, кінәләуші өзінің жарын меншігі деп сипаттай бастайды. Еркіндік сезімі, отбасы мен некеге қажет сезім бұл жағдайда мүлдем қарастырылмайды. Психологиялық негізде мұндай отбасылардң болуы, отбасыға қажет ортақ келісімге келу жағдайын қарастырмайды.

Әрбір мәдениет (және оның субмәдениеті) белгілі бір нормативке сай отбасылық модель туғызады (моделдер тобын). Мұндай нормативті моделдердің үлгісінің құрамына кіретін элементтер нормативті отбасы мүшелері, олардың әрқайсысы белгілі бір мәртебеге ие, соған сәйкес белгілі бір құқықтары мен міндеттері атаулы тәртіптерге байланысты орындалады. Бұл элменеттерден басқа, отбасы құрылымы қарым қатынастары, оның құрамы мен динамикасы арқылы айқындалады. Бірнеше бала шағасы бар, құрылымдық отбасыны бірнеше жалпы конъюнкция ретінде қарастырамыз (жалпы отбасы үш адамнан құралған: күйеуі, әйелі және баласы).
«Орташа отбасы» термині үйреншікті өте шартты ұғым. Мұндай отбасында оның мүшелерінің қажеттіліктерінің ең азында орындайтындар саналады. Немесе қажет әл ауқат беретін, мүшелерін әлеуметтік қорғайтын, өз балаларына әлеуметтенуде психологиялық жетілген болғанша озық болуға көмектеседі, барлық жағдайын жасайды.
М.Мидтің көзқарасы бойынша, мұндай отбасыға, өзіне жауапкершілікті толықтай әкесі басқаратын отбасы жатады. Бұл шарт орындалмайды, әдетте бұл қалыпты емес деп қарастырады. Ізгі отбасыны нормативті модель отбасы ретінде қарастыруға болады, бұл яғни қоршаған ұжыммен қабылданған, ұжым ойындарында бейнеленген, өнегел құндылықтарда қоғам мәдениетінде, сонымен қатар дін мәдениетінде көрінетіндерін айтуға болады.
Отбасылық қарым қатынастар бұл ең соңғы қатардағы билік қарым қатынастары емес: ережеге сәйкес әлеуметтік психологтары басымдылықты әлеуметтік жауапкершілікті қабылдаумен бірге қарастырады. Басымдылық тобындағы адам жұмысының сәтті өтуіне жауап береді, сонымен қатар, ұжым ішіндегі қарым қатынасының болуына жауап береді.
Сонымен қатар, басымдылықты белсенділікпен байланыстырады. Ең сәтті адам бойында көбіне саудаласуға бейімділік және әлеуметтік қысымға қарсы шыға алатын адамдар, белгілі бір жетістіктерге ұмтылатын және тәуекелге баруға дайын адамдар нақты көшбасшы бола алатын адамдар деп есептеледі.
Тәрбие беру мақсатында Френч және Равен отбасындағы бала мен ересектің қатынасын көрсететін биліктің бес түрін бөліп көрсетті:

  • Сыйақы билігі яғни әрбір балаға белгілі бір жақсы тәрбиесі, жүріс тұрысы үшін сыйақы беру. Сыйақы әлеуметтік қолданған әрекеттерге беріледі.

  • Қысым билігі бала жүріс тұрысын қатал түрде бақылап отыру, әрбір әрекетіне жазалау жүреді.

  • Эксперт билігі қандай да бір істегі ата аналардың құзыреттілігіне негізделген (әлеуметтік немесе кәсіби құзыреттілік).

  • Абырой билігі негізінде әлеуметтік келісілген жүріс тұрысы бар ата ананың біреуінің сыйластығы жатады.

  • Заң билігі бала үшін ата ана заңды түсіндіретін жалғыз үлгі.

А.Янкова, Е.Ачилова және О.Лосеваның зерттеулерімен келісе отырып, қоса кететін жағдай, ерлі зайыптылардың біреуін басқару, отбасыны сақтаудың шарты болып саналады, дегенмен некеге қанағаттану аз мағынаға ие емес.
В.Энгельгар тұжырымдамасы бойынша бұл нұсқаудың жауапкершілігі жағымды және жағымсыз бағытта болуы.
Егер адам жауапкершілікті қабылдамаса, ондай жағдайда адамның бойында басқалардан бөліну, жауапкершіліктен қашумен құтылуға тырысады. Егер барлығы табысты жүрсе, онда өзін өзі біртектілену пайда болады. Егер әлеуметтік біртектілену табысты болмаса, ол әлеуметтік жалғыздық туындайды, мұндайда екі жолы бар: тағы да қашу немесе өзінің әлеуметтік мәртебесін өзгерту немесе өзінің тұлғалық құндылықтарын.
Жауапкершілікті топқа деген қарым-қатынас үшін және оның қызметі үшін қабылдауға болады. Топтық қарым-қатынастар үшін жауапкершілік бөлінеді:

  1. топтық ережелерге жауапкершілік (өткен келісімдердің қортындысы ретінде)

  2. ережелерді дәстүрді, қатынасты (болашаққа) өзгертуге тырысатын жауапкершілік.

  3. топтың қазіргі жағдайына жауапкершлік (осы уақыт).

Жеке тұлға өз басына, бөлек топ мүшелеріне, референттік топқа (топтың бөлшегіне) жауапкершілікті бола алады.
Топтық жауапкершілікті Е.Д.Дорофеев 3-ке бөледі:

  1. уақыт (осы, өткен, келер)

  2. мінездеме (іс-қызметтік, қарым-қатынастық)

  3. субъект (өз басына, бөлек басқа мүшеге, топқа).

В.Н. Дружинин осы үлгіні тағы бір тәртіппен толықтыруды ұсынды: кімнің алдында жауапкершілік (өз алдында, өзге біреудің алдында, қоғам алдында).
Отбасындағы бір адам барлық отбасы мүшелеріне және толық отбасына жауапкершілікті алып жүре алады. Көшбасшының (рөлі, отбасы) басшысының рөлі осы отбасы үшін жауапкершілік болып табылады: отбасының қазіргі жағдайы, өткен уақыттағы және болашақтағы жағдайы,
отбасы мүшелерінің тәртібі, қоғам алдындағы. Ол барлығы үшін, тек өз жақындары үшін емес, ал әлеуметтік топқа жауапкершілік.
Сонымен, В.Н.Дружининнің айтуынша, отбасының психологиялық үлгілерін келесілерге жіктеуге болады: кім отбасы алдында жауапты: әкесі немесе анасы.
«Қалыпты» отбасы дегеніміз, егер отбасында жауапкершілікті күйеуі өз басына алса «қалыпсыз» деп аталады, егер күйеуі жауапкершілікті болмаса. Егер жауапкершілікті адам отбасында болмаса, онда
«псевдоотбасы» деп аталады. Кім отбасының басында болады? Патриалхалды отбасында әкесі болса, патриархалды отбасында анасы басқарады.
Отбасы перспективасы мен жағдайын өзгерістерді есепке алмай түсіну және бағалауға болмайды. (некеге тұрудың жабық түрінен ашық түріне көшуі әйел адамдардың эмпансипациялануы, әрбір қоғамдастықтың жеке еркіндігінің өсуі және т.б.).
Қазіргі күні екі диаметрлі қарама қарсы көзқарастар бар.
Біріншісі әлеуметтік өзгерулермен байланысты. (индустрализация, тұрғындардың мобилділігінің өсуі, урбанизациялану және т.б.).
Дәстүрлер дағдарысы некелердің бқзылуына, толық емес отбасылардың санының өсуіне, аборттардың көбеюіне және некесіз туған балалардың көбеюіне, зорлықтың өсуіне әкелуде.
Алайда, екінші көзқарас та қазіргі заманғы отбасының әлеуметтік және тұлғалық мәселелерінің туындауына отбасындағы тирандылықтың әсерін көрсеткен өз алдында дұрыс та.
В.Сатир бір жақты пессимисттік көзқарасқа қарсы келе отырып, қазіргі заманда екі типті отбасы бар деп көрсетті: ересек отбасы және мәселелік. Әрбір ересек отбасы өзінің ерекше және қайталанбас өмірімен ерекшеленеді. Мәселелік отбасы мәселенің туындаған сипатына қарамастан, өз өмірлерінде көптеген жалпылыққа ие. Мәселелік отбасының атмосферасы тез сезіледі. Ол ыңғайсыздық, дискомфорт және суықтықпен сипатталады. Кей жағдайда кейбір тұрақсыздық байқалады.
Дисгорманиялы және табысты отбасыларында бір ғана мәселелер болады, сол бір отбасылық мәселелер, шешуді қажет ететін мәселелер.
Отбасылық гармониялық қатынастарды құруға бөгет болатын
«отбасылық аңыздар болып табылады. Солардың ішінде кеңінен тарағандары:

  • өмір бақиғы махаббат аңызы

  • махаббаттың сиқырлы күші аңызы

  • эмоцияның сыртқы көріністерін детерминациясы аңызы

  • түсініктердің абсолюттілігі жайлы аңызы

  • «қиын тағдыр» жайлы аңызы

  • жұбайлық өмірдің тұрақтылы жайлы аңыз

  • жұбайлар бір бірін толық біледі деген аңыз

  • жұбайлар бір дене және бір рух деген аңыз

Отбасылық өмірдегі бақытқа шынайы қол жеткізу үшін аңыздық ойлаудан өзекті мәселерді шешу ойлауына ауысуы керек. Көп жағдайда, отбасылық қатынастарда бес негізгі мәселелік аймақ пайда болады, оларға үй шаруасы және бюджетті бөлу, балаларды тәрбиелеу, бос уақытын өткізу және ұйымдастыру, жұбайлардың жыныстық өмірі, қарым қатынас.
В.Сатир үш негізгі дұрыс қарым қатынасты бөліп көрсетті:

  • Отбасы мүшелері өз ойлары мен сезімдерін бірінші адам ретінде айтады.

  • Отбасының әрбір мүшесіне өз сезімі жайлы айту.

  • Отбасының әрбір мүшелері басқаларының хабарламаларын конгруэтті қабылдауға тырысуы керек.

Ол сонымен қатар қандай да болмасын отбасылық жүйені нақты сипаттау қажет, мұнда төрт параметрлерді қолдануға болады:

  • Отбасылық үрдіске қатысушылардың өзін өзі бақылауы.

  • Коммуникация.

  • Отбасылық жүйе (нормалар).

  • Әлеуметтік байланыс (сыртқы әлеммен біріккен әрекет).

Отбасылық келіспеушілікпен айналысатын мамандар жағымсыз отбасыларды үш түрге бөледі:
Қақтығыстық жұбайлар арасындағы қызығушылықтарының, қажеттіліктерінің, ниеттерінің, армандарының сәйкес келуі өте үлкен теріс эмоция тудырады.
Дағдарыстық қажеттіліктер мен қызығушылықтардың сәйкес келмеулері аса қатты мінездеме беріп, отбасының маңызды жағдайларын қарастырады.
Мәселелік өмірлік аса қиын жағдайды туындауы, тұрғын үйдің болмауы, бір жұбайының ауыр және ұзақ мерзімдік ауруы, ұзақ мерзімге сотталу және т.б.
С.И. Голод келесі отбасылық қиындықтардың шкаласын ұсынды:

  • Үй шаруашылығын ұйымдастыру,

  • Туыстармен қарым қатынасының нашар болуы,

  • Балалар және оларды тәрбиелеу

  • Қарым қатынас қиындықтары

  • Қаржылық қиындықтар

  • Ішімдікті қолдану

  • Қызығушылықтары мен бос уақыттарын ұйымдастырудағы әртүрлілік,

  • Жыныстық дисгормания.

Қазіргі заманғы отбасы тұлғаны қалыптастырудың әлеуметтік ортасын қалыптастырудың маңызды және негізгі институты болып табылады. Оның негізі психологиялық қолдау және тәрбие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет