Отбасының психологиялық дені саулығының көрсеткіштері көптеген факторарымен анықталады: ата аналар білімінің деңгейімен,
некеге отыру мотивтері, жұбайлық қатынастар сипатымен, нәтижеге жету әдістері және т.б.
Отбасындағы психологиялық саулықтың негізгі өлшемдерін В.С. Торохтий отбасының құндылықарына ұқсатады.
Отбасы құндылықтарының ұқсастығы бағдарлау көзқарасының бірдей екендігін көрсетеді: отбасы мүшелерінің жалпы адамзаттық нормаларға, ережелерге қатынасы, отбасының кіші қоғамдық топ ретінде дамуы мен қалыптасуы. Қазіргі кезде бұл көрсеткіштің динамикасы екі үрдіс байқалады. Біріншісі – отбасы мүшелері арасында, ата-анамен бала арасында құндылық бағыттылықтың тұрақтылығы. Екіншісі отбасы құндылықтарының өзгеріске енуі яғни, отбасы мүшелерінің қалыптасқан мақсат, идеал, қызығушылық пен сенуінен жақсырақ жолдың келуі.
Функционалдық-ролдік келісу бұл отбасының психологиялық саулығын көрсететін динамикалық көрсеткіш және әлеуметтік- психологиялық механизм сияқты отбасы ішілік қарым-қатынастың даму деңгейін көрсетеді: өзара көмекке келу, бір-біріне сену, отбасы мүшелері арасында өзара шыдамдылық. Бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орнату мен әсер ету отбасы жүйесіне тұрақтылық әкеледі.
Әлеуметтік-ролдік адекваттылық отбасының құрылымдық роліне әсер етеді, басқа топтарға қарағанда өмір сүру әрекеті қатаң қойылады. Ол тұлғаралық, отбасы ішіндегі күтуді жүзеге асырудың деңгейін көрсетеді: отбасының әр бір мүшесінен белгілі бір ролдерді орындау күтіледі (әке-ер адам, лидер, табыс көзі, қиындық кезде қол ұшын береді ж.т.б.: шеше – қамқоршы ана, отбасының жылуын сақтайтын адам жт.б.; қыз, ұл көмекшілер, болашақтағы мұрагер. Қазіргі өмірде көптеген факторлардың әсер етуімен ролмен жеке тұлға арасында конфликтілер орын алуда, бұл өз кезегінде отбасы дамуының деңгейінің төмендегенін сипаттайды.
6. Қазақстандағы отбасылық некелік қатынастардың моралдік құқықтық аспекттері
Неке дегеніміз әйел мен еркек арасындағы тарихи өзгеріп тұратын қарым-қатынастардың әлеуметтік нысаны, осы нысан арқылы қоғам олардың жыныстық өмірін тәртіпке келтіреді және оған рұқсат береді, олардың ерлі-зайыптылық құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
Отбасы дегеніміз - некеге қарағанда күрделірек қарым - қатынастар жүйесі, ол тек жұбайларды ғана емес, онымен қатар балаларды да, туыстарды да, тіпті жұбайларға жақын адамдарды да біріктіреді. Отбасы – бұл әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топ белгілерін иеленетін әлеуметтік жүйе.
Неке ер адам мен әйел адам арасындағы қатынастың реттелуші түрі деп атайды. Некеге тұру отбасында, болашақ бала алдындағы жаңа құқықтар және міндеттерден тұратындығын көрсетеді. Қазіргі күні көптеген мемлекеттердің заңы некені тізімге алуды талап етеді: көптеген елдерде
некеге тұрарда неке контрактына тұрады. Некеге тұру үшін екі жақты келісім керек және олар некеге тұратын жасқа жетуі тиіс.
Некеге тұру жасы дегеніміз индивидтердің некеге тұра алатын жасқа жетуінің шегі болып табылады. Қазақстанда некелік жас әйел адамдар мен ер адамдар үшін 18 жас деп көрсетілген.
Некені тіркеу үшін АХАЖ бөліміне өтініш беріледі. Неке өтініш бергеннен соң бір айдан соң тіркеледі. Бұл мерзімді созу немесе қысқарту мүмкіндігі қарастырылған. Алайда бұл бір айдан көп емес, онда да себепті болса ғана. Ерекше жағдайларды анықтауда (жүктілік, баланың тууы, бір жақтың өміріне қауіп төнген жағдай) неке өтініш берген күні тіркелуі мүмкін.
Жұбайлар тең құқықты және міндеттерді орындауды да: баланы бірігіп өсіреді, отбасылық өмірдің барлық мәселелерін бірігіп шешеді. Жұбайлар сабақты таңдауда, кәсіп және тұрғын үй таңдауда еркін.
Кейбір жағдайларда неке тоқтатылады (жұбайының қайтыс болуы және т.б.) немесе бір жұбайының өтініші бойынша жұп ажырастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |