Курсы мамандығы: «5B010300-Педагогика және психология»



бет57/60
Дата10.03.2023
өлшемі302,06 Kb.
#72891
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
Байланысты:
Айтжанова Роза Мукантаевна П. . к., профессор

Салауатты өмір салты. Студенттердің денсаулығының кепілі де салауатты өмір салтын ұстануларынан басталады. Қоғамда дені сау адамды тәрбиелеуде бұл тәрбиенің орны ерекше. Ол белгілі орындарда, яғни спорт алаңдарында, сауықтыру орындарында іске асырылады.


Негізгі әдебиеттер.


  1. Аубакирова Р.Ж. Педагогикалық зерттеу әдістемесі: оқу құралы.- Астана: Фолиант, 2008.-128 б.

  2. Ахметова Г.К., т.б. Педагогика: Оқулық-Алматы: Қазақ университеті, 2006. -217 б.

  3. Айтбаева А.Б. Білім берудегі жаңа технологиялар: оқу құралы- Алматы: Қазақ университеті, 2008.

  4. Бабаев С.Б., Жұмадиллаева А.А. Кӛрнекі педагогика.-Алматы, 2008.-68 б.

  5. Бахишева С.М. Педагогикалық жобалау: теориясы мен

технологиясы. Оқулық.-Алматы, 2010.

Қосымша әдебиеттер.


1.Гуманитарные науки: Педагогика. http://www.refer.ru. 2.Наука и образование: Педагогика. http://www.ehoo.ru.
3.Наука и образование: Педагогика ресурсы. http://www.pautina.net. 4.Наука и педагогика. http://www.ecolife.krsk.ru.
5.Новости науки и техники. Образовательные программы. Педагогика. http://www.asmedia.ru.


№13 Дәрістің тақырыбы: Отбасы тәрбиесінің негіздері. Жоспар:


  1. Отбасы – бала тұлғасын әлеуметтендірудің факторы және белсенді субъектісі.

  2. Отбасының қызметтері, типтері. Қазіргі отбасының ерекшеліктері.

  3. Отбасындағы педагогикалық үдерістің негізгі компоненттері: отбасы тәрбиесінің мақсаты, міндеттері, мазмұны, балалар мен

ересектердің өмірлік тіршілігін ұйымдастырудың құралдары, формалары, әдістері.
Орыс тілінің түсіндірме сөздігі бойынша: отбасы-бұл бірге тұратын туыстар тобы.
«Отбасы- некелік немесе туыстық қатынастармен, тұрмыстық қоғамдастықпен, біріккен байланыс көмегімен және моральдық жауапкершілікпен байланысқан кіші әлеуметтік топ».
«Отбасы - қоғамның кіші әлеуметтік тобы, жеке тұрмысты ұйымдастырудың маңызды түрі, некелік байланыс негізінде құрылған, яғни ер адам мен әйел адам қатынасы, ата-ана мен балалардың, ағалы-апалы және басқа туыстармен қатынастары». Отбасы әрбір адамның өмірінде үлкен рөл ойнайды. Адамдардың көпшілігі отбасында өмір сүреді, яғни барлық тұрғындардың 88 пайызынан көбі.
Отбасының негізгі мәні- қоғамдық, топтық және индивидуалды қажеттіліктерді қанағаттандыру. Қоғамның әлеуметтік бөлігі бола отырып, отбасы өзінің негізгі функцияларын жүзеге асырады. Бұл жағдайда біруақытта отбасы цивилизациясының нәтижесі де, жасаушы, құрушысы да болып табылады. Ол негізгі қоғамдық байлық- адамды жасайды. Сондықтан, жас ұрпақты отбасы құруының негізін және отбасы қатынасын дамытуға үйрету маңызды болып табылады.
Отбасы өмір қызметінің аймағында, оның мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты отбасы функциясы деп аталады. Н.Я.Соловьев: «отбасының функциясы, қажеттіліктер түрінің қаншалықты болуы және оны қанағаттандырудың қайталануымен анықталады» деген. Осылардың кейбіреулерін қарастырайық.
Тәрбиелеушілік функция- қоғамның жаңа мүшелерін дайындау, аналық және әкелік қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Тұрмыстық-шаруашылық функция- отбасы мүшелерініі материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру (тамаққа, қанға және т.б.), олардың денсаулығын сақтауға әсер етеді.
Эмоционалдық функция- симпатия, сыйластық, эмоционалдық қолдау, психологиялық қорғаныс қажеттіліктерін қанағаттандыру. Отбасы өзіндік психологиялық қорғанысты көрсетеді- бұл қысым мен эмоционалды- психологиялық комфортты құру орны болып табылады.
Рухани (мәдени) қарым-қатынас функциясы- басқа адамдармен бірігу, қолдау мен қорғанысты сезінуге ұмтылу. «Біздің әрқайсысымыз рухани ағаш сияқты пайда боламыз. Бұл ағаш тірі ағзамен байланысты».
Алғашқы әлеуметтік бақылау функциясы- отбасы мүшелерінің әлеуметтік нормаларды орындауды қамтамасыз ету, өз жүріс-тұрысын әлеуметтік нормалармен толықтай сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Сексуалды-эротикалық функция- отбасы мүшелерінің сексуалды- эротикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру.
И.В.Гребенников отбасы функциясын талдай келе, келесілерін бөледі: репродуктивті, экономикалық, тәрбиелеік, коммуникативтік, дем алуды ұйымдастыру.
Репродуктивті функция - өмірді құру, яғни адамзаттың жалғасы мен бала туу негізінде көрінеді. Бұл функция басқа функциялардың элементтерінен тұрады, себебі, отбасы тек қана сандық және сапалық қайта жаңғыртуларға қатысады.
Бұл функцияның екі міндеті болады: қоғамдық - халықтың биологиялық қайта жаңғыруы, жеке – балаларға деген қажеттікті қанағаттандыру. Оның негізінде – қарама - қарсы жынысты адамдардың отбасылық одаққа бірігуге итермелейтін физиологиялық жєне сексуалдық қажеттіктерді қанағаттандыру. Э.Дюркгеймнің пікірінше, жыныстардың қарама-қарсылығы неке одағының негізі ғана емес, отбасындағы ізгілікті жақындықтың негізгі себебі. Ол отбасы - неке қарым -қатынастарының тұрақтылығына єсер ету күші жағынан қандас туыстық тєрізді фактордан да басымырақ. Э.Дюркгейм жыныстардың қарым-қатынастарын еңбекті бөлу тұрғысынан талдайды. Ол алғашқыда тек сексуалдық функциялармен ғана шектелсе, бірте-бірте көп нєрсеге єсерін тигізеді. Әйелдердің функциялары мен еркектердің функцияларының маманданғаны соншалықты єйелдер еркектерден өзгеше өмір кеше бастады.
Екінші топқа матераилдық қамтамасыз етілу, тұрғын үймен қамтылуы, болашақ күйеуінің (әйелінің) тұрғын үйінің болуы, басқа қалаға көшуге деген тілегінің болуы, ата-ана ерігі және т.б.
Адамгершілік стимулдармен қатар материалдық та стимулдар көрсетілген жағдайда оны тиімді вариант ретінде көруге болады.
Сонынмен қатар, қалыпты жұбайлықты орындау мәселелік болатын этикалық-психологиялық жағдайлар да бар:

  1. Отбасы болғалы тұрған жұптардың болашақ өмірдің моделін шынайы түрде құра алулары. Ата-ана әдеттері және өмір бейнесін, тұрғын- үй және экономикалық мүмкіндіктерін, біріккен жоспарларды құру әсерлерін есепке алу;

  2. Отбасындағы моралдық-психологиялық климаттың негізін түсіну.

  3. Отбасылық және қоғамдық міндеттерді сезіну қажеттілігін сезіну. Жұбайлық өмір үнемі басқа адамға деген бағыттылықты талап етеді,

оның психологиялық дайындығын түсінуі қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет