Курсы мамандығы: «5B010300-Педагогика және психология»


Педагогикалық мамандықтың өзгешелігі, оның гуманистік сипаты



бет6/60
Дата10.03.2023
өлшемі302,06 Kb.
#72891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Байланысты:
Айтжанова Роза Мукантаевна П. . к., профессор

Педагогикалық мамандықтың өзгешелігі, оның гуманистік сипаты.


Әрбір адамның белгілі мамандыққа иелігі оның іс-әрекеті мен ойлау бағыты ерекшелігінен көрінеді. Е.А.Климов ұсынған жіктеу бойынша, педагогикалық мамандықтың пәні басқа адам болып табылатын мамандықтар тобына жатқызылады. Бірақ педагогикалық мамандықты басқа мамандықтардан оның өкілдерінің ойлау бағыты, борыш пен жауапкершілігін сезіну арқылы анықтайды. Осы сипаттарына байланысты педагогикалық мамандықты ерекшелейді. Оның басқа «адам-адам» құрылымды мамандықтардан айырмашылығы – ол өзгертушімен қатар, басқарушы сипатқа ие. Оның мақсаты тұлғаны қалыптастыру және өзгертумен қатар, педагог оның интеллектуалды, эмоционалды және дене даму процестерін басқаруы тиіс. Педагогикалық мамандықтың басты мазмұны – басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу.
Оның басты міндеті – қоғамдық мақсатты түсіну және басқа адамдардың күш-жігерін сол мақсатқа қол жеткізуге бағыттау. Мұғалім мамандығында қарым-қатынас жасау іскерлігі кәсіби қажетті
қасиет болып табылады. Мұғалім еңбегінің ерекшелігі оның объектісі мен нәтижесінде.
Объектісі – адам, ол жай адам емес, оның денелік мәні емес, дамып келе жатқан адамның рухани ішкі өмірі. Адам - табиғаттың қайталанбас құбылысы. Мұғалім мамандығының тағы бір ерекшілігі - оның балалармен әрдайым қатынаста болуы. Педагогикалық еңбектің құралдары да ерекше. Ол бірнеше компоненттерден құралады: еңбек (белгілі бір мақсатқа бағыттау әрекеті ретнде); еңбек құралы; еңбектің пәні. Педагогикалық еңбек жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Педагогикалық еңбек - бұл мәдениетті меңгерген адам және мәдениетті меңгеруші адамның арасындағы өзара әрекет. Мұғалім білім беруші ғана емес, ол жоғары құлықты тұлға. Оның бойында ар, намыс, мейірім деген сияқты қасиеттері болуы тиіс.Кез келген педагогтар оқушылар үшін де, ата-аналар үшін үлгі өнеге болуы тиіс. Өткен ғасырдың көрнекті ғалымы, философ, педагогы Джон Локк мұғалім өнегесі жайында былай деп жазған׃ «Оның жүріс-тұрысы өзінің сөздерімен сәйкес келуі тиіс». Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі – ол табиғатынан гуманистік, ұжымдық және шығармашылық сипатқа ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет