Педагогикалық мамандықтың гуманистік қызметі. Педагогикалық мамандықтың екі әлеуметтік қызметі қалыптасқан: бейімдеушілік және гуманистік («адамды қалыптастырушы»).
Бейімдеушілік қызметі қазіргі әлеуметтік-мәдени ситуациялардың нақты талаптарына сәйкес оқушыны, тәрбиеленушіні бейімдеумен байланысты болса, ал гуманистік – оның тұлғасын, шығармашылық даралығын дамытуға бағытталған.
Педагогикалықмамандықтыңұжымдықсипаты. «Адам-адам» құрылымдық топтағы мамандықтардың нәтижесін тек бір адам ғана жасаса (мысалы, сатушы, дәрігер, кітапханашы), педагогикалық мамандықта әрбір педагогтың, жанұяның немесе басқа ықпал ету көздерінің үлесін шектеу мүмкін емес. Осыдан педагогикалық мамандықтың ұжымдық сипатта екендігін көре аламыз. Педагогикалық қызметтегі ұжымдық бастамалардың заңды артуына байланысты педагогикаға педагогикалыққызметтіңжинақталған субъектісі ұғымы енгізілуде. Бұндағы жинақталған субъект дегеніміз кең мағынада мектептің немесе басқа білім беру орнының педагогикалық ұжымы. Ал тар мағынада, бұл оқушыға немесе оқушылар тобына тікелей әсер етуші педагогтар тобы.
Мұғалімқызметініңшығармашылықсипаты. Педагогикалық қызмет кез-келген қызмет сияқты тек сандық мөлшерге емсе, сонымен қатар, сапалық қасиеттерге ие. Мұғалім еңбегінің мазмұны мен ұйымдастырылуын тек оның өзінің қызметіне деген шығармашылық қатынас деңгейін анықтау арқылы ғана дұрыс бағалауға болады. Педагог қызметіндегі шығармашылық деңгейі оның қойылған мақсатқа қол жеткізу барысында өз мүмкіншіліктерін қолдану деңгейін көрсетеді. Педагог тұлғасының шығармашылық потенциалы оның әлеуметтік тәжірибесі, психологиялық-педагогикалық және пәндік білім қоры, дұрыс шешім
қабылдауға мүмкіндік беретін жаңа идеялар, іскерлік пен дағдылары, жаңа формалар мен әдістер негізінде қалыптасады. Педагогикалық шығармашылдықтың көріну саласы педагогикалық қызметтің негізгі компоненттер құрылымымен анықталады және оның барлық жақтарын қамтиды: жоспарлау, ұйымдастыру, іске асыру және нәтижені талдау.
Педагогикалық ғылыми әдебиетте педагогикалықшығармашылық – бұл өзгермелі жағдайларда педагогикалық міндеттерді шешу процесі деп түсіндіріледі. Педагогикалық қызметтің шығармашылық сипатын тек педагогикалық міндеттерді шешумен анықтауға болмайды, себебі шығармашылық әрекет тұлғаның танымдық, эмоциональды-еріктік және мотивациялық-қажеттілік компоненттерінің бірлігінде бейнеленеді. Сонымен қатар, педагогтың шығармашылығ оның коммуникативті міндеттерді шешуінде көрінеді.
Шығармашыл педагогқа мына қасиеттер тән: белсенділік, дербестік, ойлаудың бәсеңдігін арттыру қабілеті, жаңаны сезіну және оны тануға ұмтылысы, мақсатқа бағытталуы, ұқсастықтар кеңдігі, байқампаздық, кәсіби есте сақтау.
Педагогикалықмамандықтыңдамуперспективасы. Білім беру саласында мамандықішілік саралануға бағытталу байқалады. Бұл еңбекті ажыратудың заңды процесі. Педагогикалық қызмет түрлерінің оқшаулану процесі тәрбие процесі сипатының «күрделенуімен» белгіленеді. Бұл өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайларының өзгеруімен, ғылыми-техникалық және әлеуметтік дамудың жетістіктерімен түсіндіріледі.
Жаңа педагогикалық мамандықтың пайда болуына әкелетін тағы бір себеп – бұл квалификацияланған оқыту мен тәрбиеге сұраныстың көбеюі.