Педагогикалық қызметтің негізгі түрлері - оқыту мен тәрбиелеу.
Педагогикалық қызметтің екі түрі бар: оқыту және тәрбиелеу. Оқыту – бұл оқушының танымдық белсенділігн басқаруға бағытталған мұғалімнің әрекеті. Тәрбиелеу – бұл тәрбиелік ортаны ұйымдастыру және тұлғаның жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін түрлі іс-әрекеттерді басқаруға бағытталған педагогикалық қызмет. Олар өзара байланысты және бір-біріне бағынышты. Бұл оқыту мен тәрбиенің бірлігі идеясының көрсеткіші. Оқыту және тәрбиелеу бір процестің екіжақты сипаттамасы. Олардың арасындағы шекараны белгілеу мүмкін емес. Сондықтан олар біртұтас процесс ретінде қарастырылады.
Оқытуға әдетте қатаң уақытқа шектелу, нақты мақсат қою және оған қол жеткізудің нақты жолдарын белгілеу тән. Оқытудың тиімділігінің маңызды көрсеткіші – оқу мақсатына қол жеткізу. Ал тәрбие жұмысының мақсаты нақты мақсатқа тікелей қол жеткізуді меңземейді. Себебі оның мақсатына шектеулі уақыт аралығында қол жеткізу мүмкін емес. Тәрбие жұмысында мақсатқа бағытталған нақты міндеттерді бірізділікпен шешу жоспарланады. Тәрбие міндеттерінің тиімді шешімінің маңызды көрсеткіші ретінде эмоциональды реакцияларында, мінез-құлқында және іс-әрекетінде көрінетін тәрбиеленуші санасындағы өзгерістер.
Оқыту мазмұнын, яғни сабақ беру логикасын қатаң түрде жоспарлауға болса, ол тәрбие жұмысында мүмкін емес.
Оқыту процесіндегі оқушылар іс-әрекетінің тиімділік көрсеткіші – білім және іскерлікті меңгеру, танымдық және практикалық міндеттерді шешу жолдарын меңгеру, дамудағы алға жылжу жылдамдық деңгейі. Оқушылар әрекетінің нәтижесі тез, оңай анықталады және олар сандық- сапалық көрсеткіштермен бекітіледі. Ал тәрбие жұмысында дамушы тұлғаның әрекетінің нәтижесін белгілеу өте қиын.
Педагогтұлғасыныңнегізгікәсібимаңыздықасиеттері. Мұғалім тұлғасының жеке ерекшеліктеріне педагогикалық процесс те, тәрбие жетістігі де бағынышты. Мұғалімді негізінен педаггикалық бағытталу ерекшелейді. Мақсатқа бағытталу педагогикалық қызметте бірізділікпен жүйелілілікті, өз еңбек нәтижесін дұрыс бағалау қабілетін талап етеді. Мұғалім баланың шығармашылық мүмкіншіліктерінің дамуына сенуі қажет. Педагог оптимистік көзқарасқа ие болуы тиіс. Оптимистік көзқараста болуы үшін гуманистік баығтталу қажет. Бұл:
баланың жақсы қасиеттеріне сену және сүйену;
балаларға деген сүйіспеншілік;
балаға тіл тигізуден аулақ болу және т.б.
Мұғалім мінезіндегі салмақтылық ерекше орынға ие. Ол түрлі ситуацияларда шыдамдылық, жинақылық, төзімділік, бірқалыптылық танытуға міндетті. Келесі маңызды қасиет – талап қоя білуі. Өзіне және өзгеге қойылатын талап адамгершілік бастамаларын, моральдық ережелер мен нормаларды қалыптастырады. Оқушылардың оқуға деген ынтасы көбінесе тәрбиешінің беделімен анықталады. «Бедел» - барлығына танымал мәнділік, ықпал, оқытушының тәрбиелік әсерінің күші.
Терең арнайы білім, бала және педагогикалық психологияны жете меңгеру, кәсіби іскерлікті меңгеру, адамгершілік көзқарас, жоғары мәдениеттілік – мұғалім беделін қамтамасыз етеді.