Курсы мамандығы: «5B010300-Педагогика және психология»



бет29/60
Дата10.03.2023
өлшемі302,06 Kb.
#72891
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   60
Байланысты:
Айтжанова Роза Мукантаевна П. . к., профессор

Педагогика әдіснамасының жалпы ғылыми деңгейі. Методология” грек тілінен аударғанда “әдіс туралы” ғылым деген мағынаны білдіреді. “Метод” “әдіс” термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады, яғни методология мағынасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Сондықтан методология- зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі. Бұл ілім жалпы методология, ғылыми ұғысның, теориялық негізі, ретінде дамуы мүмкін. Сонда бұл нақтылы философиялық жүйемен байланысты. Ғылыми методологияны жетілдірудің бастамасын және негізін Гегель салды, ол өз назарын бірінші болып философиялық әдістің ерекшелік сипатына, оның нақтылы ғылымдар әдістерінен айырмашылығына және методологияның олармен үйлесімсіздігі назар аударды. Гегель әдіс дегеніміз мазмұнның қозғалысы, құбылыстың мәнің ашып көрсету және оның мазмұнынан тыс жасалмайтындығын баса көрсетті.

Диалектика дамудың ең жалпы заңдылықтарын жасап үйлестіреді, бірлік және қарама- қайшылықтардың күресі, саннан сапаға көшу және теріске шығаруды теріске шығару, мынадай философиялық жұп котегорияларымен: себеп салдар, қажеттілік және кездейсоқтық, мүмкіншілік пен шыңдық, мән және құбылыс, мазмұн мен форма және тағы басқасқалары анықталады.
Сонымен, материалістік диалектика ғылыми ізденістің стратегиясын береді, бірақ ол нақтылы ғылымда пайда болатын сұрақтарға дайын жауап бермейді. Методологиялық анықтамаларды меңгеру арқылы ғалымда да және машықтандыруда да көзқарастың дүниетанымдық ұстаным қалыптасады, ол содан кейін белгісіз зерттеулерде, жасалған ғылыми идеяларды кәсіби тәжірибелік іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Бірақ, соңғысы нақтылы ғылымның методологиясымен байланысты және сол сияқты педагогикада қолдануға болады.
Педагогикалық методологияның мәні әртүрлі түсіндіріледі: әдіс туралы ғылым, философиялық қағидаларды тікелей ғылыми зерттеулерде қолдану ретінде; арнаулы зерттеу әдістерін жасауға арналған ғылыми пән ретінде. Бұд айтылған үш көзқарас педагогика методологиясының шеқарасын мөлшерсіз кеңейтеді немесе тарылтады. (Г.В.Воробьев). Қазіргі педагогика методологиясының пәні болып педагогикалық құбылыстармен оның нәтижесі – педагогикалық білімдер жүйесін (Ф.Ф.Королев) зерттеу процесі екендігі анықталған.

  1. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық принциптері. 1.Әдебиеттерде көзделген зерттеу зерттеулердің бастапқы құрамды бөлігі болып табылады. Әдебиеттерді зерттеу кезінде оларға талдау жасау, оларды толықтыру, теңестіру жалпыға ортақ ғылыми әдістерді анықтау сияқты жұмыстар жүргізіледі. Ол қоршаған болмысты тануда үлкен роль атқарады. Бұл әдістердің қажетті әдебиеттерді іздеу, әдебиет материалдарына алдын- ала талдау жасау, оқу мен жазып алу техникасын ескеру, тақырыптың белгілері бойынша жеке картотекасын құру, әдебиеттерді бір жүйеге келтіріп

қолдану, әдебиеттерді зерттеу сияқты сатылары бар.

  1. Талдау мен синтез.

  2. Абстракциялау.

Абстракциялаудың екі түрі бар: талдап қорыту және бөлу. Талдап қорыту көптеген бірыңғай зерттеулермен құбылыстардың жалпы бірдей белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу бір затты немесе құбылыстарды зерттеп талдау.

  1. Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері. Бұл әдістің көмегімен әмпирикалық деректер қорытындылланып, жекеден жалпыға қарай және керісінше жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар

айқындалады.

  1. Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады.

  2. Теория жүзінде мүмкін жағдайлардың, құбылыстардың немесе заттардың заттық моделін жасау. Модельдеу – зерттеу обьектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір обьектімен алмастырылатын зерттеу әдісі. Бірінші обьект түпнұсқа болады да екінші обьект оның моделі болады. Зреттеуші модельді зерттеп, алған нәтіжелерін ұқсастық және үйлестік заңы бойынша түпнұсқаға көшіреді. Модель және модельдеу әдісі түпнұсқаны зерттеу қиын немесе мұмкін емес болғанда немесе түпнұсқаны зерттеу

үлкен қаражат шығынын талап еткен жағдайда қолданылыда. Модель мен түпнұсқа арасында белгілі бір ұқсастық болу керек. Мұндай ұқсастық зерттеушінің модельді зерттеу кезінде алған ақпараттарын түпнұсқаға көшіруге мүмкіндік береді, ал көшіру үшін ұқсастықтың, талдау мен сінтездің әртүрлі формалары қолнанылады.Модель ұқсастық ретінде түпнұсқа, оны жетілдіру, қайта құру және оны басқару туралы білімді зерттеу, сақтау және кеңейту үшін қолданылады. Модельдеу ауызша, логикалық, физикалық, математикалық, заттық, белгілік болады. Модельдің түрін таңдау таным зерттеу обьектісінің күрделілігіне байланысты.

  1. Болжау әдісі зерттеушінің қатысынсыз педагогикалық жүйе немесе білім беру жүйесінің қозғалысын көрсету үшін қолданылады. Зерттеу нәтижесінде алынған нақты ғылыми деректерді сандық көрсеткіштерге, кестелерге, графиктерге, сазбаларға, формулаларға түсініктер мен заңдарға айналдыру зерттеушінің ойлау абстракциясының жоғары деңгейі мен дәрежесі қажет. Осының бәріне бүгінде болашақтағы білім беру жүйесінің даму заңдылықтары мен тенденцияларын түсіну үшін теориялық жағынан терең талдау жасалуда.

  2. Математикалық және статистикалық әдіс педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелдікті анықтау үшін қолданылады. Бұл әдіс зерттеу жиынтығын өндеу үшін, байланыс пен ықпал ету көрсеткіштерін есепке алу үшін, өз ара тәуелділікті айқындау үшін, әр түрлілік көрсеткіштерін бөлу деңгейін анықтау үшін, орташа арифметикалық қате мен оның мөшерін айқындап, осы мөлшерді бөлу дәрежесін, рташа квадраттық ауытқуларды, әр түрлілік коэффициенттерін есептеу үшін қолданылады.

Теориялық деңгейдегі бұл әдістердің тобы эмпирикалық деректерге және олардың теорияларын құрастыруға ықпал етуін терең талдау жасап, ондағы заңдылықтарды ашуға сыртқы факторларды және олардың ішкі мазмұнының факторларын кіргізуге бағытталған.
Мектеп құжаттарын зерттеу. Оқу және тәрбие жұмыстарындағы күдікті мәселелерді құжаттарға сүйеніп зерттеуге болады. Бұл мектеп және
мектептен тыс тәрбие мәселелеріндегіқұжаттар мен архив мәліметтері. Мектеп құжаттарына сынып журналы, оқушылардың күнделіктері, сыныптың оқу тәрбие жұмыстарының жоспары, үйірме жұмыстарының жоспары мен есебі, үйірме мүшелерінің баяндамалары жатады. Педагогика тарихының проблемаларын архив мәліметтеріне сүйеніп зерттейді.
Оқушылардың жұмысын зерттеу. Оқушылардың жазба, бақылау және графикалық жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері, әр түрлі тақырыптарға жазған баяндамалары мен рефераттары және еңбек сабақтарында жасалған заттар зерттеушіні кейбір қажетті мәліметтермен қаруландырады.
Зерттеуші оқушылардың жұмыстарына жан-жақты талдау жасайды. Сабақ барысында оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуінің, олардың жаппай және дербес орындайтын жұмыстарын жүргізуді және осы сияқты дидактикалық проблемаларды қоданудың тиімді жолдарын іздестіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет