Байланысты: Айтжанова Роза Мукантаевна П. . к., профессор
Педагогиканыңфилософиялықнегіздемесі.Әрбір ғылым өзінің дербес әдінамасын, зерттеу әдістерін жасайды. Зерттеу әдістерінде амалдарды, жолдарды, обьективті заңдылықтарды тану. Әдіс арқылы әр ғылым зерттеу пәні бойынша ақпарат жынастырады, талдау жасайды және жинаған материалдарды өңдейді. Педагогиканың да өзіне тән ғылыми зерттеу әдістері бар. Бұл әдістерді зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстардың ерекшеліктеріне сәйкес қолданады.
Тәрбие мен оқытудың нәтижесі тек қана мұғалімнің тиімді әдістерді қолдана білуі мен педагогикалық шеберлігіне байланысты емес, ол оқушылардың қабілеттілігіне, жан-жақты дамуына және осы сияқты толып жатқан факторларға байланысты. Басқа дәл ғылымдарға (физика, математика, химия) қарағанда педагогикалыұ құбылыстарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, дәл ғылымдар бойынша экспериментті қайталап жүргізуге болады. Егер бұрынғы жағдай ескеріліп, сол кезеңдегі
материалдар пайдаланылса, эксперименттің нәтижесі өзгермейді. Ал педагогика ғылымы бойынша экспериментті қайталап жүргізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі, педагогикалық зерттеудің обьектісі – баланы тәрбиелеу. Сондықтан педагогикалық процеске ішкі және кейбір факторлар (даму барысында оқушыларда пайда болатын өзгерістер, әлеуметтік және микроортада кездесетін түрлі жағдайлар және т.б.) әсер етеді. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері баланың денсаулығына зиян келтірмейтіндей және оқу-тәрбие процесін жетілдіру бағытында қолданылу қажет. Зерттеу жұмыстары жоспарланады және ұйымдастырылады. Экспериментальді – эмпирикалық деңгейдегі әдістер.
Педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістеріне бақылау, әңгіме, мектеп құжаттары, оқушылардың жұмыстары, эксперимент және т.б. жатады.
Бақылау әдісі. Бұл педагогикалық мәліметтерді жиі қлданылып жүрген әдістердің бірі. Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық құбалыстарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнаулы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, обьектісі, жүргізу әдістері мен техникасы дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми педагогикалық зерттеулерін педагогикалық құбылыстарды дұрыс және шын дәлдікпен жазып алуды талап етеді.
Педагогикалық бақылау – бұл белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттеудің таным әдістері. Бақылау нәтижелері дұрыс шығу үшін түрлі формулаларды, кестелерді, фотосуреттерді, схемаларды, әсірісе техникалық құралдарды, киноға түсіру, магнитофонға жазу және т.б. кеңінен пайдаланылады. Бақылау материалдары арнайы күнделікке,
хаттамаға жазылады.
Әңгіме әдісі. Бақылау мәліметтерін бақылау арқылы түскен материалдармен толықтырады. Әңгіме әдісін дұрыс қолдану үшін арнайы жоспар жасап, онда негізгі сұрақтар мен жанама сұрақтардың әңгіме жасаудың әдістері мен тәсілдері нақты көрсетілгені жөн.
Әңгіменің барысы хаттамаға жазылады. Кейде зерттеушіге елеусіз жағдайда әңгімені магнитофн арқылы жазып алуға болады. Әңгіме әдісі эксперимент және бақылау әдістерімен байланыстырылып жүргізілгенде ғана нәтиже береді.
Мектеп құжаттарын зерттеу. Оқу және тәрбие жұмыстарындағы күдікті мәселелерді құжаттарға сүйеніп зерттеуге болады. Бұл мектеп және мектептен тыс тәрбие мәселелеріндегіқұжаттар мен архив мәліметтері. Мектеп құжаттарына сынып журналы, оқушылардың күнделіктері, сыныптың оқу тәрбие жұмыстарының жоспары, үйірме жұмыстарының жоспары мен есебі, үйірме мүшелерінің баяндамалары жатады. Педагогика тарихының проблемаларын архив мәліметтеріне сүйеніп зерттейді.
Оқушылардың жұмысын зерттеу. Оқушылардың жазба, бақылау және графикалық жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері, әр түрлі тақырыптарға жазған баяндамалары мен рефераттары және еңбек
сабақтарында жасалған заттар зерттеушіні кейбір қажетті мәліметтермен қаруландырады.
Зерттеуші оқушылардың жұмыстарына жан-жақты талдау жасайды. Сабақ барысында оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуінің, олардың жаппай және дербес орындайтын жұмыстарын жүргізуді және осы сияқты дидактикалық проблемаларды қоданудың тиімді жолдарын іздестіреді.
Эксперимент. Эксперимент деп нақты жағдайларды есепке алып, педагогикалық процесті зерттейтін ғылыми тәжірибені айтады. Педагогикалық эксперименттерге сүйеніп, зерттеуші оқытудың және тәрбиелеудің тиімді тәсілдері мен әдістерін, формалары мен мазмұнын тексереді. Экспериментті зерттеудің нәтижелері әдеттегі жағдайда жүргізілетін педагогикалық жұмыспен салыстырылады. Сондықтан экспермент мәліметтерін салыстыру үшін екі обьект алынады. Олардың бірі
– экспериментті, екіншісі – бақылау обьектісі деп аталады. Зерттеу жұмысы нәтижелі болу үшін экспериментті және бақылау топтағы, сыныптағы оқушылардың сан және сапа жағынан теңдестіріліп алынған жөн.
Соңғы кезде педагогикалық әдкбиеттерде эксперименттің бірнеше түрлері қолданылып келеді. Олардың бірі – табиғи эксперимент – бұл сыныпты , бүкіл ұжымды оқу-тәрбие процесін бұзбай, педагогикалық проблемаларды зерттеу үшін әдеттегі жағдайда жүргізіледі.
Мектептегі озат тәжірибелердізерттеу барысында пайда болған болжамды анықтау үшін тексеру эксперименті қолданылады. Мысалы, педагогикалық ғылыми – зерттеу институттары жаңадан жасалған оқулықтардың немесе оқу бағдарламаларының тиімділігін арнаулы мектептерде тексеру эксперименті арқылы зерттейді.