Курсы мамандығы: «5B010300-Педагогика және психология»



бет33/60
Дата10.03.2023
өлшемі302,06 Kb.
#72891
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   60
Байланысты:
Айтжанова Роза Мукантаевна П. . к., профессор

Тәрбие - баланың дамуын қоғам талаптарына сәйкес бағыттап, белгілі бағытта жеке және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық баланың өмірі мен іс-әрекеттерін ұйымдастырады, ортадағы жағдайлардан тұлға дамуына қажетті материалдарды іріктейді, жеке бастың дамуына теріс, зиянды әсер қалдыратын жағымсыз ықпалдардан аластайды, аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беруі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін бала дамуын бағыттайтын процесс. Сондықтан тәрбие - тұлға қалыптастырудың негізгі күші. Тәрбие негізгі күш болғандықтан, оның жетімсіздігі, әлсіздігі баланың қалыптасуына кері әсер етеді. Әсіресе баланың отбасындағы тәрбиесі өмір бақи соңынан қалмайды. Қазақтың
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», - деген мақалы осы жағдайды меңзейді.



  1. «Тұлға» түсінігі. Оның дамуы мен қалыптасуы. Педагогика теориясы мен практикасының ең күрделі, ең өзекті мәселелерінің бірі – тұлға және оның арнайы ұйымдастырылған жағдайдағы дамуы. Бұл проблема көп аспектілі, сондықтан оны әртүрлі ғылымдар зерттейді.

Педагогика оқыту мен тәрбие процесінде тұлғаның жан-жақты, гармониялы дамуының тиімді жағдайларын анықтайды және зерттейді.
Тұлға дамуының педагогикалық мәнін анықтау үшін бірінші кезекте
«тұлға» түсінігінің мәнін, оның «адам», «индивид» және «даралық»
түсініктерімен ара-қатынасын, байланысын ашуымыз керек. Адам дамуында әрқашан бір-бірімен байланысты екі бағыт бар: биологиялық және әлеуметтік.
«Адам» түсінігі биологиялық мәнді білдіреді. Оған берідген анықтамалар өте көп.

  1. Адам (биологиялық түсінік ретінде) - тірщілік иесі, өкілі, фило- және онтогенетикалық даму өнімі.

  2. Адам – адамзат қауымдастығының бір өкілі, құралдар мен белгілер пайдаланатын және солар арқылы өзінің жүріс-тұрысын, мінез-құлқын және психикалық процесстерін меңгеретін, табиғи шектеушілік шекарасынан шыққан әлеуметтік тіршілік иесі.

Күнделікті тұрмыста индивид деп оның өзіне тиесілі ерекшеліктері бар нақты бір адамды айтамыз. Индивидтің ең жалпыама сипаттамалары ретінде психофизиологиялық ұйымдасуыының тұтастығы мен өзіндік ерекшелігін, қоршаған ортамен өзара әрекеттегі тұрқтылыығын, белсенділігін айтуға болады. Әр адам – индивид.
Даралық, қысқаша айтқанда, бір адамды екінші адамнан айыратын ерекшелік. Даралық мінез және темперамент, шығармашылық іс-әрекет және қабілеттер ерекшелігімен көрінеді. Абсолютті бірдей екі адам болмайды. Яғни, әр адамды өзіндік ерекшіктері (психикалық, әлеуметтік) даралық ретінде қарауымыз керек.
Педагогикада және психолгияда тұлға және оның дамуы проблемасы бойынша үш бағыт болды: биологиялық, әлеуметтік және биоәлеуметтік.
Биологиялық (преформистер) бағыт өкілдері тұлғаны тек қана табиғи өнім ретінде қарастыра отырып адамның мінез-құлқын, жүріс-тұрысын туа біткен қажеттіліктер, инстинктер ықпалы деп түсіндіреді (З.Фрейд). Адам қоғам талаптарына бағынауға және соның барысында өзінің табиғи қажеттіліктерін үнемі басып отыруға мәжбүр. Ол өзімен өзінің осы күресін жасыру үшін «маска киеді» немесе қанағатандырылмаған табиғи қажеттіліктерін басқа бір іс-әрекет түрімен алмастырады дейді. З.Фрейд адамның жүріс-тұрысы толығымен жыныстық инстинктен (либидо) тәелді деп есептеді.
Әлеуметтік бағыт өкілдері адам биологиялық тіршілік иесі бола тұра өмір сүру барысында өзі қарым-қатынасқа түскен әлеуметтік топтардың ықпалы арқылы біртіндеп әлеуметтенеді деп есептейді. Тұлғаның даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым онда биологиялық ерекшеліктері анық көрінеді, бірінші кезекте иемдену, бұзу, қирату, жыныстық және т.б. инстинктер.
Биоәлеуметтік бағыт өкілдері психикалық процестер (түйсік, қабылда, ойлау және т.б.) биологиялық негіде, ал тұлғаның бағыттылығы, қызығушылықтары, қабілеттері әлеуметтік құбылыс ретінде қалыптасады деп түсіндіреді.
Қәзіргі заманғы педагогика ғылымы тұлғаны биологиялықты әлеуметтіктен бөлуге болмайтын біртұтас ретінде қарастырады. Тұлға бойындағы биологиялық өзгерістер оның іс-әрекетіне ғана емес, өмір сүру
образына әсерін тигізеді. Дегенмен, шешуші рольді әлеуметтік өмір нәтижелері: мотивтер, қызығушылықтар, мақсаты атқарады. Олар тұлғаның бейнесін анықтай отырып дене (физикалық) кемшіліктері мен мінез ерекшеліктерін (қызуқандылық, ұялшақтық және т.б.) жеңуге мүмкіндік береді.
Тұлға қоғамдық өмірдің өнімі бола тұра сонымен қатар тірі организм. Тұлға қалыптасуында биологиялық пен әлеуметтіктің қатынасы өте күрделі және адам дамуының әр кезеңіндегі, әртүрлі жағдайларындағы ықпалдары біркелкі емес.
Л.И.Божович тұлға деп психикалық дамуында белгілі бір деңгейге жеткен адамды айтады. Бұл деңгей адам өзін-өзі тану процесінде өзін басқалардан бөлек деп қараумен және «Мен» деген түсінікпен сипатталады. Сонымен қатар, психикалық дамудың бұл деңгейі адамның өзінің көзқарастарына сәйкес келмейтін қоршаған ортаның ықпалдарынан тәуелсіздігімен және салыстырмалы түрде оны тұрақты ететін өзіндік көзқарастары, моральдік талаптары және бағалары болуымен сипатталады.
Л.С.Выготскийдің анықтамасы бойынша тұлға – белгілі бір функцияларды атқару үшін пайда болатын психикалық жүйе. Ьұлғаның негізгі функциясы – қоғамдық тәжірибені шығармашылпен игеру және адамды қоғадық қарым-қатынастар жүйесіне енгізу. Тұлға тек іс-әрекетте, қарым-қатынаста қалыптасады, өмір сүреді және өзін-өзі көрсетеді. Адамзат баласы адам болып туса, тұлға болып қалыптасады.
Тұлғаның мәнді сипаттамалары:

  1. дүниетанымының мазмұны, психологиялық мәні;

  2. дүниетанымының, сенімдерінің тұтастығы;

  3. қоғамдағы өз орнын сезіну деңгейі;

  4. қажеттіліктер мен қызығушылықтар сипаты және мазмұны;

  5. әртүрлі тұлғалық қасиеттерінің көріну мен қатынасының ерекшеліктері.

Тұлға дамуын түсіндіруде де әртүрлі көзқарастар бар. Метафизиктер дамуды зерттелеліп отырған құбылыстың азаюы немесе көбеюі, қарапайым қайталау, санадық жинақталу процесі деп түсіндіреді.
Табиғи жағдайлармен адам дамуы формаларының байланысын Э.Геккелмен Ф.Мюллер ашқан биогенетикалық заң көрсетеді. Бұл заң бойынша онтогения (жеке даму) дегеніміз филогенияның (түрдің дамуы) қысқа және тез қайталануы. Шынында, адам өзінің жеке дамуында адамзаттың дамуын қайталатыны туралы фактілер бар. Бірақ, бұл осындай қысқа мерзім ішінде түрдің дамуын қайталау барлық организм белгілеріне тән дегенді білдірмейді (өмір жағдайына бейімделу барысында пайда болған белгілер де бар). Адам дамуы бұдан күрделірек.
Диалектикалық материализм өкілдері дамуды табиғаттың, қоғамның және ойлаудың бөлінбейтін қасиеті, төменнен жоғарыға қозғалыс, жаңаның пайда болуы және секінің жойылуы немесе қайта құрылуы деп түсіндіреді. Осы тұрғыдан қарастырсақ тұлға дамуы тек сандық өзгерістер ғана емес, сонымен қатар сапалық өзгерістер жүретін біртұтас биоәлеуметтік процесс.
Оқыту мен тәрбие барысында туындайтын ескі мен жаңаның арасындағы қарама-қайшылық тұлға дамуының қозғаушы күші болып табылады. Ол қарама-қайшылықтар:

  • іс-әрекет барысындан туындайтын жаңа қажеттіліктер мен оларды қанағаттандыру арасындағы қарама-қайшылық;

  • баланың өскен дене және рухани мүмкіндіктері мен ертерек қалыптасқан өзара қарым-қатынас формалары және іс-әрекет түрлері арасындағы қарама-қайшылық;

  • қоғам талаптары мен тұлға дамуының деңгейі арасындағы қарама- қайшылық.

Оқушы тұлғасының дамуы бір-бірімен тығыз байланысқа үш бағыт бойынша жүреді: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік. Әр бағыт бойынша қайтымсыз өзгерістер – оқушы тұлғасының жаңа сапалық жағдайы пайда болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет