Эксперимент. Эксперимент деп нақты жағдайларды есепке алып, педагогикалық процесті зерттейтін ғылыми тәжірибені айтады. Педагогикалық эксперименттерге сүйеніп, зерттеуші оқытудың және тәрбиелеудің тиімді тәсілдері мен әдістерін, формалары мен мазмұнын тексереді. Экспериментті зерттеудің нәтижелері әдеттегі жағдайда жүргізілетін педагогикалық жұмыспен салыстырылады. Сондықтан экспермент мәліметтерін салыстыру үшін екі обьект алынады. Олардың бірі
– экспериментті, екіншісі – бақылау обьектісі деп аталады. Зерттеу жұмысы нәтижелі болу үшін экспериментті және бақылау топтағы, сыныптағы оқушылардың сан және сапа жағынан теңдестіріліп алынған жөн.
Соңғы кезде педагогикалық әдкбиеттерде эксперименттің бірнеше түрлері қолданылып келеді. Олардың бірі – табиғи эксперимент – бұл сыныпты , бүкіл ұжымды оқу-тәрбие процесін бұзбай, педагогикалық проблемаларды зерттеу үшін әдеттегі жағдайда жүргізіледі.
Мектептегі озат тәжірибелердізерттеу барысында пайда болған болжамды анықтау үшін тексеру эксперименті қолданылады. Мысалы, педагогикалық ғылыми – зерттеу институттары жаңадан жасалған оқулықтардың немесе оқу бағдарламаларының тиімділігін арнаулы мектептерде тексеру эксперименті арқылы зерттейді.
Тұтас педагогикалық процестің мазмұнын, ұйымдастыру формаларын, принциптері мен әдістерін жаңадан құру үшін арнаулы эксперимент жүргізіледі. Мұны жасампаз эксперимент деп атайды.
Экспериментті жасанды жағдайда да жүргізуге болады. Кейде жете бақылау мен тексерудің нәтижелерінде оқыту мен тәрбиелеудің кейбір әдістері мен тәсілдеріне өзгерістер енгізуге болады. Бұл жағдайда педагогикалық құбылысты ұқыптылқпен бақылау үшін сынып ұжымынан бір топ бала бөлініп алынады да, олармен арнаулы эксперимент жүргізіледі. Эксперименттің мұндай түрін лабораториялық деп айтады.
Әрбір эксперименттің мақсаты зерттейтін тақырыптың сипаты мен мазмұнына, ал мерзімі – мақсатына байланысты.
ІV. Теориялық деңгейдегі әдістер.
Әдебиеттерде көзделген зерттеу зерттеулердің бастапқы құрамды бөлігі болып табылады. Әдебиеттерді зерттеу кезінде оларға талдау жасау, оларды толықтыру, теңестіру жалпыға ортақ ғылыми әдістерді анықтау сияқты жұмыстар жүргізіледі. Ол қоршаған болмысты тануда үлкен роль атқарады. Бұл әдістердің қажетті әдебиеттерді іздеу, әдебиет материалдарына алдын-ала талдау жасау, оқу мен жазып алу техникасын ескеру, тақырыптың белгілері бойынша жеке картотекасын құру, әдебиеттерді бір жүйеге келтіріп қолдану, әдебиеттерді зерттеу сияқты сатылары бар.
Анализ бен синтез.
Абстракциялау.
Абстракциялаудың екі түрі бар: талдап қорыту және бөлу. Талдап қорыту көптеген бірыңғай зерттеулермен құбылыстардың жалпы бірдей
белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу бір затты немесе құбылыстарды зерттеп талдау.
Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері.
Теория жүзінде мүмкін жағдайлардың, құбылыстардың немесе заттардың заттық моделін жасау.
Бақылау әдісі (интервью).
Теориялық деңгейдегі бұл әдістердің тобы эмпирикалық деректерге және олардың теорияларын құрастыруға ықпал етуін терең талдау жасап, ондағы заңдылықтарды ашуға сыртқы факторларды және олардың ішкі мазмұнының факторларын кіргізуге бағытталған.