Микрофактор Мезофактор Кесте – 1. Тұлғаның дамуына әсер ететін негізгі факторлар (А.В.Мудрик бойынша).
Адамның қоршаған ортамен өзара әрекеті «әлеуметтену»түсінігі арқылы ашылады. «Әлеуметтену» ғылымаралық түсінік және педагогикада кең қолданылады. Америка әлеуметтанушылары Т.Парсонс, Р.Мертон әлеметтенуді тұлғаның әлеуметтік жүйемен толық интеграциялану процесі
барысындағы бейімделуі деп түсіндіреді. Олар әлеуметтенуді «адаптация» түсінігі арқылы ашады.
«Адаптация» түсінігі биологиядағы негізгі түсініктердің бірі ретінде тірі организмнің қоршаған табиғи орта жағдайына бейімделуін білдіреді.
Адаптация түсінігі арқылы әлеуметтену адамның әлеуметтік ортаға ену процесі және оның мәдени, психологиялық, әлеуметтік факторларға бейімделуі деп қарастырылады.
Гуманистік психология өкілдері А.Маслоу, К.Роджерс, Г. Олпорт және т.б. әлеуметтену мәнін басқаша түсіндіреді. Олардың пікірінше, әлеуметтену адамдардың «Мен-Концепциясын» өздері жаңғырту, потенциалдары мен шығармашылық қабілеттерін өздері іске асыру процесі, оның өзіндік дамуына кедергі жасайтын ортаның негативті ықпалдарынан өту процесі.
Бұл көзқарастар әлеуметтенудің екі жақтылық сипатын көрсете отырып бір-біріне қарама-қарсы келмейді.
Сонымен, әлеуметтенуді индивидтің әлеуметтік тәжірибені меңгеру процесімен нәтижесі және оны белсенді түрде қайта өндіруі, өңдеуі деп айтуға болады. Бұл тәжірибені меңгеру әрқашан субъективті сипатта болады. Әртүрлі адамдар бірдей жағдайдан әртүрлі тәжірибе алуы мүмкін. Бұдан біз екі қарамқарсы процестердің - әлеуметтенудің және дараланудың (индивидуализация) бірлігін көреміз.
Әлеуметтену – үздіксіз өмір бойы жүретін процесс.
Әлеуметтенуфакторлары: (А.В.Мудрик бойынша)
макрофактор: мемлекет, ел, коғам, мәдениет;
мезофактор: этнос, тұратын аймағы, тұратын жерінің түрі (тип поселения), бұқаралық қарым-қатынас құралдары;