Курсы мамандығы: «5B010300-Педагогика және психология»


Педагогикалық процеске берілген анықтамалар



бет38/60
Дата10.03.2023
өлшемі302,06 Kb.
#72891
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   60
Байланысты:
Айтжанова Роза Мукантаевна П. . к., профессор

Педагогикалық процеске берілген анықтамалар:


«Педагогикалық процесс - өзінің табиғатында өзіне-өзі әрекет жасай алатын жеке қоғамдық тұлғаның жан-жақты жетілуі» П.Ф.Каптерев.
«Тәрбие мен оқыту біртұтас процесс. Біртұтастық дегеніміз - оқу мен тәрбиенің, олардың мақсаты, міндеті, мазмұны, әдісі, құралы, түрі, мұғалім мен оқушы, оқушы пен оқушы, оқушы пен ата-ана, сынып жетекшісі мен сынып мұғалімдері қоршаған орта, білімнің, тәрбиенің мазмұны және т.б. біртұтастықта алынып, жеке-жеке қаралады»Н.Д.Хмель.
«Педагогикалық процесс – ұстаз бен шәкірттің өзара әрекеттеріне
бағытталған, мақсат көзделген процесс. Осының арқасында шәкірттерге тәрбие, білім (оқыту, үйрету) және оларды дамыту жүзеге асырылады. Педагогикалық әдебиеттерде оқыту және тәрбие процесі бар. Ол екі ұғымның екеуі де дұрыс. Процесс дегеніміз - жүргізілуі немесе барысы деген ұғымдарды білдіреді. Оқыту процессі – оқытудың барысы, тәрбие процесі – тәрбиенің барысы. Педагогикалық процесте ұстаз жетекші рөл атқарады, шәкірт белсенділік танытып саналы түрде ат салысады. Осы жағдайда ғана педагогикалық процесс дұрыс орындалады» Т.Б.Бегалиев.
«Педагогикалық процесс – көптеген процестердің ішкі байланысқа
жиынтығы, оның мәні – әлеуметтік тәжірибе қалыптасқан адами санамен байланыстылығы. Тұтастық, жалпылық, бірлік – бірдей мақсатқа бағытталған педагогикалық процестің барлық құраушыларының негізгі сипаттамасы. Педагогикалық процесс – қойылған мақсатқа жетуге бағытталған, тәрбиеленушінің қасиеттерінің белгіленген өзгерісіне, түрленуіне алып келетін тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара бірлескен іс- әрекетінің дамуы. Педагогикалық процесс – негізгі, біріктіруші жүйе. Онда қалыптасу, даму, тәрбие және оқыту процестері өздерінің барлық шарттарымен, формаларымен, әдістерімен өзара бірігеді» И.П.Подласый.
«Педагогикалық процесс – тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту заңдылықтары негізінде қойылған мақсатқа сәйкес баланың өмірлік іс- әрекетін мақсат-бағыттылыққа ұйымдастыру»С.А.Пуйман.
«Педагогикалық процес педагогикалық іс-әрекеттер мен құбылыстарды біріктіретін тұтас жүйе: тұтас педагогикалық процесс, тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары, тұтас педагогикалық процестің кезеңдері, педагогикалық инновациялар, қазіргі кезең мектебінің мұғалімі».С.А.Смирнов, И.Б.Котова, Е.Н.Шиянов, Т.И.Бабаева.
«Педагогикалық процес тәрбиеленушінің тұлғалық қасиеттері мен сапалық түрленуіне алып келетін, қойылған мақсаттың нәтижесіне бағытталған, арнайы ұйымдастырылған, уақыт пен кеңістікке қатысты нақты тәрбиелік жүйеде дамитын тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс- әрекеті» В.И.Смирнов.
«Педагогикалық процесс – тәлім-тәрбиелік қарым-қатынастарды ұйымдастырудың тәсілі. Педагогикалық процесті ұйымдастыратын педагог. Педагогикалық процестің психологиялық құрылымы: танымдық процестер (қабылдау, ойлау, есте сақтау, ақпарат сіңіру), оқуға қызығушылық (оқуға қызығуды, қабілетті, ынтаны айқындау), қуат (көтеріңкі не түсінкі, дене мен күш-қуаты, белсенділік, еңбекқорлық не шаршау динамикасы)»Ж.Ә.Әбиев, С.Б.Бабаев, А.М.Құдиярова.
Педагогикалық процесс – тәрбие процесінің негізгі құрылымдық бірлігі, оның ерекшелігі сол – ол тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс- әрекетінің педагогикалық жүйесін анықтай түседі: егер тәрбие процесі ұғымы тұлғаны қалыптастыратын барлық мақсатты бағытталған әсерлердің жиынтығын өзіне біріктірсе, ал педагогикалық процесс ұғымы алдын ала ұйымдасқан тәрбиелік өзара іс-әрекеттерді бейнелейді.
Педагогикалық процестің ерекшеліктері оның құрамындағы бөліктерінің ішкі байланыстарымен көрінеді. Процесс алға басу, жағдай, белгілі бір нәтижеге жетудегі бірізді әрекеттердің бірлігін білдіреді. Мұнда
«процесс» деген ұғымның мағынасы «мұғалім мен оқушы» жүйесіндегі түпкі мақсатқа бірізді әрекеттер бірліктері арқылы жету ұстаздан қандай нақтылы жағдайды өзгерту және осыған сәйкес қандай әрекет істеу керектігін білуі керек. Бұл сұрақтарға жауап өз тарапынан сол байланыстармен оның болатын, өз арасындағы бар байланыстарымен және мұғалімнің педагогикалық процестің бөліктері мен құрылымын білуге тікелей байланысты болатын заңдылықтарымен байланысты.
Мәндік, мағыналық тұрғыдан педагогикалық процесс - әлеуметтік құбылыс. Педагогикалық процестің басты мақсаты - қоғамның әлеуметтік тапсырысын іске асыру, яғни өздеріне жүктелінген міндеттерді табысты шеше білетін адамдардың жан-жақты дайындығын қамтамасыз ету. Педагогикалық процеске әлеуметтік тәжірибе ұсынылады, әрі ол белсенді игеріліп отырылады, бұл мақсат бағдарлы ұйымдастырылған іс-әрекеттер жәрдемімен, тәрбиелеуші және тәрбиеленушілер қарым-қатынасымен, шәкірттер санасына, еркі мен көңіл-күйіне жүйелі әсер етумен орындалып жатады.
1. Оқыту - қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын, білім, іскерлік және дағдыларды меңгерте отырып, мақсатты қалыптастыру мен дамыту процесі. Оқыту- қоғамдық құбылыс түріндегі мақсатты бағдарланған жүйелі ұйымдастырылған қоғамдық қатынастар тәжірибесі, қоғамдық сананың даму нәтижесі, еңбек өндірісінің мәдениеті, қоршаған ортаны қорғау мен оны белсенді қайта өзгерту, білімдерді аға ұрпақтың өскелең ұрпаққа үйретіп оны оларды меңгеруі.
Түрлі деңгейлерде іске асырыла отырып, оқыту процесі циклдық сипатқа ие болды. Оқыту процесінің циклдері дамуының ең негізгі көрсеткіштері басты екі мақсатқа негізделіп тоқталған, педагогикалық еңбектердің ең жақын дидактикалық мақсаттары:

  • білім беру- бұл мақсат оқушылардың танымдық іс әрекеті тәсілін меңгеріп, олар арқылы ғылым негіздерін игерулерін, белгілі бір білімдердің, дағдылар мен іскерлікті үйренулерін өздерінің рухани, денелік және еңбек қабілеттерін жетілдірулерін, еңбек және кәсіби дағдыларды игеруін көздейді.

  • тәрбиелеу- әрбір оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін, белсенді шығармашылығын және әлеуметті кемелденген жоғары адамгершіліктегі үйлесімді дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етеді.

Ұстанымы тәжірибелік педагогикалық іс- әрекетінің негізінде жатқан, қазіргі таңдағы дидактиканы төмендегі ерекшеліктері сипаттайды:

  1. Оның әдіснамалық негізін таным философиясының объективті заңдылықтары құрайды.

  2. Материалистік диалектика негізінде жасалған, қазіргі таңдағы дидактикалық жүйедегі оқытудың мәні мен оқушыларға дайын білімді

беруді, не қиыншылықтарды өз бетінше жеңулеріне, не болмаса оқушылардың өз бетінше жеке жаңалық аша оқуларына сәйкес келмейді. Оның айырмашылығы оқушылардың жеке пікірлері мен тәуелсіздігі, белсендіктерінің, педагогикалық басқарымның саналы үйлесімдігінде.
Оқыту мен дамудың өзара қарым- қатынасы барлық уақытта педагогиканың өзекті мәселесі болып отырған Я.А. Коменскийдің еңбегінен бастап, оқытудың ғылыми негізін іздестіру басталған, сонын негізінде әрбір оқушының жеке мүмкіндіктерімен олардың жасының даму процесіндегі өзгерістерін дамыта оқытудың ғылыми негізін іздестіру басталған. Бұл мәселеге орыс педпгогикасының негізін салушы К.Д. Ушинский де назар аударған. Ол өзінің “Адам тәрбие пәні” атты еңбегінде, баланың түрлі жасерекшелігі кезеңіндегі негізгі психологиялық даму ерекшеліктерін айта отырып баланы оқытудың ең күшті факторы оқыту мен тәрбиелеу деп жазды.
Оқыту педагогика ғылымының категориясы ретінде және оқыту процесі немесе дидактикалық процесс бірдей мағынадағы ұғымдар емес. Процесс оқыту жағдайларының толық педагогикалық құбылыс ретінде педагогикалық іс-әрекеттердің үзіндісі, актісі ретінде ауысып отыруы. Іс- әрекет ретінде оқыту ұғымымен іс-әрекеттердің шеңберін, міндетін білдіретін «қызмет» ұғымы тығыз байланысты. Оқытудың қызметі оқыту процесінің мәнін сипаттайды.
Оқытудың әлеуметтік, педагогикалық психологиялық мәні оның қызметтерінен біршама анық айқындалады. Солардың ішіндегі, бірінші кезектегі біршама мәндісі – оқушыларда білімдерді, дағдыларды және шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің іскерлігін қалыптастыруы (білім беру қызметі). Ол балалар мен ересектерде обьективті түрде қоршаған орта жөнінде ой толғауға мүмкіндік жасайтын білімдерінің толығуына қарай біртіндеп қалыптасады. Алдыңғы екі қызметімен тікелей байланыстағы тұлғасын және оның өз бетінше ойлауын дамыту қызметі атқарылады (дамыту қызметі).
Адамның дамуы – бұл оның денесінің физиологиялық және психологиялық сипаттамаларының олардың ішіндегі ең бірінші ақыл- ойының сапалы дамуын білдіреді. Сонымен қатар, оқытудың профориентациялау қызметінің де мәні зор.
Үздіксіз білім беруде дайындау қызметі, адамды өндіріске және қоғамдық қарым-қатынастарға белсенді араласуға бағыттайды, практикалық іс-әрекетке дайындайды, өзінің политехникалық, кәсіби, жалпы білімі, толық дайындығын үнемі жетілдіріп отыруға бағыттайды. Креативтілік қызметі тұлғаның жан-жақтылығын үздіксіз дамытуды көздейді. Өзінің мәні жағынан оқыту процесі – түрлі реттегі және деңгейдегі заңдар мен заңдылықтар арнайы айқындалатын заңдылықты түрде дамитын процесс. Заңдылықтар обьективті, мәнді қажетті, жалпы, тұрақты және белгілі бір жағдайларда қайталанып отыратын өзара байланыстарды бейнелейді. Феноменнің мәнінің қатаң түде айқындалған ерекшеліктері – заңдарды құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет