Курсы мамандығы: «5B010300-Педагогика және психология»



бет36/60
Дата10.03.2023
өлшемі302,06 Kb.
#72891
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   60
Байланысты:
Айтжанова Роза Мукантаевна П. . к., профессор

микрофактор: отбасы, микросоциуам (жақын қоршаған орта), тәрбие институттары, діни ұйымдар.

Тұлға дамуындағы тәрбие ролі әртүрлі бағаланады. Біреулер қолайсыз орта мен жаман шыққан тегі жағдайында тәрбиенің ешқандай нәтижесі болмайды десе, екіншілер адам табиғатын өзгертудің бірден-бір жолы тәрбие деп түсіндіреді. Шын мәнінде тәрбие арқылы көп нәрсеге қолжеткізуге болады, бірақ адамды толық өзгерту мүмкін емес.
Тәрбиені мақсатты бағытталған және саналы бақыланатын әлеуметтену процесі деп айтуға болады. Тәрбие әлеуметтену процесін басқару механизмі болып табылады. Осыған байланысты тәрбиенің екі негізгі функцияларын атауға болады:

  1. тұлғаға әсер ететін әлеуметтік, психологиялық және тағы басқа ықпалдарды реттеу,

  2. тұлғаны дамыту мақсатымен әлеуметтену процесін жеделдетуге жағдай жасау.

Тұлға дамуында оқытудың мәні зор. Л.С.Выготский тұлға дамуындағы оқытудың жетекші ролі туралы тезисті нақтылады. Осыған байланысты Л.С.Выготский баланың ақыл-ой дамуының екі деңгейін
көрсетті: дамудың актуалды (өзекті, көкейтесті) деңгейі және дамудың жақын зонасы.
Дамудың актуалды (өзекті, көкейтесті) деңгейі оқушының сол кезеңдегі дайындық деңгейін көрсетеді. Дұл деңгей ешкімнің көмегінсіз оқушының өзі шеше алатын тапсырмалармен сипатталады.
Ал дамудың жақын зонасы оқу тапсырмаларын оқушы үлкендердің, мұғалімнің аздаған көмегі арқылы шеше алатын жағдайда құрылады.

  1. Адам дамуындағы және оның тұлғасының қалыптасуындағы биологиялық және әлеуметтілік.

Тұлға дамуына әсер етеін тағы бір фактор – түлғаның өзінің белсенді іс-әрекет. Іс-әрекет барысында адамның жан-жақты дамуы жүреді, қоршаған әлемге деген қатынасы қалыптасады. Іс-әрекет алдын-ала жобаланған нәтижеге әкелу үшін оны ұйымдастыру қажет. Тәрбие практикасының ең күрделілігі осында.
Іс-әрекет – адам мен қоршаған ортаның өзара әрекеті, соның барысында ол әлемді және өзін саналы және мақсатты түрде өзгертеді. Іс- әрекеттің негізгі ерекшелігі- оның түрлендіруші және мақсатты бағытталған сипаты.
Іс-әрекет төмендегі белгілер бойынша жіктеледі:

  • психикалық процестер бойынша: сенсорлық, жігерлі, ойлак және

т.б.;



  • құрылымы бойынша: іс-әрекет - әрекет –операция – қозғалыс;

  • түрлері бойынша: танымдық, құндылық-бағыттылық, түрлендіру,

қарым-қатынас, эстетикалық және дене.
Сонымен қатар іс-әрекеттің негізіг түрлері деп ойын, оқу және еңбекті ацту қажет. Бағыттылығына байланысты танымдық, қоғамдық, спорттық, техникалық және т.б. түрлерін атауға болады.
Іс-әрекеттің процессуалдық компоненттері: қажеттілік, мотив, мақсат, әдістер, құралдар, нәтиже және бақылау, өзін-өзі бақылау.



2004.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет