Байланысты: Айтжанова Роза Мукантаевна П. . к., профессор
Дамытаоқытутуралытүсінік.
Дәстүрлі педагогикада "оқыту технологиясы" қазіргі таңда жалпы қабылданған түсінік болып табылмайды. Бірақ та дәстүрлі оқу процесінде оқытудың дәстүрлі технологиялары қолданылуда және қолдана бермек те.
В.Дальдің түсіндірме сөздігінен "технология - техника ғылымы. Техника - өнер, білім, істей білу, жұмыс тәсілдері және оны іске асыру" деген анықтаманы таба аламыз.
Ал ЮНЕСКО құжаттарында оқыту технологиясы оқытудың барлық процесін анықтау мен қолдану, жүйелі құру әдісі ретінде қарастырылады. Сонымен қатар оқыту технологиясы техникалық және адамзаттық ресурстар мен олардың өзара қызметін есепке ала отырып білім алуды да қарастырады.
Бір жағынан, оқыту технологиясы - бұл оқу мәлімтітерін өзгерту мен ұсыну, өңдеу құралдары мен әдістерінің жиынтығы, ал екінші жағынан, қажетті ақпараттық немесе техникалық құралдарды пайдалана отырып, оқытушының студентке әсер ету тәсілдері туралы ғылым.
Оқыту технологиясы маңызды және процессуалды сипаттамалардың белгілі бір жиынтығымен анықталады, сондықтан білімді ақпараттандыру түсінігін кеңейту және оқыту процесін жүйелі талдау мен жобалауға бағытталған.
Оқыту технологиясына берілген: "оқыту технологиясы – көздеген мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдістері мен құралдарының, формаларының жүйесін ұсынатын, оқыту бағдарламаларында қарастырылған оқытудың мазмұнын тарату тәсілі" деген анықтама көңілге қонымды. Сонымен, оқыту технологиясында оқыту құралдары, тәсілдері және мазмұны бір-бірімен тығыз байланысты. Оқытушының педагогикалық шеберлігі — қойылған педагогикалық мақсатқа және бағдарламаға сай қажетті мазмұнды таңдап алуда және де тиімді әдістер мен құралдарды пайдалана білуде.
Белгілі бір педагогикалык технологияны жасау процесін педагогикалық жобалау деп атауға болады. Оның төмендегідей реттілігі бар:
оқу бағдарламалары мен оқу жоспарында қарастырылған оқытудың мазмұнын таңдап алу;
оқытушының назар аударуын қажет ететін приоритетті мақсаттарды таңдап алу. Жобаланған пәнді оқыту процесінде студенттің қандай кәсіби және жеке қасиеттері қалыптасатынын анықтау;
басты бір мақсатқа немесе мақсаттар жиынтығына бағытталған технологияларды таңдау;