Курсы мамандығы: «5B010300-Педагогика және психология»


Педагогикалық процестің мыныдай заңдары болуы мүмкін



бет40/60
Дата10.03.2023
өлшемі302,06 Kb.
#72891
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   60
Байланысты:
Айтжанова Роза Мукантаевна П. . к., профессор

Педагогикалық процестің мыныдай заңдары болуы мүмкін:


  • бала өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибелерінің мұрагері тек қана өзінің белсенді творчестволық шығармашылық іс- әрекетінің арқасында ғана бола алады;

  • индивидтің өзін жүзеге асыра алатын және өз орнын таба алуға жайын белгілі бір әлеуметтік- азаматтық дәрежесі бар.

  • Ұстаздар мен оқушыларды біріктіретін ұйымдастырылған бірлесіп бөлінген іс- әрекеттері педагогикалық процесс қатысушылардың әрбіріне және барлығына жетістіктерімен қамтамассыз етеді.

Әлеуметтік жүйенің қандайы да сияқты педагогикалық процесс ашық болады, яғни ортанын ықпалын сезеді, бірақ ішкі белсенділік пен өзін- өзі реттеушілігімен көзге түседі. Осыған байланысты әлеуметтік жүйенің біртүрлілігі сияқты педагогикалық процесс те солардың төмендегідей белгілері болады:

  • қоғамның ұсынуымен жүйе жалпы мақсаты, оның қызметі атқаруы тиімділік сипат әкелді;

  • жүйе өзара байланыстағы және өзара тәуелді элементтерден бөліктерден тұрады;

  • жүйе тиім салушылық әкелетін арада өмір сүреді;

  • жүйенің белгілі бір қоры бар ол оған қызмет істелуімен тұрақтылықты қамтамассыз етеді;

  • жүйенің ішкі құрылымы оның деңгейінің иерархиясы мен ортанаң байланысын көрсетеді;

  • жүйеге тән ішкі қайшылықтар есебінен жүйе дамуға қабілетті.

Оқыту функциялары. Тиісті ғылым салаларына қарай оқу пәндерінің мазмұны сандық және сапалық параметрлері бойынша әр түрлі болып келеді. Оқу курсы үшін базалық білімдер таңдалып алынады, курстың қолданбалы аспектілері мамандықты ескере отырып жасаладыы, яғни мамандандыру курстары, сонымен қатар орындалатын оқу тапсырмалары тиісті түрде құрастырылады. Базалық білім курсты оқытуға арналған негізгі педагогикалық мақсаттардың жиынтығы болып табылады.
Педагогикалық теориядағы басты қағида: оқыту – білімдендіру мен тәрбиенің құралы. Олай болса, тәрбиелей отырып оқыту барысында шәкірттің өркені өсіп, аңғарғыштығы мен байқағыштығы, зейіні жетіліп, қиялы қанат жайып әр жақты дамиды. Ой-түсінігінің өрістеуі негізінде іс- әрекетке, еңбекке, әлеуметтік қарым-қатынасқа дағдылану бастау алады.
Оқыту процесінің мақсатына байланысты міндеттерді шешудегі ұйымдастыру ісінде оқушыны оқыту объектісі деп білсек, екінші жағынан, ол - субъекті. Осы орайдан оқыту процесінде ұстаздың шәкіртімен ынтымақтастығы тек білімді меңгерумен ғана шектелмей, шәкірттің творчестволық еңбегінің өрістеуіне жол ашады. Өзара бір-бірімен іштесе байланысқан білім-тәрбиелік мазмұн және оның формалары мен әдістері негізінде тиісті нәтижеге жетудегі қозғаушы күш — қойылатын талаптың шәкірттің мүмкіндігіне үйлесімділігіне тәуелді. Оқыту, білім алу және дамуға байланысты заңдылықтар мен принциптер және оның әдістемелік жолдары дидактика саласына байланысты қарастырылды.
Сонымен, оқытудың басты қызметі - адам баласын білім байлығының негіздерімен қаруландырып, оны өз бетімен дамытып, игерген білімін өмірде қолдана білуге бағдарлау, әрбір тұлғаны өздігінен ізденіп, өздігінен еңбектене алуға дағдыландыру. Мұндағы басты талаптар:

  • білімнің негізгі идеяларын түсіну, оны танымдық ұғымға айналдыру;

  • меңгерген білім арқылы ойын дамытып, өздігінен ізденудің жолын

ашу;

  • білімнің жүйелілігі, қисындылылығы, бірізділігі, түсініктілігін

қамтамасыз ету;

  • меңгерген білімнің, шеңберін кеңейтіп, жаңа білімге деген құлшынысқа жол ашу.

Демек, қазіргі кезеңдегі білім берудегі басты шарт тұлғаны өздігінен іздене білуге, уакыт талабына үйлесімді шешім таба білуге қалыптастыру болуға тиіс.
Қазіргі таңда оқу орындарының жаңарып қайта құрылуына байланысты оқыту, білім беру тұрғысындағы басты мақсат та, міндет те алдыңғы саптағы дамыған елдердің деңгейіне сәйкес белгіленген мемлекеттік стандарт дәрежесінде ғылым негіздері меңгеріліп, уақыт талабына үйлесімді тәрбиеленген адамдарды қалыптастыру болып табылады. Жас ұрпақтың қалыптасуы шәкіртке берілетін ғылыми білімнің
мазмұнына тәуелді деп білсек, оның жүзеге асуы оқыту арқылы орындалады және белгілі бір заңдарға, заңдылықтарға және принциптерге сүйенеді. Яғни, оқыту процесі белгілі бір заңдар, заңдылықтар мен принциптерді ұстану арқылы іске асырылады.
И.Г.Песталоцци өз кезінде, белгісізден белгіліге, түсініксізден түсініктілікке өту заңын ұсынған. Неміс педагогы Э.Мейман өзіндік тұрғыдан төмендегідей заңдылықтарды ұсынады:

  • жеке адамның табиғи ерекшеліктері дамытылады;

  • алдымен баланың емір сүруге қажетті қабілеттері дамытылады;

  • балалардың дене және рухани дамуы біркелкі дамымайды. Оқытудын жалпы заңдылықтары:

  • оқыту мақсаты;

  • оқыту мазмұны;

  • оқыту сапасы;

  • оқыту әдістері;

  • оқытуды басқару;

  • оқытуды белсендендіру. Оқытудың жеке заңдылықтары:

  • жеке дидактикалық (оқыту нәтижелері қолданылатын әдістер, құралдар және оқытушының кәсіби біліктілігіне және т.б. байланысты);

  • гносеологиялық (оқыту нәтижесі студеттің танымдық белсенділігіне байланысты);

  • психологиялық (оқыту нәтижесі әр студенттің қабылдау, меңгеру деңгейіне байланысты );

  • әлеуметтік (индивидтің дамуы, оның басқа да индивидтермен қарым- қатынасына байланысты );

  • ұйымдастырушылық (оқыту нәтижесі оны ұйыдастырушының студенттерді қызықтыра алуына, белсендендіруіне байланысты).

Оқыту принциптері:

  • оқытудың ғылымилық принципі ( оқытылатын ғылымның тілі мен қисыны, бүгінгі күн талабына сай ғылымның негізгі теориялары мен ұғымдары, ғылымның нақты әдістері, қоғамдык және табиғи құбылыстардың гылыми-танымдык әдістері);

  • көрнекілік принципі. Я.А.Коменский бұл принципті "Дидактиканың алтын ережесі деп атаған.

Көрнекілік принципінің құралдары: нақты объект; көлемді құралдар (модель, макет, муляждар және т.б.); көркем сурет (картиналар, фотосуреттер, диафильмдер, т.б.); аудио, видеоаппараттар және т.б.

  • жеткіліктілік принципі;

  • саналылық, белсенділік принципі;

  • жүйелілік, бірізділік принципі;

  • өмірмен байланыстылық принципі;

Оқыту ісінің табысты болуы білімдік негіздер мен оның күрделі құрылымын білумен шектелу емес, меңгерген таным-түсініктерді жүзеге
асыра алумен және оның заңдылықтарын орындауға қалыптастыру арқылы орындалады. Білімдендіруде ескерілетін заңдылықтар:

  • Оқыту арқылы тұлғаның өздігінен әр жақты еңбектеніп дамуына бағдар беру мен ынталандыру.

  • Белсенді іс-әрекетке баулу.

  • Даму белсенділігіне қажетті мотивтер туғызу.

  • Оқыту барысында шәкіртке талап қоя білу және оларға сенім білдіре отырып, құрметпен қарау.

  • Білімді меңгеру барысындағы қиындықты жеңуден шәкірт қуанышын, ынтасын қолдай білу.

  • Оқушының шығармашылық нышандарын демеп, оны ілгері жетілдіре түсуін қолдау.

  • Оқыту барысында тұлғаның жас ерекшелігін және дербес өзгешелігін есепке алу.

  • Оқытуда жеке оқушы мен ұжымның белсенділігін көтерудегі ынтымақтастықты сақтауға ықпал ету.

  • Оқытуда ұстаз, отбасы, бұқара көпшіліктің бірыңгай талап қоюына ыждаһаттылықпен қарау.

Оқыту барысында шәкірттің меңгерілген білімін қазына деп білсек, оны ілгері дамытып, өрістетуге бағдар беріп, жөн-жосығын үйрету - оқыту әдісімен сабақтас.
Оқыту әдісі - ете күрделі ұғым, өйткені бұл әрекетті, категорияны айқындайтын мәселенің аумағы да, қамтитын жүйесі де сан салалы. Сондықтан да педагогика ілімінде әдістемеге байланысты нақты тұжырымдалған анықтама боларлық бірыңгай ереже жоқ десе де болады. Әдістеме ғылымының әр саласын зерттеуші ғалымдар бір-біріне жақын пікірлер ұсынып, оқыту, білгізу және оны жүзеге асыру жөнінде білімдендіруді ұйымдастыру әдістерін өз тарапынан қойылған мақсатқа жету тұрғысынан қарастырады.
Әдіс - оқыту барысында ұстаз бен шәкірттің ынтымақтаса еңбектену нәтижесінде қойылған мақсатқа жетуін реттейтін тәсіл. Оқыту әдісінің көмегімен оқушы белгілі деңгейдегі білімді, іскерлік әрекеттің машық, дағдысын игереді, дүниетанымын қалыптастырады, қабілетін өрістетеді. Ал оқыту барысында әдісті таңдайтын және оны нақты әрекетке айналдыратын
- оқытушы ұстаз. Сонымен оқыту әдісінің атқаратын қызметі - білімдендірудегі тиісті мақсатқа жету, ал мақсатқа жету оқытушының шеберлігіне, білімдарлығына, оқу процесін тиімді ұйымдастыра білуіне, шәкіріттерді ынталандыра алуына байланысты.
Оқыту технологиясының педагогикалық негіздерінде әдістеме мәселесі саласында жеке пәндерді оқытуға байланысты жазылған ғылыми және практикалық зерттеулер өте көп. Бірақ оларда оқыту әдістерін жіктеу (классификация) бір қалыпта емес, ғылым саласынан берілетін білім, тәлім- тәрбие мақсатына үйлесімді әдістерге өз тұрғысынан зейін қоятындықтан, оқыту әдісін бір арнаға келтіре қоюдың да мүмкіндігі шамалы. сол себепті әдістер педагогикалық әдебиеттерде түрлі-түрлі жіктеледі.
Өткен ғасырдың 50-60 жылдарына дейін оқыту әдістерін екі жүйеде қарайтын. Атап айтқанда: 1) Сөздік әдістер тобы - әңгімелесу, әңгіме, түсіндіру, дәріс, кітаппен жұмыс. 2) Көрнекілік әдістер тобы - демонстрация, иллюстрация, бақылау. Бұл әдістерді пәндердің оқыту ерекшеліктеріне байланысты талдап, нақты такырыптар жүйесінде деректемелер ұсынылатын.
Жаңа ғасырдың бастауына дейін педагогикалық және жеке пән әдістемесі саласындағы зерттеулер мен практикалық тәжірибелерді ескере келіп, оқытудағы әдістеме мына тұрғыда жүйеленеді:

  1. Түсіндірме иллюстративті әдіс.

  2. Репродуктивті әдіс.

  3. Проблемалы баяндау әдісі.

  4. Ішінара іздену немесс эвристикалық әдіс.

  5. Зерттеу әдісі.

Оқыту барысында бұл әдістердің әркайсысының ерекшеліктерін, оларға тән өзгешеліктерді пәннің және болашақ маманның меңгеретін ғылымына үйлестіре алынған деректер келтіре отырып әңгімелейміз.
Оқыту әдістерін жіктеуде мына мәселелер ескеріледі:

  1. Әрбір әдіс оқыту процесі (үрдісі) қойып отырған негізгі ой түйінін терең меңгеруге бағытталган дидактикалық принциптерді шешерліктей болуға тиіс.

  2. Ұстаздар мен шәкірттердің бірлескен әрекеті таным қабілетін дамытуға және белгілі ой-түсінікті біліп қана қоймай, оны өздігінен пайымдай алуға машықтандыруға жаттықтыруы керек.

  3. Қолданылатын әдістің қай-қайсысы болсын оқыту процесін тиімді ұйымдастыруға бағытталып, шәкірттің ізденіп, әрекеттеніп, еңбектене білуін қамтамасыз етуге тиіс.

Ұстаздың оқыту әдісін таңдай алуы алға қойған мақсатына үйлесімді болса, оның нәтижесінде қойылған талапты өтей алады. Оқыту әдісін таңдағанда ұстанар өлшем (критерий), еске тұтар қағида мынау:

  1. Таңдаған әдістің оқыту заңдылықтары мен процесіне сәйкестігі.

  2. Әдістің оқыту технологиясының дидактикалық мақсаттары мен міндеттеріне үйлесімділігі.

  3. Оқыту әдісінің сабақтық тақырыптық мазмұнын ашуға сәйкестігі.

  4. Оқыту әдісінің оқушының танымдық мүмкшдігіне де сәйкестігі мен үйлесімі.

  5. Оқыту әдісін таңдағанда оқытушы өз мүмкшдігін де ескеруі тиіс (тәжірибесі, дүниетанымы, қабілеті, білім деңгейі, ұстанымы, қарым- қатынас жасау әдеті, т.б.).

  6. Оқыту әдісінің оқу орнының материалдық-техникалық мүмкіндігіне сәйкестігі.

  7. Әдістердің оқу орны орналасқан ішкі құрылымы мен экономикалық объектісіне сәйкестігі. Мұнда оқушылардың жалпы білімі, түсінік деңгейіне сәйкес таным дағылары мен іс-әрекетті атқаруға деген ықылас-ынтасын үйлестіруге де мән беру керек.

Оқу әдістері оқушының мүмкіндігіне үйлесімді болса, олардың дербестігіне сәйкес өздігінен ізденуін жетілдіре түсетіндігі ақиқат шындық екендігін естен шығармауға тиістіміз.
Оқу орындарындағы сабақ және оның типологиясы мен құрылымы - кеңестік кезеңде өте көп жазылған, алуан түрлі пікір сайыстарда тоқталмастан сөз болатан такырып. Сондыктан да сабактың мазмұны, типтік құбылысы, атқарылатын еңбектің түріне байланысты оның сан түрлі атауға ие болуы да - заңды құбылыс (ойын сабақ, саяхат сабақ, Пікірсайыс сабақ, көкпар сабақ, аукцион сабақ, ірі блокты сабақ, театрланған сабақ, т.б.).



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет