Курсы мамандығы: «5B010300-Педагогика және психология»



бет39/60
Дата10.03.2023
өлшемі302,06 Kb.
#72891
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   60
Байланысты:
Айтжанова Роза Мукантаевна П. . к., профессор

2.Оқытудың мәні мен құрылымының қазіргі кездегі түсінігі.

  1. Оқушының білімге ынтасына оқытушы әсерінің сәйкестігі.Бұл заңдылық баланың қоршаған дүниені тануға деген ықыласын жүзеге асыруға жағдай жасайды, мұғалімнің балаға өмірде қажет болатын, оларды қызықтыратын білімді берудегі белсенді ықыласын қажет етеді.

  2. Оқушылардың жеке және ұжымдық іс-әрекеттеріне оқытушының әсерінің сәйкес болу заңдылығы. Бұл заңдылық мұғалімнің, оқыту процесінде баланың айналысатын іс-әрекеттерінің әрбір түрінің оның қандай қасиетін талап етіп, сонымен бірге оны дамытып отыратынын түсінуіне мүмкіндік жасайды.

  3. Оқушының танымдық, ақыл-ой және басқа да мүмкіндіктеріне оқушы әсерінің сәйкестігі. Бұл заңдылық мұғалімдерден оқушылардың ерекшелігі контингенттерін, олардың жеке және әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерін, танымидық мүмкіндікңтерін, сабақтаң және сабақтан тыс уақыттағы қызығушылықтары мен мінез – құлықтарын ескеруді және оқу – тәрбие әсерінің балалардың жеке және топтық ерекшеліктеріне, олардың жеке және ұжымдық іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне сәйкестендірілуді қадағалауды талап етеді.

  4. Оқытушы мен оқушының іс-әрекеттерін оқытудың техникалық құралдарының мүмкіндіктеріне сәйкестігі. ОТҚ нақты бір сабақтың мақсаттары мен міндеттеріне қатан түрде сәйкестікпен қолданылуы керек.

  5. Оқутышы мен оқушының іс-әрекетін қазіргі таңдағы өмір мен іс- әрекеттің талаптарына сәйкес модельдеу. Сондықтан олардың барлық оқулары ойывн түріндегі тіршілік жағдайларымен, мысалдармен кеңейтіліп оқу барысында меңгерген білімдерін, іскерліктерін және тәжірибеде қалыптасқан дағдыларын қолдануларына мүмкіндік жасайтын олардың қызығушылықтары артатын жағдайларды және еңбек әрекеттерімен толықтырылуы керек.

Болашақ мұғалім орта мектептің оқыту процесіне байланысты дидактикалық принциптерді білуі қажет. Олар бір-бірімен байланысты ережелер жүйесінен құралады.
3.Оқыту екі жақты процесс. Оқытуда оқушылардың алған білімдерінің берік болуы жоғарыда айтылған принциптердің ойдағыдай іске асырылуына байланысты.
Принциптің негізгі талаптары:

  1. Оқу материалдарын ұмыттырмай қайталап отыру;

  2. Өткен материалдағы өзекті мәселелерді, ең бастысы, негізгі идеялар мен қағидаларды есте сақтауды талап ету;

  3. Өткен материалдар мен жаңа материалдар арасындағы байланыстардың маңызын әсерлі, қызықты етіп түсіндіру;

  4. Өткендерді қайталау кезінде тек еске түсіру мақсат емес, алған білімдерді белгілі жүйеге келтіріп, тереңдету, байыту мақсатын көздеу керек;

  5. Білімнің берік болуы әр түрлі шығармашылық жаттығулар негізінде қалыптасқан білік пен дағдыларды керек етеді;

Егер оқушы алған білімдерін өз өмірінде немесе күнделікті практикалық іс-тәжірибеде қолдана білсе, сонда білімнің беріктігі артады.
Оқу процесінде сабақтарда балаларды қорқытпай, қысымшылық жасамай, керісінше, олармен жылы қарым-қатынас жасау міндет.
Проблемалық принцип – оқу процесінің мазмұны, әдістері, ұйымдастыру формалары проблемалы сипатта болуын талап етеді. Проблемалы оқыту білімді дайын түрде бермей, оқушылардың ізденуін, дербестігін, шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталады. Проблемалық принцип оқушылардың ойлау процесінің психологиясына негізделеді. өйткені ойлаудың басталуы проблеманың болуына байланысты, басқаша айтқанда ойлау- проблемалық сұрақ немесе міндеттен басталады.
Интеграциялау принципі - бұл жалпы білім мазмұнын анықтауда, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жазып шығаруда ескеретін маңызды принцип. Интеграция - әртүрлі пәндердегі негізгі принциптер мен заңдылықтардың өзара тығыз диалектикалық бірлікте қарастыруды көздейді.
Оқытудың ұстанымдары оқыту процесінің заңдылықтарынан дамиды. Олар көп жылдық тәжірибенің қортындыланған түрі және қазіргі таңдағы мектептің жағдайларында оқыту процесінің өзіне тән ерекшеліктерін ескеріп отырады.
Ұстаным – бұл педагогтың өзінің тәжірибелік іс-әрекетінде және мінез-құлқында басшылыққа алатын негізгі, бастапқы жағдайлары. Яғни, ұстанымның заңдылықтардан айырмашылығы, оның тұлғаға тәуелділігі: ол оны қолданады немесе оны қажет етпейді. Ал, заңдылықтар тұлғаның еркіне тәуелді емес: ол оны тек қана іс-әрекетті ұйымдастыру барысында ескеруі мүмкін.
Оқыту ұстанымдары – оқытудың мазмұнына, ұйымдастырылуына және әдістемесіне қойылатын талаптар жүйесін анықтайтын, негізгі жағдайлар.

  1. Оқытудың жалпы ұйымдасуын формаларымен әдістерін таңдауды белгілейтің ұстанымдық ережелері педагогикалық процестің жалпы

әдіснамасынан дамиды. Сонымен қатар, оқытудың оқушылардың танымдық әрекеттерінің ұйымдастырылуымен тікелей байланысты болғандықтан, оның әдіснамалық негізін арнайы құрастыру қажет.
Бихевиризм және прагматизм - оқып білудің тәсілдерін түсіндіруге мүмкіндік жасайтын, оқытудың кең таралған тұжырымдамалары. Бұл бағыттарға экзистенцализм және неотомизм де қосылады. Олар оқытудың ролін төменднтіп, сезімді тәрбиелеуге ақыл- ойды дамытуды тәуелдендіреді, бұл позицияның мәні тек жеке дәйектерді тануға, олардың заңдылықтарын ұғынуға болады деген заңдылықтардан шығады.
Ұстанымы тәжірибелік педагогикалық іс- әрекетінің негізінде жатқан, қазіргі таңдағы дидактиканы төмендегі ерекшеліктері сипаттайды:

  1. Оның әдіснамалық негізін таным философиясының объективті заңдылықтары құрайды.

  2. Материалистік диалектика негізінде жасалған, қазіргі таңдағы дидактикалық жүйедегі оқытудың мәні мен оқушыларға дайын білімді беруді, не қиыншылықтарды өз бетінше жеңулеріне, не болмаса оқушылардың өз бетінше жеке жаңалық аша оқуларына сәйкес келмейді. Оның айырмашылығы оқушылардың жеке пікірлері мен тәуелсіздігі, белсендіктерінің, педагогикалық басқарымның саналы үйлесімдігінде.

Оқыту процесінің әдіснамалық негізін обьективті дүниені танудың арнайы түрін және ғылымның танымын бейнелейтін, оқушылардың іс- әрекеттерінде оқуды салыстыру арқылы түсіндіруге болады.
Ғылым обьективті жаңаны, ал оқушы – субьективті жаңаны таниды, бірақ қандайда бір ғылыми жаңалықты ашпайды, тек ғана ғылым жинақтаған ғылыми түсініктерді, ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, ғылыми дәйектерді меңгереді.
Ғалымның танымын эксперимент, ғылыми ойлау, сараптау, қателіктер, теориялық пікірлер құрайды, ал оқушының танымы мұғалім шеберлігінің көмегімен біршама жылдам және жеңіл түрде өтеді. Оқу танымы тікелей және жанама түрдегі оқушының көмегімен міндетті түрде пайдаланады, ал ғылым тұлға аралық өзара әрекеттің көмегінсіз таниды, ұалым мен оқушы танымының арасындағы осы зор айырмашылыққа қарамастан, бұл процестер негізін ұқсас яғни, әдіснамалық негіздері бірдей.
Сонымен, жалпы білім беретін мектептердегі оқыту процесінің әдіснамалық негізі төмендегі әдіснамалық ережелерді біріктіреді: танымның жалпы әдісі ретінде диалектикалық әдіс; обьективті ақиқаттың құбылыстарын сараптаудың тарихи тәсілі, қарама-қайшылықтың қозғалысындағы, дамуындағы процесті қарастыратын таным теориясы; диалектикалық ойлау; абстрактілік және нақтылық; обьективтілік және субьективтілік, теория мен тәжірибенің бірлігі, анықтылық және белгісіздік, шектеулік және шамалық; қарама-қайшылықтың ролі мен мәні; оқыту теориясындағы тарихилық және логиқалық; мән мен құбылыс; мазмұн мен форма; мақсат пен құралдың үйлесімділігі; мүмкіншілік пен ақиқат; оқыту теориясының сапалық және сандық қатынастары; әдіснамалық ұстанымдар (танымдық, обьективтілік, теория мен тәжірибенің бірлігі, детерменизм, тарихилық және диалектикалық таным ұстанымдары).
Оқыту мен дамудың өзара қарым- қатынасы барлық уақытта педагогиканың өзекті мәселесі болып отырған Я.А. Коменскийдің еңбегінен бастап, оқытудың ғылыми негізін іздестіру басталған, сонын негізінде әрбір оқушының жеке мүмкіндіктерімен олардың жасының даму процесіндегі өзгерістерін дамыта оқытудың ғылыми негізін іздестіру басталған. Бұл мәселеге орыс педпгогикасының негізін салушы К.Д. Ушинский де назар аударған. Ол өзінің “Адам тәрбие пәні” атты еңбегінде, баланың түрлі жасерекшелігі кезеңіндегі негізгі психологиялық даму ерекшеліктерін айта отырып баланы оқытудың ең күшті факторы оқыту мен тәрбиелеу деп жазды.
Оқыту мен тәрбиелеудің ара қатынасы жөніндегі мәселе одан бергі уақытта да, өз өзектілігін жойған жоқ. Оны психология ғылымының
көрнекті өкілдерінің бірі Л.С Выготский де зерттеп отырып оқуту мен дамудың арақатынас мәселесін шешудің өзіндік тәсілдерін ұсынды:

  • оқыту мен даму бір- біріне тәуелсіз екі түрлі процес;

  • оқыту кемелденуге негізделеді, оқыту мен даму процесінде пайда болатын мүмкіндіктерді пайдаланады;

  • оқыту мен даму екі түрлі салыстырмалы процес;

  • оқыту дамудан кейін жүріп отыруы мүмкін, сонымен қатар дамуды алға қарай жылжыта отырып, оның алдында да болып отыруы мүмкін.

Баланы оқыту мен дамытудың арақатынасы мәселесінің шешімін түрлі зерттеушілер әртүрлі тәсілдермен іздестіреді:
-Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов оқытудың мазмұнының өзгерісін іздестіру керек деп есептеді;
-Н.А.Менчинская, Д.И.Богоявленская, Е.А.Кабанова-Миллер білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру тиімділігі ақыл-ой іс-әрекеттерінің тәсілдерін жетілдірудің көмегімен арттыруға болады деп дәлелдеді;
Б.Г.Ананьев, А.А.Люблинская оқытудың түрлі әдістерінің арту жағдайын зерттеуге мән береді;
-Л.В.Занков оқытудың дамытушылық әдістеріне ен бірінші, оқыту процесінің өзін жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады деп тұжырымдайды;
-П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина баланың ой- өрісінің дамуына ақыл-ой әрекеттерінің кезенің қалыптастырудың әсерін зерттеді;
-Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин оқытудың дамытушылық әсері педагогикалық әрекеттер мазмұнында проблемалы оқытудың ролін арттырғанда ғана артатынын дәлелдейді.
Оқыту мен тәрбие беру мазмұны бойынша терең ұлттық көпқырлы дәстүрі, ұлттық психологияны сипаттайды.
Ұлттық психологиялық ерекшеліктер оқыту мен тәрбиенің мазмұнын тікелей байланыстырыды, сондықтан олар белгілі бір ұстанымдарға негізделе отырып іске асырылады. Біріншіден, педагогикалық әсердің этноспецификалық детерменизм ұстанымы, екіншіден ұлттық сана және ұлттық өзіндік педагогикалық іс- әрекеттердің бірлігі ұстанымы. Үшіншіден, ұлттық идеалмен сәйкестігі нақты өмірмен еңбектің жағдайындағы педагогикалық әсердің ұстанымдарын ескерусіз қалдыруға болмайды. Төртіншіден, ұлттық бейімделген мүмкіндіктерді педагогикалық әсерде дамыту ұстанымы.
Оқыту процесі дидактикалық жүйелер деп аталатын психологиялық тұжырымдамаларға негізделеді. Дидактикалық жүйе оқытудың мақсатына жетуге қызмет ететін, біртұтас құрылымды жасайтын элементтер жиынтығын құрайды. Жүйенің сипаттамасы мақсаттың, білім мазмұнының, дидактикалық процестердің, оқытудың әдістері, құралдары, формаларының және оның ұстанымдарының сипаттамаларына сәйкес. Дидактикалық тұжырымдамалардан үшеуін бөліп алу қажет: дәстүрлі, педоцентристикалық және дидактиканың қазіргі жүйесі.
Оқытудың дәстүрлі жүйесіндегі басты рөлді білім беру, мұғалімнің іс- әрекет атқарады. Оны Я.А.Коменский, И.Песталоцци, И.Гербарт секілді педагогтардың тұжырымдамасы және немістің классикалық гимназиясының дидкатикасы құрайды.
Педоцентристикалық тұжырымдамада оқытудағы басты рөлі оқуға баланың іс-әрекетіне беріледі. Бұл тәсілдің негізінде Д.Дьюидің жүйесі, Т.Кершенштейнердің еңбек мектебі, В.Лайдың ХХ ғасырдың басындағы педагогикадағы реформа кезенінің теориясы жатыр.
Қазіргі таңдағы дидактикалық жүйе, екі жақтылы оқыту мен оқу – оқытудың іс әрекетін құрайды, ал олардың дидактикалық қарым-қатынасы дидактика пәнін құрайды деген тұжырымдамадан негіз алады. Қазіргі таңдағы дамыта оқыту теориясынан, психикалық дамуға бағдарланған тұжырымдпмпны (Л.В.Занков, З.И.Калмыкова, Е.Н.Кабанова-Миллер) және тұлғалық дамуды ескеретін тұжырымдаманы (Г.А.Цукерман, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, С.А.Смирнов) ерекше атауға болады.
Зерттеушілер оқытудың психикалық қызметін (қабылдау, тиімді есте сақтау, ойлау және ұғым қалыптастыру, теориялық толықтыру және ақыл- ой инициативаларын) дамытуға ерекше көңіл аударады.
Педагогика ғылымы өзінің пәнің зерттей отырып, оқыту- тәрбиелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым, заңдар, заңдылықтар жатады, оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту- тәрбиелеу жұмысын педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістері бағыт береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет