Курсы мамандығы: «5B010300-Педагогика және психология»



бет5/60
Дата10.03.2023
өлшемі302,06 Kb.
#72891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Байланысты:
Айтжанова Роза Мукантаевна П. . к., профессор

Жоспар:


  1. Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы.

  2. Педагогикалық мамандықтың өзгешелігі, оның гуманистік сипаты.

  3. Мұғалім еңбегінің профессиограммасы – мұғалім тұлғасының моделі ретінде.

  4. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің стилі.



  1. Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы.


Адамзат тарихындағы педагогикалық кәсіптің пайда болуы және қалыптасуы. Педагогикалық кәсіптің қалыптасуын зерттеу үшін әуелі педагогика деген сөздің этимологиясына тоқталып өтейік. Педагогика деген сөз грек тілінен аударғанда «paida» - бала, «gogas» - жетектеуші деген мағынаны білдіреді. Жас ұрпақты тәрбиелеу - адамзат тәрбиелеу – адамзат қоғамына ғана тән әлеуметтік құбылыс. Ежелгі Грецияда педагогтар деп баланы мектепке жетектеп апарып қарап, қадағалап жүретін күтуші адамдарды атаған.
Ал кейінен қоғамдық тәжірибені жас ұрпаққа жеткізу, және оларды еңбек етуге даярлау қажеттілігі педагогтық кәсіптің пайда болуына негіз болды. Сондықтан педагогтар деп балалардың өмірлік жетекшілері ретінде тәрбиешілер мен мұғалімдер атала бастаған.
Алғашқы қоғамның өзінде-ақ тәрбие еңбек пен өмір сүру процестерінің негізінде пайда болды. Педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуы тұрмыстық бақылауларды жалпылауға, тәрбие мәселесіне байланысты әр-түрлі пікірлердің жүйеленуіне негізделеді. Бұл қауымдық құрылыста үлкендердің әлеуметтік тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізу еңбек іс-әрекетімен тығыз байланысты еңбек құралдары да өзгере түсті.
Саналы түрде еңбек құралдарын дайындау процессінің күрделенуіне байланысты жас ұрпаққа ол тәжірибені арнайы үйрету үшін қауымдағы ақсақалдар, жастары ұлғайған адамдар шағын әлеуметтік топ құрып балаларды еңбек құралдарын, тұрмысқа қажет заттар мен әшекей заттарды жасауға үйретіп, оларды қоғамдық өмірге дайындау және тіршілік ету үшін еңбек іс-әрекетімен айналысқан.
Әлеуметтік, экономикалық жағдайлардың өзгеруіне байланысты адамзат қоғамының әрбір даму сатысында тәрбие мен білім берудің мақсаттары мен міндеттері өзгеріп отырған.
Тарихи мәліметтерге негізделетін болсақ ең алғашқы сандар, әріптер,
жазулар б.э.д. 2500 жыл бұрын пайда болған екен. Міне сол кездің өзінде
жаза алатын адамдар өз білімдерін жас буындар арасындағы таңдаулы балаларға меңгертіп отырған.
Құл иеленушілік қауымдық құрылыстан бастап ең алғашқы педагогикалық мәліметтер тәрбие мен оқыту міндеттері жайлы, әр-түрлі
пәндер туралы көзқарастар, ұстаз бен оқушыға қойылатын талаптар белгілі философ-ойшылдардың көзқарастарында жүйелене бастағаны байқалады.
Педагогикалық ойлар философия, дін, қоғамдық саясат негізінде дамып отырған. Қасиетті діни кітаптарда адамдардың мінез-құлқына қойылатын талаптар, ата-ана міндеттері мен бала құқығы, адамдардың қарым-қатынас ережелері, тәртіптері жайлы, жақсы мен жаманды ажырата білуге байланысты ақыл-кеңестер жазылғаны белгілі.
Құнды тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер Демокрит, Протагор, Сократ, Платон, Аристотель, Квинтилиан сынды атақты философтардың еңбектерінде елеулі орын алатыны анық.
Шығыс елдерінде орта ғасырларда тәлім-тәрбиелік ой-пікірлермен қатар математикалық, астрономиялық, медициналық білімдер қарқынды дами түсті.
Аты әлемге әйгілі шығыстың ғұлама ғалымы, ойшыл, философ, әлеуметтанушы, математик, физик, астраном, лингвист, логик, музыка өнерінің зерттеушісі Әбу Насыр әл-Фарабидің асыл мұрасында басқа мәселелермен қатар тәрбие, тәртіп, этика, эстетика, ізгілік, адамгершілік мәселелері үлкен орын алады.
Оның «Әлуметтік этникалық трактаттар», «Бақытқа жету жолдары»,
«Азаматтық саясат», «Қайырлы қала тұрғындарының көзқарастары» сияқты еңбектері әлі күнге дейінпедагогикалық білімнің, тәрбиенің қайнар көзі деуге болады.
Орта Азияда түркі тілдес халықтар үшін аса маңызды, тәрбиелік мәні жоғары құнды педагогикалық идеялар Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат та-түрік», Жүсіп Баласұғынның «Құтты білік», Ибн Сина рубайлары, Әбу Райхан әл Бирунидің тарихи тәлімдік, матиматикалық пікірлері, әл – Хогрезмидің төрт ғасырдан Еуропа елдерінде оқу құралы ретінде қолданылған «Ал- Джебр» еңбегі, Фирдеусидің «Шахнамасы», Низамидің
«Ләйлі мен Мәжнүні», Қожа Ахмет Яссауидің «Диуни хикметі» тағы басқа тәлім- тәрбиелік еңбектері жастарды білім ғылымға шақыруға, адамгершілік қасиеттері мен гуманистік көзқарастарын қалыптастырудағы асыл мұра, құнды мирас.
Орта ғасырларда көптеген мемлекеттерде тәрбие процесінің басым көпшілігі діни сипсты болған. Педагогикалық кәсіптің пайда болысымен –ақ ұстаздарға білімді берумен қатар тәрбиешілік міндет те жүктелді. Ұстаз тұлғасы - әрі тәрбиеші, әрі оқытушы, әрі кеңесші сияқты рөльдерді қамтитін болды. Әр халықтың ойшылдары, қай ғасырда болмасын тәрбиемен оқыту процестерін ажыратпас біртұтас процесс ретінде қарастыруды талап еткен.
Себебі тәрбие адамның бүкіл тағдырына әсерін тигізеді, оның өмірінін рухани негіздерін қалайды. «Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие.
Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қос жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі» - деген әл- Фарабидің сөздері қазіргі дамуы жылдам қоғамызда да өзекті болып отыр.
Сонымен, педагогиканың ғылым ретінде дамуын адамдардың өмір мен еңбекке дайындалуын объективті қажеттіліктері анықталады деуге болады.
Педагогиканың өз алдына жеке ғылым болып қалыптасуына XIIV ғасырда өмір сүрген чех педагогы Я.А. Коменскидің қосқан үлесі өте зор. Ол мектептерге арналған ондаған оқулықтар, 200 ден астам педпгогикалық еңбектер жазып оқытудың сынып – сабақ жүйесі жасаған адам. Қазіргі кезде сынып сағат жүйесі, каникулдар, оқыту процестері осы педагоктың атымен тығыз байланысты. Жалпы педагогикалық ғылымның дамуында, жетілуінде И.Г.Песталоции, Ж.Ж. Руссо, К.А. Гельвеций, Д.Дидро, К.Д. Ушинский, А.С.
Макаренко, Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, В.А. Сухомлинский сынды педагоктар есімдері ерекше орынға ие.
Тәрбие тәжірибесі өз бастауларын адамзат өркениетінің бірінші қадамдарымен байланыстырады. Тәрбие жөніндегі ғылым геометрия, астрономия және басқа ғылым салаларынан көп кейін қалыптасқан. Барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғышарт - өмір қажеттігі. Бертін келө тәрбие адамдар өмірінде аса маңызды рөл атқара бастады. Әрқандай қоғам өсіп келе жатқан әулетке берген тәрбиесіне орай жылдам немесе баяу дамитыны белгілі. Осыдан тәрбие тәжірибесін топтастыру және қортындылау, арнайы оқу - тәрбие мекемелерін ұйымдастырып, жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады.
Ежелгі дүниенің Қытай, Индия, Египет, Греция сынды аса дамыған елдерінде сол заманның өзінде тәрбие тәжірибесін бір арнаға келтіріп, теория түзу қадамдары жасалды. Ол кезде табиғат, адам, қоғам жөніндегі барша білімдер философия шеңберінде жинақталып, сол ғылыми аумақта алғашқы педагогикалық тұжырымдар дүниеге келді. Барша замандарда адамдардың рухани және тән-дене дамуында шешуші рөл атқарған қуатты халық педагогикасы жа-сап келген. Инабаттылық, еңбектік, тән-дене тәрбиесі бойынша халық қайталанбас ғажайып өміршең жүйе түзді. Еуропалық тәрбие жүйесінің бесігі ежелгі Греция философиясында қалыптасқан. Оның көрнекті өкілі Демокрит (460-370 ж.ж. б.э.д.) - балалар тәрбиесі бойынша алғашқы нұсқаулар кітабын жазған. Ол сол уақыттың өзінде: «Табиғат және тәрбие ұқсас. Дәлірек айтсақ, тәрбие адамды қайта жасайды және оны өзгерте отырып, болмыс табиғатын түзеді.
Жақсы адам болу табиғат ықпалынан гөрі тәрбиеге көбірек тәуелді». Адам тәрбиесіне және тұлға қалыптастыруға байланысты идеялар мен тұжырымдар ежелгі Грек ойшыларды Сократ (469-399 ж.ж. б.э.д.), Платон (427-347 ж. ж. б.э.д.), Аристотель (384-322 ж.ж. б.э.д.), Төртуллиана (160- 222 ж.ж. б.э.д.) еңбектерінде жарияланған.
Орта ғасырлар дәуірінде шіркеу қуатқа мініп, тәрбиені толығымен діни арнаға бұрды. Ғасырдан ғасырға Эогматикалық оқу принциптері шыңдала берді. Бұл бағыт Еуропада 12 ғасыр бойы үстемдік етті. Солай болса да, өз философиялық тұжырымдары мен педагогикаға үлес қосқан шіркеу өкілдері Августин (354-430 жж.), Фома Аквинский (1225-1274)
есімдері ғылым тарихында сақталған. Бүгінгі күйінде жалпы білім беретін мектепті ойлап, іске қосқан Лойола (1491-1556) және оның ізбасарлары.
Қайта тіктелу заманы аса жарқын ойшыл педагог-гума-нистерді ғылым сахнасына келтірді. Олардың қатарында голландиялық Эразм Роттердамский (1466-1536), италиялық Витторино де Фельтре (1378-1446), француздық Франсуа Раб-ле (1483-1553) және Мишель Монтень (1553- 1592) өздерінің педагогикалық еңбөктерімен әйгілі болды. Педагогика көп заманға дейін философияның бөлігі бо-лып келді, тек қана XVII ғасырда ол дербес ғылым лауазы-мына ие болды. Осыдан педагогика бүгінгі күнде де философиямен аса тығыз байланысты. Себебі бұл екі ғылымның да шұғылданатыны адам, оның өмірі мен дамуын зерттеу.
Педагогиканың философиядан бөлініп, өз алдына ғылыми жүйеге келуі ұлы чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) есімімен байланысты. Оның 1654 жылы Амс-тердамда жарық көрген «Ұлы дидактика» атты басты еңбегі алғашқы ғылыми - педагогикалық кітаптардың бірегейі болды.
Ондағы айтылған идеялардың көпшілігі осы күнге дейін өзінің көкейтестілігін және ғылыми маңызын жоғалтқан емөс. Я.А.Коменский ұсынған табиғи сәйкестік принципі, сынып-сабақтық оқу жүйесі және басқа да оқу принциптері, әдістері, формалары педагогикалық теорияның алтын қорынан орын иелөді. «Оқу негізіне басқалардың зат жөніндегі бақылаулары мен айғақтарын жаттау алынбай, сол заттар мен құбылыстарды танып, білу қалануы тиіс»; «Естігенді - көргөнмен, сөзді - қол әрекетімен байланыстыру қажет»; «Әрқандай үйрету сыртқы сезім және ақыл-парасат байланысы негізіндегі дәлелдерге сүйенуі қажет» ұлы педагогтың осы тұжырымдары біздің заманымыздың талаптарына да сәйкес келіп тұр. Ағылшын философы және педагогы Джон Локк (1632-1704) өз қайрат-күшін тәрбие теориясына бағыштады. Өзінің «Тәрбие жөніндегі ойлар» атты басты еңбегінде ол өзіне сенімді, ауқымды білімділігін іскерлікпен, берік наным-сенім-дерін сұлу мәнерлікпен ұштастыра білген адам - джентельмен тәрбиелеуге арналған көзқарастарын жариялады. XVIII ғасырда бастауыш мектеп педагогикасы бойын-ша өз шығармаларымен танылған француз материалист-ағартушылары Д.Дидро (1713-1784), К.Гельвеций (1715-1771),/7.Гольбах(1723-1789),әсіресеЖ.Ж.Руссо(1712- 1778) болды. «Затқа назар! Затқа! Мен ешқашанда біздің мылжың тәрбиемізбен сөзге аса көп маңыз беріп, құрғақ сөзді адамдар-ды жасайтынымызды қайталап айтудан жалықпаймын», - деп ұрандаған.
Бастауыш мектеп педагогикасында И.Г.Песталоцийдің (1746-1827) есімі аса құрметпен аталады. «О сүйікті халқым! Сенің қаншалықты төмен жасап жатқаныңды мен байқап жүрмін, мен саған көтерілуге жәрдем беремін» - деп, ол жан айқайын салды. И.Г.Песталоций өз дегеніне жетті. Ол мұғалімдерге балаларды оқыту мен адамгершілік тәрбиесінің ізгілікті теориясын ұсынды. «Өзгерістерден басқа тұрақты ешнәрсе жоқ», - деп үйреткен неміс педагогы Фридрих А.В.Дистервег (1790-1886)
барша педагогикалық құбылыстарға тән тәрбиенің қозғаушы күштері мен қарама-қарсылықтарын зерттеген.
Орыс ойшылдары, философтары және жазушыларының арасында педагогикалық шығармаларымен белгілі болған есімдер: В.Г.Белинский (1811-1848), А.И.Герцен (1812-1870), Н.Г.Чернышевский (1828-1889),
Н.А.Добролюбов (1836-1561). Бүкіл әлемде Л.Н.Толстойдың (1828-1910), Н.И.Пироговтың педагогикалық идеялары әйгілі болды. Олар таптық мектепті қатаң сынға алып, халықтық тәрбие са-ласын түбегейлі өзгерту қажеттігін ұрандады.
Қазақ халқының да тәлім-тәрбиелік жүйесі ұланғайыр да мәуелі. Бұл салада халқымыздың тәлім-тәрбиелік қорына елеулі үлес қосқан арыстарымыз Абай, Ы.Алтынсарин, С.Торайгырұлы және т.б. Олардың тәлім-тәрбиелік өсиеттері талай зерттеулерге арқау болған. Кемеңгер Ахмет Байтұрсынұлының өткен ғасыр басында - «Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы. Әуелі біз елді түзетуді, бала оқыту ісін түзетуден бастауы-мыз керек. Heгe десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі. Қазақ ішіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде, оқумен түзеледі»- деген ұлағатты ескертпесі бүгінгі қазақ мектебінің ұлттық білім стратегиясының тұғыры ретінде қабылдануда.
Орыс педагогикасын әлемдік даңққа бөлеген Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1871). Ол оқу-тәрбие теори-ясын түбегейлі өзгеріске келтіріп, педагогикалық тәжірибеде төңкеріс жасады. Ушинскийдің педагогикалық жүйесінде же-текші орын тәрбие мақсаттарына, принциптеріне және оның мәніне берілген. «Тәрбие, егер ол адамға бақыт бағыштағысы келсе, оны бақыт үшін тәрбиелемей, өмірлік еңбекке баулуы тиіс» - деп жазған еді ұлы ғұлама.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет