Курсы мамандығы: «5B010300-Педагогика және психология»


Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы



бет3/60
Дата10.03.2023
өлшемі302,06 Kb.
#72891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Байланысты:
Айтжанова Роза Мукантаевна П. . к., профессор

Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы.


Қазақстан республикасындағы инклюзивті білім беру жүйесінің нормативтік-құқықтық базасы

  1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығын, еркіндігі мен бостандығын сақтаудағы отандық және халықаралық нормативтік құжаттар

  2. Халықаралық құқықтық құжаттардағы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың еркіндігі мен бостандығы туралы негізгі ережелер

  3. Арнаулы білім беру жүйесін регламеттейтін нормативтік құжаттар Адамның өмір сүруін қанағаттандыру үшін оның құқығы мен еркіндігі

сақталуы қажет. Адам құқығы мен еркіндігін қорғау, халықтың әлеуметтік қорғау мен оны жүзеге асыру механизмі адам құқығы мен еркіндігі туралы бекітілген халықаралық актілердің негізінде реттеледі. Адамның саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқығын сақтау туралы халықаралық құқықтық құжаттар барлық халықтың құқығы мен еркіндігін мойындауға, жеке басының, тілінің, дінінің, еңбекке араласу, тынығу мен бос уақытын ұйымдастыру, әлеуметтік қамсыздану, материалдық және моральдық қызығушылықтарының орындалуына негіз болады.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығы көп уақыт бойы халықаралық қауымдастықтың назарында болып келді. Қазіргі уақытта көтеріліп отырған жалпы проблемаға байланысты біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан Адам құқығы туралы декларация, Мүгедектердің құқығы туралы декларация, Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген тұлғалардың құқығы туралы декларация, Бала құқығы туралы конвенция, Мүгедектердің мүмкіндігі мен ережелерін сақтаудағы тең құқығын сақтаудың стандартты ережелері түріндегі бірқатар нормативтік құжаттар жасақталған.
БҰҰ-ның қабылдаған Уставына және Адам құқығы туралы жалпы декларацияға сай мүмкіндігі шектеулі тұлғалар белгіленген нормативтік құжаттар негізінде өздерінің азаматтық, саяси, әлеуметтік, мәдени құқықтарын жүзеге асырып, өзге адамдармен қатар өздерінің еркіндігі мен бостандығын сақтай алады.
Аталған құжаттардың қатарындағы Адам құқығы туралы жалпы декларация осы проблемаға сай қабылданған басқа да нормативтік құжаттардың құрылуына негіз болды. Құжаттардың жасақталуы барысында балаларды қорғау, балалардың денсаулығына назар аудару, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға ерекше назар аударудың қажеттілігі басым боды.
1989 жылғы 20 қарашадағы Бас Ассамблеяда Бала құқығы туралы конфенция қабылданып, баланың мүмкіндігін әлемдік деңгейде сақтай білу, оны дамытудың қажеттілігі қабылданды. Конвенцияның негізгі мақсаты - максималды түрде баланың қызығушылығын сақтау. Конвенцияның ережелері маңызды төрт талап негізінде (өмір сүруге қабілеттілік, даму, қорғау, қоғамдағы белсенді өмір сүруін қамтамасыз ету) қарастырылды. Конвенцияның 23-ші бабында «мүмкіндігі шектеулі баланың өмір сүруіне жағдай жасау» туралы мәселелер көтеріледі. Мүмкіндігі шектеулі
балалардың білім алуы, кәсіби еңбекке дайындығы, оларға медициналық көмек көрсету, денсаулығын нығайтудағы қажеттіліктердің қанағаттандырылуы туралы баса айтылады.
1975 жылы БҰҰ Ассамблеясында қабылданған мүгедектердің құқығы туралы Декларация мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың азаматтық және саяси теңдігін сақтауға негіз болады. Сонымен қатар олар өздерінің қоғамдағы интеграциялану мүмкіндіктерін қабылдау үшін максималды түрдегі арнаулы көмек түрлерін қабылдауға құқылы.
БҰҰ қабылдаған ақыл-ой дамуы кешеуілдеген тұлғалардың құқығын қорғау Декларациясы (1971) аталған категорияларға жататын тұлғалардың өмір сүру мүмкіндіктеріне түбегейлі өзгерістер енгізуге бағытталған.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың мүмкіндіктерін сақтаудағы негізгі халықаралық құжаттардың мазмұны мынадай қорытынды жасауымызға мүмкіндік береді:

  1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың басқалармен бірдей тең құқылығын сақтау принципі;

  2. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды (саңыраулар үшін) барлық жағдайлардағы аудармашылармен қамтамасыз ету;

  3. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығы бір ғана құжатта емес бірнеше құжаттарда баяндалады.

Қазақстан Республикасының арнайы білім беру жүйесі 90-шы жылдарда мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік бейімделуін жетілдіру мақсатында халықаралық құқықтық актілер қабылданды, олар “Бала құқықтары туралы Конвенция” (1989) және “Мүгедектердің құқықтарының тепе-теңдігін қамтамасыз ету туралы ережелер” (1993), білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнайы білім беру және жағдайын реттеу үшін “Саламандық декларация” (1994).
Саламандық декларацияда (1994) «инклюзия» - бұл білім беруді дамытудағы басты бағыт деп есептеген. Инклюзивті білім беру жүйесінің ерекшелігі әрбір баланың қажеттілігі мен мүмкіндігіне қарай бейімделуге міндетті, бірақ жалпы білім беру мектептерде біріктіріп оқытумен қатар кейбір балалар арнайы мекемелерде білім алады. Жоғарыда аталған халықаралық құжаттарды жүзеге асыру нәтижесінде тоқсаныншы жылдары білім беру жүйесінде «инклюзия», «инклюзивті білім беру», «инклюзивті амал» бағыттары дами бастады.
«Инклюзия» терминіне анықтама бере кетсек, инклюзивті білім беру (франц. Inclusif - өзіңе енгізуші, латын тілінен include-бекітемін, енгіземін) жалпы білім беретін мектептердегі ерекше қажеттіліктері бар балалардың оқыту процесін бейнелеу үшін қажетті термин. Инклюзивті білім берудің негізіне идеология жатады. Ол балалардың кез келген дискриминатциясын жояды, яғни ол барлық адамдарға бірдей қалыпты қарым-қатынасты қамтамасыз етеді, бірақ ерекше білім қажеттіліктері бар балаларға ерекше жағдай жасайды.
Инклюзивті амал - баланың әртүрлі білім беру қажеттілігін және сол қажеттілікке сәйкес қызмет көрсетілуін қамтамсыз етілу арқылы білім беру
процесіне қатысуын, білім берудегі қарсы шығушылық пен шектеушілікті азайтып, қоғамның назарын аударады.
Инклюзивті білім беру - дене, интеллектуалдық, әлеуметтік, эмоционалдық, тілдік және т.б. ерекшеліктеріне қарамастан білім алуына, тәрбие мен оқытудың жалпы процестеріне қатысуына мүмкіндік беріп, өсіп келе жатқан тұлғаның қоғамның тең мүшесі болуына жол ашып, шектеушілік пен оңашалау қауіп-қатерін төмендетеді.
Кез келген мемлекетте арнайы білім беру жүйесінің дамуы қоғамның мәдени нормалары мен құндылық бағыттарының негізінде жүзеге асырылады. Демек арнайы білім беру жүйесінің даму кезеңдері әр мемлекеттің және қоғамның даму тарихымен тығыз байланысты. Дамуында ауытқуы бар тұлғаға қоғамның қатынасы бірнеше факторлармен анықталады, оның ішіндегі негізгі факторлардың бірі – саяси әлеуметтік экономикалық, сонымен қатар халықтың философиялық көзқарасы, діни адамгершілік деңгейі болып табылады.
«Қазақстан Республикасының балалар құқығы» туралы заңы ҚР-ның Конституциясында қарастырылған баланың қызығушылығы мен негізгі құқықтарын жүзеге асырумен байланысты қатынастарды реттейді. Заңға сәйкес барлық балалар шығу тегі, нәсіліне және ұлтына, әлеуметтік және тұрмыстық жағдайына, жынысына, тіліне, біліміне, діни қатынасына, тұрғылықты жеріне, денсаулық күйіне және басқа да жағдаятарға қарамастан тең құқыққа ие.
2007 жылы қабылданған мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияда үздіксіз сапалы тұрғын жерінде, отбасынан айырылмай білім алуға құқықтар жарияланып, арнайы жағдайларды қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аудару туралы баптар бекітілген. Қазақстанда мүмкіндігі шектелген балалардың туғанынан бастап әлеуметтік және медициналық-педагогикалық тексерулерді және білім алуды ақысыз пайдалану құқығы еліміздің бас Конституциясында, «Білім беру туралы»,
«Мүмкіндігі шектелген балаларды әлеуметтік және медициналық- педагогикалық тұрғыдан қолдау туралы», Қазақстан Республикасында
«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік қорғау туралы» заңдарында бекітілген.
Осыған орай, Р.А.Сүлейменова мен Г.Д.Хакимжанова түрлі типтегі инклюзивті мекемелердің жүргізілген тәжірибесін талдау негізінде жұмыстарының ортақ тенденциясы мен қағидаларын анықтауға мүмкіндік берді. Мұғалімдердің көбі үлкен мән беретіні: түзете-дамыту мен оңалту бағдарламаларын жүзеге асыру мен жоспарлау кезінде зиятының даму деңгейін, қажеттіліктерін және физиологиялық функцияларын бағалауына;оңалту және оқыту бағдарламасын кешенді жүзеге асыруына; бірлескен және қарым-қатынас жасауда, оқыту мен тәрбиелеуде ата-аналар мен қалыпты деңгейдегі баланың қатысуы;отбасына психологиялық қолдау көрсету.Р.А.Сүлейменова инклюзивті білім беру арқылы баланың толық қосылуын қамтамасыз ету үшін адамдарды бөлетін тосқауылдарды жою үшін ортақ білім беру жүйесінің дамуында және мемлекеттік саясатта
өзгерістер болатының болжап көрсеткен. Дейтұрғанымен, инклюзивті білім беру жүйесі тек мектептегі білім алуды ғана қамтып қана қоймай, оған қоса күрделі ауытқуы бар балаларға арналған күндізгі орталықтарында болу, үйде тәрбиеленетін балаларға бару және тағы сол сияқты жұмыс формалары бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет