Педагогикалық мамандық – кәсіби топтыңаясындағы қызмет түрі ол белгілі сипаттағы кәсіби педагогикалық міндеттерді қою және шешуді қамтамасыз ететін, білім беру нәтижесінде меңгерілген білім, білік және дағыдалар жүйсімен сипатталады.
Педагогикалықмамандану– педагогикалық мамандықтың аясындағы белгілі іс-әрекеттің түрі. Ол нақты еңбек пәнімен және маманнның нақты функциясымен анықталады.
Педагогикалықквалификация– маманның белгілі сипаттағы міндеттерін шешу мүмкіндігін сипаттайтын кәсіби-педагогикалық дайындықтың деңгейі мен түрі.
Педагогикалық мамандықтар «Білім беру» кәсіби тобына біріктірілген. Берудегі әлемдік бағыттарды талдай отырып, кәсіби педагогикалық маманға мынандай талаптар қойылады.
Білім беру сапасының жоғарылауы.
Мұғалімнің рухани құлықтық қабілеті жоғары болуы тиіс.
ХХІ ғасырдың мұғалімі оқыту мен тәрбиенің жаңа технологияларын үздіксіз меңгеріп, оны өз тәжірибесінде қолдануы керек.
Білімді интеграциялау (кіріктіру).
Кәсіби қабілеттілік.
Интеллегенттік.
Бәсекелестікке қабілеттілік.
Рухани байлық.
ХХ1 ғасыр мұғалімі осы талаптарға сай қалыптасуы тиіс.
Педагогтың кәсіби кызметі және оның тұлғасы.
Педагогикалық қызмет – бұл әлеуметтік қызметтің ерекше түрі. Ол ересек ұрпақтың адамзат мәдениеті мен тәжірибесін жас ұрпаққа беруге, олардың тұлғалық дамуына жағдай тудыруға және оларды қоғамда белгілі бір әлеуметтік рольді орындау үшін дайындауға бағыталған.
Бұл қызметті педагогтармен қатар ата-аналар, қоғамдық ұйымдар, өнеркәсіп басшылары, өндірістік топтар, бұқаралық ақпарат құралдары да атқарады. Бірақ педагогтар бұнда кәсіби қызмет тақарса, қалғандары – жалпыпедагогикалық қызметке ие. Педагогикалық іс-әрекет кәсіби қызмет ретінде арнайы ұйымдастырылған білім беру орындарында жүргізіледі: мектепке дейінгі орындар, мектеп, кәсіби-техникалық училищелер, арнайы орта және жоғары оқу орындары, қосымша білім беру, біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау орындары.
Педагогикалық қызметтің мәнін түсіну үшін оның құрылымына талдау жүргізу қажет. Оның құрылымы мақсат, мотив, іс-әрекет, нәтиженің бірлігінен тұрады.
Мұғалім жұмысының мақсатын қоғам анықтайды, яғни оның әрекетінің мақсаты - оқушылардың тұлғасын қоғамдық талаптарға сәйкес тәрбиелеу. Ол тарихи құбылыс. Әлеуметтік даму бағыттарын белгілейтін көрініс ретінде мақсат адамның рухани және табиғи мүмкіншіліктерін есепке ала отырып, оған белгілі талаптар жиынтығын қояды. Онда, бір жағынан, әлеуметтік және этникалық топтардың қызығушылықтары, екінші жағынан, жеке тұлғаның қажеттіліктері мен қабілеттері жинақталған.
Педагогикалық қызмет мақсатының негізгі объектілері ретінде тәрбиелік ортаны, тәрбиеленушілер әрекетін, тәрбиелеуші ұжымды және тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін белгілейді. Педагогикалық қызмет мақсатын жүзеге асыру тәрбиелік ортаны қалыптастыру, тәрбиеленушілердің әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелеуші ұжымды тудыру, тұлғаның даралығын дамыту сынды міндеттерін шешумен байланысты.
Педагогикалық қызметтің барлық қасиеттері анықталатын негізгі функциональды бірлік ретінде педагогикалықіс-әрекет танылған. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті ең алдымен, танымдық міндет формасында көрінеді. Өіндегі бар білімге сүйене отырып, ол теория жүзінде өз іс-әрекетінің құралдарын, пәнін және нәтижесін салыстырады. Танымдық міндет психологиялық тұрғыдан өз шешімін тауып, практикалық өзгертуші қимылға айналады. Осылайша, мұғалімнің іс-әрекеті – бұл түрлі деңгейдегі міндеттерді шешу процесі.
Педагогикалық міндеттердің спецификалық ерекшелігі – олардың шешімін табуда.
Педагогикалық қызметінің обьектісі- адам, оның ақыл-ойы, еркі, сезімдері. Оның мынадай ерекшеліктері бар:
Адам - тірі табиғат бөлігі. Оның қайталанбас жеке қасиеттері, қоғамда болып жатқан өзгерістерге өзіндік түсінушілігі бар белсенді обьект.
Мұғалім әрдайым өзгеріп отыратын жеке адаммен жұмыс жасайды.
Мұғаліммен бірге жеке адамдарға бүкіл қоршаған орта әсер етеді. Педагогикалық қызмет осы әсерлерді дұрыс бағыттауы тиіс.