Курсы мамандығы: «5B010300-Педагогика және психология»



бет52/60
Дата10.03.2023
өлшемі302,06 Kb.
#72891
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   60
Байланысты:
Айтжанова Роза Мукантаевна П. . к., профессор

Салауатты өмір салты. Студенттердің денсаулығының кепілі де салауатты өмір салтын ұстануларынан басталады. Қоғамда дені сау адамды тәрбиелеуде бұл тәрбиенің орны ерекше. Ол белгілі орындарда, яғни спорт алаңдарында, сауықтыру орындарында іске асырылады.


Негізгі әдебиеттер:


  1. Қоянбаев Р., Қоянбаев Ж. Педагогика. - Алматы 2009.

  2. Педагогика. Дәріс курсы. - Алматы 2013.

2014.


  1. Әбиева Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Алматы: Дарын,




  1. Мудрик А.В. Социализация и смутное время. – М.,1991.

  2. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. - А, 2015.

  3. Педагогика. Дәріс курсы. - А, 2016.

  4. Құсайнова М.А. Жалпы педагогика. – Алматы, 2017.

Қосымша әдебиеттер:


  1. Аубакирова Р.Ж. Педагогикалық зерттеу әдістемесі: оқу құралы.-

Астана: Фолиант, 2008.-128 б.

  1. Ахметова Г.К., т.б. Педагогика: Оқулық-Алматы: Қазақ университеті, 2006. -217 б.

  2. Айтбаева А.Б. Білім берудегі жаңа технологиялар: оқу құралы- Алматы: Қазақ университеті, 2008.

  3. Бабаев С.Б., Жұмадиллаева А.А. Көрнекі педагогика.-Алматы, 2008.-68 б.

  4. Бахишева С.М. Педагогикалық жобалау: теориясы мен технологиясы. Оқулық.-Алматы, 2010.

  5. Гуманитарные науки: Педагогика. http://www.refer.ru.

  6. Наука и образование: Педагогика. http://www.ehoo.ru.

  7. Наука и образование: Педагогика ресурсы. http://www.pautina.net.



№12 Дәріс тақырыбы: Тәрбие үдерісінің формалары, әдістері мен құралдарының жүйесі.


Жоспар:

  1. ТПҮ-нің қозғаушы тетіктері ретінде тәрбиенің құралдары, формалары, әдістері туралы түсінік, олардың өзара байланысы мен бір- біріне тәуелділігі.

  2. Тәрбие әдістерін жіктеу және оларды дайындаудың өлшемдері.

  3. Тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері.

  4. Оң тәжірибе мен мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру әдістері. Мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдістері.

1. Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін педагог оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, формаларын, әдістерін және құралдарын ажырата алуы керек. Формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады.
Тәрбие әдістеріне педагогикалық әдебиетте бірнеше анықтама берілген: Т.Е.Конникованың анықтамасы бойынша – бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету. И.С.Марьенко бойынша тәрбие әдісі – жеке адамға тікелей және жанама ықпал жасау. В.А.Сластенин тәрбие әдісін тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері деп тұжырымдайды.

Тәрбие жұмыстарының әдістері тәрбиенің мақсатына, принциптеріне және мазмұнына, балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, олардың тәрбиелілік дәрежесіне байланысты таңдалады және тәрбие жұмыстарының мақсаттары мен мазмұнымен анықталады.
Тәрбие әдісінің көмегімен оқушылардың әр түрлі іс-әрекеттері ұйымдастырылады, мақсатқа сәйкес бағытталады, олардың адамгершілік тәжірибесі дамиды, тәрбие әдісінің көмегімен оқушылардың дүниеге көзқарасы қалыптасады, олар қоғамдық өмірге қатысады, тәрбиенің әлеуметтік мақсаты іске асырылады. Барлық тәрбие әдістері бір-бірін толықтырады. Әдістердің бірлігі тәрбие жұмысына игі әсер етеді, балалардың білімін,іскерлігін және дағдысын тереңдетеді, қоғамдық өмірге,еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады, жалпы мәдениетін, ой-өрісін кеңейтеді.
Тәрбие формасы – бұл тәрбие процесінің сыртқы түрі. Форма мен мен мазмұн бір-бірімен өзара байланысты, себебі, мазмұн қалыптасады, ал форма мазмұнмен толтырылады.
И.П.Пидкасистый тәрбие формаларын сандық критерийге негіздеп жіктейді. Бұл критерий бойынша тәрбие формалары жекелеме, шағын топтық, топтық (ұжымдық), және жалпы болып бөлінеді. Тәрбие процесінің тиімділігі оны ұйымдастыру формасынан тәуелді. Сонымен қатар мектептен тыс тәрбие жұмысы, тәрбиелік әсер ету әдістеріне байланысты сөздік, көрнекі, практикалық формалары да белгілі.

  1. Тәрбие құралдарына іс-әрекеттің түрлері, көрнекі құралдар, көптеген комммуникациялық құралдар, педагогикалық ықпал жасау құралдары (мұғалім, ата-ана, ересек адамдардың сөзі, олардың өнегесі) жатады. Педагогикалық әдебиетте оған тар мағынада сөздері, кітаптарды, кинофильмдерді, өнер туындыларын, т.б. тәрбие мақсаттарына қажетті нәрселерді жатқызады. Кең мағынасында іс-әрекет түрлерін: оқу, қоғамдық- пайдалы еңбек, спорттық ойындар, үйірме жұмыстарын жатқызады.

Оқушы тұлғасы қалыптасуының басқарылуын қамтамасыз ету – тәрбие құралдарын толық және тиімді пайдалана білу. Тәрбие мақсаты толық орындалуы үшін тәрбие әдістерін, формаларын, құралдарын тиімді пайдалану қажет.

  1. Тәрбие әдістерін топтап бөлу.

Тәрбие әдісін жіктеудің көптеген түрлері бар. Соның ішінде Т.Е.Конникова, Г.Щукина тәрбие әдістерін 3 топқа бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет