Курсы мамандығы: «5B010300-Педагогика және психология»



бет54/60
Дата10.03.2023
өлшемі302,06 Kb.
#72891
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   60
Байланысты:
Айтжанова Роза Мукантаевна П. . к., профессор

Педагогикалық талап – мінез-құлық нормасының көрінісі, балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру. Талаптың ынталандыру және тежеу функциялары бар.
Қоғамдық пікір – бұл ұжымдық талаптың бейнеленуі.
Жаттығу - мінез-құлық нормасына сәйкес оқушыларды қажетті дағдыға, әдетке төселдіру. Жаттығу түрлерінің бірі – үйрету, дағдыландыру. Олар белгілі бір әдетті тез және жоғары деңгейде қалыптастыру үшін қолданады.
Үйрету, жаттықтыру – бұл мінез-құлық нормасына сәйкес оқушыларды қажетті дағдыға, әдетке төселдіру. Үйрету әдісі баланың орындағыштық, мұқияттылық, табандылық сияқты қасиеттерін қалыптастырады. Жаттықтыру әдісі - әртүрлі ситуацияда оқушылардың моральдық тапсырмаларды орындауы.
Үйрету, жаттықтыру әдістерінің тәсілдері: нұсқау беру, машықтандыру, тапсырма.
Арнайы тәрбиелік ситуациялар құру – жеке адамның жағымды әрекеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. Сынып, мектеп біріншілігіне жарыс ұйымдастыру топқа, ұжымға, оқушыға тапсырма беру тапсырма беру тәрбиелеуші ситуацияда іске асырылады.


Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері:
Этикалық әңгімені төменгі және орта сыныптарда қолданады.
Этикалық әңгіменің нәтижелілігі келесілерге байланысты:

  • әңгіме мазмұнының оқушылардың жас ерекшеліктері мен әлеуметтік тәжірибесіне сәйкес болуы;

  • әңгіменің қызықты, әсерлі болуы, жарқын мысалдар келтірілуі;

  • оқушыларды әңгімеге тарту, олардың өз ойларын білдіре алулары;

  • әңгіме барысында көрнекіліктер қолдану;

  • мазмұндау тілінің әдеби сауатты болуы.

Пікірталас – бұл тәрбиеленушілердің байымдауын, баға беруін, сенімін қалыптастыру әдісі. Пікірталаста оқушы тақырып бойынша өзінің көзқарасын, ойын дәлелдейді. Сонымен бірге басқаның пікірін тыңдай білуге үйретеді.
Пікірталас оқушыларды қателіктер мен жалған көзқарастармен күресуге үйретеді. Пікрталастың құндылығы – ол оқушылардың ойлану сезімін оятады, талаптандырады, ал бұл дұрыс идеяларды ұстауға, қателіктерден бас тартуға мүмкіншілік береді.
Іс-әрекет пен мінез-құлықты ынталандыру әдістері:
Жарыс – балалардың іс-әрекетін ұйымдастыру және ынталандыру әдісі. Жарыс оқушылардың, әсіресе енжар оқушылардың белсенділігін арттырады, жауапкершілігін, ұжымшылдығын дамытады.
Мадақтау оқушылардың жағымды әрекеттерін қолдау үшін қолданады. Егер бала өзінің жетістігін және ұжым алдындағы жауапкершілігін сезе білсе, онда мадақтаудың құндылығы арта түседі, орынсыз мадақтаудан баллада менмендік, тәкаппарлық, дандайсушылық туады.
Жазалау – жағымсыз әрекеттердің алдын алу, оларды тежеу, өзінің, жолдастары мен басқа адамдардың алдындағы кінәсін түсіну үшін қолданылады. Жазалау үшін оның шындығын толық білу қажет.
Бақылау, өзін-өзі бақылау және өз-өзіне баға беру әдістері:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет