Диета 4. Белгілеудің қолданылатын кезі; гастроэнтероколиттер (қарын мен аш ішек, тоқ ішектердің қабынуы), жедел энтероколиттер мен созылмалы энтероколит асқынуы. Ішекке операция жасалғаннан кейін жедел дизентерия. Емдеудің мақсаты: ішекті механикалық және химиялық сақтау: перистальтика мен ішектің кебу процесін күшейтетін тағамдар бермеу.
Жалпы силаттамасы: көмір сутегі мен майдың есебінен калориясы шектелген, белогы физиологиялық норманың төменгі шегіндегі диета.Сүт пен өсімдік клеткалы азықтар берілмейді. Бұл диета 5-7 күннен көбірек мерзімге белгіленеді.
Калориясы мен құрамы; 80 г белок, 70г май, 50 г көмірсутегі , 2000 калорий , 100мг С витамині, тағамда В және басқа топтардың жетіспейтін витамині, препараттармен толықтырылады.
Тамақтану режимі; 5-6 рет тамақтанады, 1,5л сұйық - ыстық шай, қара кофе, сорпа , шиповниктің қайнатпасы ретінде беріледі.
Диета 5 Белгілеудің қолданылатын кезі бауыр мен өт шығаратын жолдардың созылмалы аурулары( холецистит, гепатит, бауыр циррозы) асқынбаған және асқазан мен ішектің аурулары болмаған кезде. Боткин ауруынан сауығып келе жатқаңда
Белгілеудің мақсаты; бауырдың бұзылған қызметін қалпына келтіруге көмектеседі. а) оған гликогеннің жиналуына;
б)тамақ майын (әсіресе, қиын балқитын ) шектеу жолымен май алмасуын нормаға келтіруген липотрондық ұйқы безіне әсер ететін заттарды енгізуге ;
в) ішектің қызметін реттей отырып , бауырдың улануын азайтуға :
г) өттің бөлінуін жылдамдату;
д) бауырды тітіркеңдіріп , ауруды асқындыратын тағамдык заттарға әсерін тигізеді. Жалпы сипаттамасы белок физиологиялық нормада , көмірсутегі мол, май шектелген диета бойынша.
Холестерині мол тағамдар берілмейді. Липотроңдық факторлар мен витаминдердің мөлшері көбейтілген. Ас тұзы 10-12г дейін Калориясы мен құрамы; 80-100г белок, 60-70г май, 450-500г көмірсутегі, 2800-3000г калорий. Май алмасуы бұзылған сырқатқа сутегі жеткізеді. Тамақтану режимі; әрбір 2 - 2,5 сағатта тамақтандырады. және жылы күйінде көп сусын ішеді ( күніне 2л дейін)