Дәрігер диетологтың басқаруымен күнделікті ас мәзірін тамақ картотекасына
сәйкестігін қүрастыру.
Диеталардың химиялық кұрамын және энергетикалық құндылығьн санау.
Медициналық құжаттарды толтыру.
Тамақтанудың санитарлық- гигиеналық тәртібі. Аурухананың тамақ блогы құрылысы, мазмұны, тамақ дайындауын қатаң кадағалау қажет.
2 Тамақ блогында көзге көрінетін жерде «Санитарлық ереже« ілініп түрады. Тамақ блогы, үлестіру бөлмесі және буфеттердің жұмысшыларын инструкцияға қатысты медициналық қараудан өткізіледі.
Тамақ блогы қызметкерлері тек қана санитарлық минимумнан сынақ тапсырғаннан кейін ғана жіберіледі
Тамақ блогы бөлімшесінде асхана ыдыстарын жууға катаң тыйым салынады.Бұны тек қана бөлімше буфеттерінде жуады.
Тамақ блогы және буфет құрал-жабдықтары аурухана және емхана табельдері құрал-жабдықтарына сәйкес керек.
Орталықтандырылған тамақ заттарын тасымалдау болмағанда және нақты әкелуге арнайы транспорт жылына бір рет паспортизациядан өтеді.
Аурухана бөлімшелеріндегі буфеттер қамтамасыз етілуі тиіс:
Бөлімшелердің барлық науқастары асханада тамақтанады. Науқастардың тамақтары (үйден келген шкафта, сөрелерде (құрғақ тамақтар) ал тез бұзылатын тоңазытқышта сақталады
Порционникті және порционник талаптарын құрастыру
Дәрігер науқасқа диетаны тағайындап немесе болдырмау жөне ауру тарихына стол нөмірі жазылады
Палата медбикесі тағайындау парағына диета туралы мәліметтерді таңдайды
Онда стол туралы мәлімет және науқастар залы және оларды қабылдайтын.Бір экземплярды бөлімшенің аға медбикесіне тапсырады ол басқасын таратушыға берілген порционникте палата нөмірі, аты-жөні,наукастың тамақтанатын орнын көрсетеді, асхана, палата.
Порционникті аға медбике таңертең ұсынады. Науқастар саны, емдік столдар туралы мәліметтерді береді. Порционникті аға медбике және бөлімше меңгерушісі талаптар жазады. Таңертең қүжаттарды аурухананың диеталық мейіркешіне береді.
Науқастарға тамақ үлестіру
Тамақты бөлімшеде буфетші және палата медбикесі таратады. Ыстық тамақ, температурасы 60С, ал суық тамақ 15С төмен болмау керек.
Жалпы тәртіптегі науқастар асханада тамақтанады.
Төсектегі науқастарға тамақты палатаға арнайы столдарда әкелінеді.
Бөлімшелерді жинайтын санитаркалар тамақ үлестіруге жіберілмейді.
Қалған тамақ қалдықтарын және лас ыдыстарды науқастың жанына қалдырмау қажет.
Науқастарды тамақтандыру.
Белсенді, енжар және жасанды түрлері болып бөлінеді.
Егерде науқас өзі тамақтанатын болса жалпы тәртіп, бос қозғалатын, оған тамақ ішетін жерді көрсетіңіз. Егерде науқас өздігінен палатада тамақтанса (палаталық немесе төсектегі тәртіп) алып келген тамақтың, сырткы түріне, оның тем- сын бақылаймыз. Тамақты подносқа салып әкелген жөн. Тамақтанғаннан кейін ыдыстарды жинап, керует маңындағы стол немесе сөрелерді сүртеміз. Егерде науқас медбикенің көмегімен тамақтандырылса( қатаң төсек төртіп). Науқасты тамақтандырмас бұрын палатадағы барлық емдік процедураларды аяқтау керек, физиологиялық бөлінулер, палаталарды тазалау, бөлмені желдету науқастың қолын жуып немесе дымқыл жылы сүлгімен сүртіп, көкірегіне салфетка қоямыз.
Жылы тамақты тумбаға немесе керует маңындағы столға қоямыз.
Науқасты ыңғайлы отырғызамыз{ жартылай отырғызып немесе отырғызып)
Науқастың жанына отырыңыз себебі сізге ыңғайлы болу үшін .
Егерде науқасты отырғызып тамақтандыру қиын болса онда сол қолмен тамақты қасықпен береміз.
Тамақтанғаннан кейін ыдыстарды аламыз. Науқастың аузын шайып және қолдарын жуамыз, төсек орнына тамақ қалдықтарын қағып науқасты жатқызамыз.
Тісі жоқ науқастарды тамақтандыру. Толық немесе жартылай тісі жоқ науқастарды сұйық және езілген тамақтармен тамақтандырамыз.
Тамақтану тәртібі Емдеу мекемелерінде 4рет тамақтандырады. Асқазан, ішек, жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары 5-6 рет тамақтанады.
Диета 1 Белгілеудің қолданылатын кезі: ішкі ірінді жара ауруларының асқынуы басылған кезде, тыртықтаньш біткен кезде, сондай-ақ ауру бетінің қайтуы кезінде 2-3 ай бойы, гастриттың асқыну кезеңіндегі жоғары секрециясы.
Белгілеудін мақсаты:
Химялық тітіркендіргіштерді болдырмай және механикалық тітіргендіргіштерді шектей отырып, асқазан мен ұлтабарды сақтау, жараның тыртықтанып бітуіне мүмкіндік беру.
Жалпы сипаттамасы: асқазан сөлін қоздырғыш заттарды болдырмау. Тағамды көбінесе ұнтақтап пісірілген немесе буланған күйде береді. Калориясы қалыпты және А мен С витаминдері көп белок, май мен көмірсутегі біркелкі болып келген қалыпты диета.
Калориясы мен құрамы: 100г май, 100г белок , 400г көмірсутегі, 3000г калорий.
Тамақтану режимі: күніне 6 рет тамақтану , ұйықтау алдында сүт немесе кілегей , айран ішу.
Диета 2 Белгілеудін қолданынатын кезі: қатпа (іш қату)
Белгілеудін мақсаты; перисталтиканы (қуыс мүшелерін созылып , жиырылуы) күшейту, ішті босатуды реттеу.
Жалпы сипаттамасы; диетада өсімдік клеткасына бай және ішектің қызметін күшейтетін тағамдардың мөлшерін көбейту. Минералды суларды жиі пайдалану. Калориясы мен құрамы 100г белок , 100г май, 450г көмірсутегі, 3500 калорий. Ас тұзы көбірек(25г).
Тамақтану режимі; күніне 4-5 рет тамақтану, түнге қарай айран , қара өрік, қызылша беріледі.
Диета 3 Белгілеудің қолданылатын кезі; секрециялық кемшілігі бар созылмалы гастрит. Асқынбаған созылмалы энтероколит (тоқ ішек пен аш ішектің кабынуы.)Шайнау аппараты қызметінің бұзылуы. Операциядан және жедел инфекциядан сауығу кезінде, сондай-ак асқазан-ішек жолын сақтау қажеттілігі көрсетілген басқада жағдайларда .
Белгілеудің мақсаты; асқазан мен ішектің секрециялық және қозғалыс қызметін келтіруге жәрдемдесу, асқазан ішек жолын механикалык сақтау.
Жалпы сипатгамасы; экстракт заттар және асқазан сөлін бөлуге жәрдемдесетін , бірақ қарынның шырышты қабығын тітіркендірмейтін басқа да заттарын сақтайтын физиологиялық толық жарамды диета. Құнарсыз дәнекер ет пен өсімдік клеткасы тағамдарды көбіне ұнтақталған түрде береді. Калориясы мен құрамы ; 80-100г белок, 80-100г май, 400г көмірсутегі, 3000г калорйи, 100мг С витаминдері( көбірек). Тамақтану режимі; күніне 4-5 рет тамақтанады.