Курсовая работа ( проекта) Издание /басылым 03/2017 Стр/бет из 27



бет2/13
Дата26.02.2022
өлшемі106,46 Kb.
#26474
түріКурсовая
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
курстық жұмыс

ІІІ. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

3.1 Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының интеллектуалдық қабілетін интербелсенді әдістер арқылы дамыту...............................................25



ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................31

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................................33

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқыту және тәрбие берудегі жаңа технологиясын енгізу» делінген.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығыда – балабақша. Балабақшалардың білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы жүзе асады.

Интербелсенді әдістерді мектепке дейінгі ұйым тәжірибесіне енгізуді неден бастау керек деген сұрақта тәрбиешілерді ойландырады. Бұл әдіспен оқыту сыныптағы жағдайдың өзгеруін талап етері сөзсіз. Сондықтан балалар да осы әдіспен жұмыс жасайтын тәрбиешіде белгілі бір уақыт дайындықтан өтулері қажет. Біздің пікірімізше тәрбиеші алдын ала біртіндеп интерактивті әдістерге құрылған –жұппен жұмыс, шағын топпен жұмыс тағы басқаларын ұйымдастырудан бастағаны абзал. Интерактивті әдістің дәстүрлі әдістерден артықшылығы баланы қозғалысқа түсіру енжар тыңдаушы емес, белсенді өз бетімен білім іздеуші, табиғат, қоғам заңдарын өз бетімен ашушы рөліне енгізу. Осындай тұрғыда тыныштықты бұзу қажет бұл-қозғалыс талдауға қатысу, пікірін дәлелдей білу, өзге көзқарас, пікірлермен санаса білу тәртіпсіздікті емес, ойлай білетін білімді, мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу құралы. Сол себепті интерактивті әдіспен жүргізуші тәрбиеші қа қатысушы педагогтар ата-ана т.б тағы қозғалыс, дыбыстың мән-мазмұнына тереңірек қарау керек деген пікірдеміз.

Интербелсенді әдістерді пайдалану кезінде балалар түсіну процесіне толық қанды қатысушылар болады, оның тәжірибесі оқу танымының негізгі қайнар көзі қызметін атқарады. Оқытушы дайын білімді бермейді, бірақ балаларды өз бетімен ізденуге үйретеді. Білім берудің дәстүрлі нысандарымен салыстырғанда, интерактивті оқытуда оқытушы мен баланың өзара әрекеттестігі ауысады: педагогтың белсенділігі баланың белсенділігіне орын береді, ал педагогтың тапсырмалары олардың инициативасы үшін жағдай жасаушы болады. Бұл әдістерді игеру және қолдану үшін, оқытушыға топтық өзара әрекеттердің әр түрлі әдістемелерін білу қажет. Интерактивті оқыту өзара түсінікті, өзара әрекеттестікті, өзара байытуды қамтамасыз етеді.

Интербелсенді оқыту – бұл ең алдымен бала мен тәрбиешінің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады. Интерактивтік оқыту – бұл танымдық әрекеттің арнайы ұйымдастыру формасы. Интербелсенді әдіс әр адамды білім алудың барлық кезеңдерінде белсенді жағдайға қояды, білім алу үрдісін мәнді етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет