Курстық ЖҰмыс мамандығы бойынша «Агрономия» Пәні бойынша


Павлодар облысы жағдайында сидиралды дақылдарды өсіру технологиясының ерекшеліктері және маңыздылығы



бет4/8
Дата20.05.2022
өлшемі78,66 Kb.
#35180
1   2   3   4   5   6   7   8
2 Павлодар облысы жағдайында сидиралды дақылдарды өсіру технологиясының ерекшеліктері және маңыздылығы
2.1 Павлодар облысы жағдайында сидиралды рапсты өсіру технологиясының ерекшеліктері

Мол өнім алу бұл – әрбір шаруаның арманы. Дегенмен, сан үшін күресте болашақ өнімнің сапасын ғана емес, сонымен қатар әртүрлі химиялық тыңайтқыштар мен қорғаныс құралдарын пайдаланудың салдарын есте ұстаған жөн. Ауыспалы егістерді жақсарту, топырақты байыту және өнімділікті экологиялық таза жолмен арттыру үшін жасыл тыңайтқышты қолданған жөн.


Сидераттар тыңайтқыштардан бас тартуға мүмкіндік береді. Жасыл тыңайтқыштарды пайдалану минералды және органикалық тыңайтқыштарды топыраққа енгізуді азайтуға, кейде тіпті толығымен бас тартуға мүмкіндік береді. Римнің ауыл шаруашылығы саласының қалыптасу тарихында «сидера» термині пайда болып, «көктен қуат алған жұлдыз» дегенді мағнаны білдіреді. Сол кездің өзінде римдік ауыл тұрғындары жасыл тыңайтқыштардың органикалық егіншіліктің ең маңызды құрамдас бөлігі екенін түсінген. Бұл өсімдіктер өсіруге талапшыл емес және аязға төзімді: оларды ерте көктемде де, негізгі дақылдарды отырғызу арасына да, кеш күзде де отырғызуға болады. Жасыл тыңайтқыштар қарашірік қорын молайтып, егістік қабатының құнарлылығын арттырады және топырақтың қышқылдығын төмендетеді.
Кең тамыр жүйесін қалыптастырған сидераттар топырақты құрылымдауға қабілетті. Жасыл тыңайтқыштарды отырғызу кезінде жерді қазудан бас тарту өажет, себебі, өсімдіктер мұны сіз үшін жасайды. Топыраққа енетін көптеген ұсақ, талшықты және тармақталған тамырлар тіпті ең озық тракторға қарағанда топырақты әлдеқайда тиімді қопсытады. Өсімдіктер мен өсімдік тамырлар өте тез шіріп кететіндіктен, топырақты ылғал мен ауамен тез және оңай қаныққтыратын көптеген арналар пайда болады. Дәл осы құбылыс топырақтың құрылымдануы деп аталады. Әрине, бұл процесс жылдам емес, және бір жылдан ішінде жасыл тыңайтқыштар бітеліп қалған және құнары таусылған жерді құнарлығы биік топыраққа айналдырмайды, бірақ олар саз топырақты қопсытып, құмды топырақты біріктіре алады.
Кез келген бір жылдық өсімдікті жасыл тыңайтқыш деп санауға болады. Ең көп таралған жасыл тыңайтқыш өсімдіктерге сұлы, люпин, бөрібұршақ, рапс, қара бидай, қыша және фацелия жатады. Жасыл тыңайтқышты таңдау топырақта қандай микроэлементтер жетіспейтініне байланысты. Мысалы, егер топырақта азот жеткіліксіз болса, онда беде және жоңышқа себуге болады. Ал люпин, өз кезегінде, фосфордың тамаша көзі болып табылады. Дәнді дақылдар мен күнбағыстар қолжетімді және тез өсетін жасыл тыңайтқыш ретінде сипатталады. Ал күздік қара бидай арамшөптерді жақсы басады. Бірақ топыраққа не қажет екенін анықтау үшін топыраққа агрохимиялық талдау жасау қажет.
Көктемде жасыл тыңайтқыштарды негізгі дақылдарды отырғызудан үш апта бұрын себу керек. Егер негізгі дақылдарды себуге дейін үш аптадан аз уақыт қалса, жасыл тыңайтқыштарды егу мағынасы жоқ - алдымен олар көктеп шығуы керек, содан кейін ғана кең тамыр жүйесін қалыптастырады.
Жазда жасыл тыңайтқышты өсімдіктерді негізгі дақылдардың орнына отырғызуға болады. Жазда тамыр жүйесі ең жақсы дамитын жасыл тыңайтқышты себу қалыптасқан. Мысалы, люпин тамыры егілгеннен кейінгі бір аптада ұзындығы 225 см жетеді, сондықтан бұл топырақтың кеуектілігін қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Келесі жылы бұл шараны басқа танапта қайталайды, осылайша бірнеше жыл ішінде бүкіл алқаптың қарашірінді құрамын жақсартады.
Күзде жасыл тыңайтқыштарды егін жинағаннан кейін себеді. Күзгі егін жинаудан кейін топырақты қалпына келтіру және көктемгі дала жұмыстарына дайындалу үшін күздік қара бидай немесе сұлы себу оңтайлы. Олар аязға жақсы төзеді және, әдетте, көктемде өседі.
Жасыл тыңайтқыштардың тиімділігін арттыру үшін себу ережелерін сақтау қажет. Топырақты жақсарту технологиясына көңіл қалмау және мол өнім алу үшін бірнеше ережелерді білуді қажет. Сонымен, жасыл тыңайтқыштарды өсіп келе жатқанда шабу қажет және өсудің максималды мөлшеріне жол бермеу керек. Ал егер мақсат топырақты қалпына келтіру болса, тамыр жүйесіне зақым келтірмеу үшін жасыл тыңайтқыштарды орақпен немесе тегіс кескішпен кесу керек. Сондай-ақ, аязға дейін күзде отырғызылған қысқы жасыл тыңайтқыштарды шабуға болмайды – олардың арқасында көктемде жер жыртудың қажеті болмайды. Егістік алқапты арамшөптерден қорғау үшін қатарлап емес, жаппай себу керек.
Сонымен, жасыл тыңайтқыштар сауатты ауыспалы егістерді қамтамасыз ету үшін тамаша аралық дақылдар болып табылады. Білімді және сауатты техникалық тәсілмен тыңайтқыш өсімдіктер топырақ құнарлығын арттырады, культиваторларға қарағанда топырақты жақсы қопсытады, яғни олар тамаша өнім қамтамасыз ете алады.
Жаздық рапстың негізгі етістік алқаптары айтарлықтай ылғалды солтүстік аудандарында орналасқан, ал бұл оны суарылмайтын жағдайда өсіруге мүмкіндік береді. Рапсты жақсы алғы дақылдардан – (сүріден кейінгі дәнді дақылдар, дәнді бұршақ дақылдары, отамалы дақылдар) арамшөптерден таза, ылғалға мол, құнарлы – танаптарға орналастырған дұрыс, суармалы жерлер тіпті дұрыс. Суарылмайтын жерлерде топырақты негізгі өңдеу жазықтілгіш терең қопсытқыштармен жүргізіледі. Себу алдында 5–7 см. тереңдікте культивацияланады, қажет болғанда 2,4–6 л/га. мөлшерінде 24 % трефлан енгізіледі. Суармалы жерлерде топырақ өндеу терең сүдігер жыртудан басталады, көктемде беткі қабаты қопсытылады (ылғал жабылады), себу алдында культивация және топырақ бетін тегістеу жұмыстары жүргізіледі (катоктар немесе сырғылармен). Рапстан жақсы өнім алу үшін суармалы жерлерде азот пен фосфор тыңайтқыштарын (N40-60, Р60-90) енгізеді. Таза сүрі жерлерде, қара топырақтарда жэне күңгірт қара-қоңыр топырақтарда азот тыңайтқышы енгізілмейді. Тұқым мен егін көгінің ауруларына (тамыр шіріндісі, қара сирақ, альтернариоз) қарсы витавакс 200 ФФ, 34 % улы химикатымен рапс тұқымы дәріленеді (2,5 л/т). Бұл препарат тұқымды залалсыздандыруымен қатар ынталандыратын (стимуляторлық) қызмет атқарады: жаппай егін көгін қуатты тамыр жүйесімен алуды қамтамасыз етеді, кейіннен оның әсерінен ірі жапырақты өсімдіктер дамиды да көп бұршаққындар қалыптастырады. Биологиялық ерекшеліктері бойынша жаздық рапс ерте себілетін дакыл деп есептеледі, алайда Солтүстік және Орталық Қазақстан жағдайында мамырдың 20-нан әрі қарайғы мерзім қолайлы болып табылады. Ерте мерзімде себілген рапс зиянкестермен қатты зақымданады және арамшөптермен тұншықтырылады, соның нәтижесінде тұқымның өнімі кемиді. Шығыс Қазақстан облысында рапстың тұқымға өсіргенде оңтайлы себу мерзімі – мамырдың бірінші онкүндігі. Жаздық рапсты жаппай қатардағы тәсілменде де (15, 23 см), кең қатардағы тәсілмен де (45–46см) себуге болады. Жаппай қатар тәсілмен сепкенде рапс біркелкі піседі, бөлектеп жинауға жақсы жағдай жасалады. Себу мөлшері қатардағы тәсілде 10 – 12 кг/га, ал кең қатарлап себілгенде – 7–8 кг/га, тұқымның сіңірілу тереңдігі 3–4 см. Себуден кейін танап тығыздалады. Арамшөптерді құрту үшін егін көгінің 4–5 жапырақ кезеңінде жеңіл тісті тырмалармен тырмаланады (түстен кейінгі уақытта). Кең қатарлы егістікте 2–3 рет қатараралық культивация (5–6 және 6–8 см) тереңдікте жүргізіледі.
Зиянкестерге қарсы инсектицидтерді қолданады: қырыққабат бүргелеріне қарсы егістік егін көгі кезеңінде 50 % Актеллик пен (0,5 л/га) бүркіледі, ал соңғы кезде біздің аймақта сумиальфа (0,25 л/га) жоғары тиімділікпен ерекшеленуде; қандала, жапырақкеміргіш қырыққабат көбелегінің сымқұрттары (гусеница), рапс пилилшігі, рапс гүлжегіштеріне қарсы 20 % Сумицин (0,3 л/га) да жақсы нәтиже береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет