Курстық ЖҰмыс мамандығы бойынша «Агрономия» Пәні бойынша


Жасыл тыңайтқыштарды пайдаланудаың экономикалық тиімділігі



бет7/8
Дата20.05.2022
өлшемі78,66 Kb.
#35180
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Жоба 1 Бекхан

4.2 Жасыл тыңайтқыштарды пайдаланудаың экономикалық тиімділігі

Ауыспалы егіске таза сүрі жердің орнына жасыл тыңайтқышты сүрі жерді енгізу экономикалық көрсеткіштердің айтарлықтай жақсаруына кепілдік бермейді (4.3-кесте). Дегенмен, рапсты сүрі жер үшін технологиялық операциялардың шығынын көбейтпей қосымша өнім алуға болады, бұл осы дақыл тұқымының бір гектарға себу мөлшерінің салыстырмалы түрде төмен құнымен байланысты (шамамен 1200 тг).


Түйежоңышқалы сүрі жер нұсқасында тұқым құнының жоғары болуына байланысты технологиялық шығындар сәл жоғары, бірақ сидератаның қайтарымы да тиісінше көбірек.
Экологиялық тұрғыдан алғанда жасыл тыңайтқыштың басымдылығы сөзсіз, ал ұзақ мерзімді перспективада биологизация ауыспалы егістің ғана емес топырақ құнарлылығын тұрақтандырып, сонымен бірге жасыл тыңайтқыш өсіруге кеткен шығындарды өтеуді арттырады.

4.3-кесте – Таза пармен салыстырғанда жасыл тыңайтқыштың құнын өтеуі (окупаемость)





Сүрі жер түрі

Сбор зерна за ротацию, т/га

Өнім бағасы, мың. тг/га

Қосымша пайда, мың. тг/га

Жасыл тыңайтқыштардың құнын өтеуі

Таза

7,68

39,9





Рапсты

7,99

41,5

1,6

1,7 ден

Түйежоңышқалы

8,34

43,4

3,5

5,5–2,1

Экономикалық тұрғыдан таза және сидератты сүрі жер арасындағы технологиялық айырмашылық көп жағдайда таза сүрі жердің технологиялық операциялармен қанығуына, танаптардың фитосанитарлық жағдайы және көптеген басқа факторлармен байланысты екенін ескеру керек.


Осылайша, жасыл тыңайтқыштарды таңдағанда артықшылық түйежоңышқаға берілуі керек, ол көктемгі жаппасыз (безпокровного) егіс кезінде орта есеппен 3,4-тен 8,9 т/га жер үсті құрғақ биомассасын құрайды және ол рапсқа қарағанда 1,8 есе көп.
Төрт танапты ауыспалы егістің алқабында жабынсыз (безпокровного) түйежоңышқа өсіру топыраққа оның биомассасымен бірге 350 кг/га дейін азот, 40–60 кг/га фосфор және 100–180 кг/га калий түсімін қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде топырақты нитраты азотпен, фосфор мен калийдің жылжымалы формаларымен орта есеппен 31, 11 және 10 % байытады.
Ауыспалы егісте сидерат ретінде түйежоңышқаны пайдаланып, бидайды түбірлік диазотрофтар (Азоризин) және ас бұршақты түйінді бактерияларды (Ризоторфин) препараттымен өңдеу өнімділік өсуін 12%-ға қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет