Курстық ЖҰмыс мамандығы бойынша «Агрономия» Пәні бойынша



бет3/8
Дата20.05.2022
өлшемі78,66 Kb.
#35180
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Жоба 1 Бекхан

Тақырыптың өзектілігі: Жасыл тыңайтқыштар топырақты белсенді түрде қоректендіреді. Жасыл тыңайтқыштардың тамыр жүйесі микроэлементтерді топырақтың терең қабаттарынан жоғарғы қабаттарына жеткізеді.
Ең бастысы – жасыл тыңайтқыштар топырақты азотпен қанықтырады. Осылайша, кейбір жасыл тыңайтқыштар (мысалы, бұршақ тұқымдастары) азотты бекітетін бактериялармен симбиозда болады, олар атмосфералық азотты байланысқан күйге айналдырады, бұл оны өсімдіктердің тұтынуына мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде облысымызда туындап отырған мәселелерді шешу үшін маңызды рөл атқара алады Бұл мәселелерді атап өтетін болсам, олар: монодақылдар есебінен топырақ құнарлығының төмендеуі, фосфор мен қатар азот тапшылығының, өнімділік пен оның сапасының төмендеуі.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты Павлодар облысы жағдайында жасыл тыңайтқыштарды қолдана отырып, топырақ құнарлығын әсер ету.
Осыған байланысты келесі міндеттер қойылды:
- егістің фитосанитарлық жағдайын қалыптастырудағы жасыл тыңайтқыштардың рөлін анықтау;
- жасыл тыңайтқыштардың топырақ құрылымы мен тығыздығына әсерін анықтау;
- дәнді сүрі жерлі ауыспалы егіс өнімділігіне жасыл тыңайтқыштарды жүйелі қолданудың әсерін зерттеу;
- жасыл тыңайтқыштардың агрохимиялық көрсеткіштерге әсерін зерттеу.


1 Әдеби шолу
1.1 Сидералды (жасыл) тыңайтқыштар түсінігі және маңызы

Жасыл тыңайтқыштар деп әр түрлі көп жылдық немесе бір жылдық шөптерді өсіп тұрған кезінде тамырымен қоса жыртып, аударып тастауды айтады. Бұл көптеген топырақтағы органикалық заттардың және азот қорының аз, ал олардың топырақтағы аз ғана қоры еліміздің климатының құрғақшылыққа бейім жағдайында тез күйіп кететіндігімен байланысты. Күзде айларыеда сидератты жырту бағытында катокспен жығып, оның көк балаусасын ұсақтау үшін дискілі сыдырғыштармен өңдейді. Жасыл тыңайтқыштарға көбінесе фосфор мен калийге тапшы болғандықтан оларды жыртпай тұрып топыраққа фосфор, калий минералды тыңайтқыштарын енгізу қажет. Содан кейін гектарына қажетті 5–6 ц. суперфосфат және 1–1,5 ц. калий қажет тыңайтқыштарын енгізгеннен кейін ғана топырақты 28–30 см тереңдікке жырту арқылы оларды топырақ қабатына сіңіреді [1; 2].


Жасыл тыңайтқыштар ретінде түйежоңышқа, тасбеде, жаздық сиыржоңышқа, рапс, екпе ноғатық, шабдар, бөрібұршақ секілді дақылдарды өсіреді де, вегетациялық және тамыр мүшелері толықтай жақсы жетілген кезінде көктей жыртып, топыраққа енгізіп тастайды.
Жасыл тыңайтқыштарға арналған дақылдарды жырту келесі егілетін дақылдардың ерекшелігі мен айырмашылықтарына байланысты болып келеді. Мысалы, сидераттан кейінгі егілетін дақылға бастапы кезде азот көбірек керек болса, сидераттарды ертерек жыртады және түісінше керісінше болады.
Сидераттардың тез ыдырауын қамтамасыз ету үшін оларды ертерек және терең емес жырту қажет. Сидерациялық дақылдарды өсіріп жыртқандағы негізгі шарты – топырақтағы неғұрлым азот пен органикалық заттардың мол қорын жасау болып табылады және оған аса қатты көңіл бөлген дұрыс. Сидерат дақылдардың барлығы дерлік атмосферадан азот жинайды, ал мұны күшейту үшін сидерат дақылдарды екпес тұрып дәндерін арнаулы препараттармен өңдеу қажет. Бұл шара сидерациялық дақылдардың атмосферадан азот сіңіруін күшейтір, оның топырақта мол жиналуына септігін тигізеді.
Жасыл тыңайтқышты қолдану топырақ құнарлылығын арттыруда маңызды агротехникалық тәсілдерінің бірі болып табылады. Жасыл тыңайтқыш ретінде өсірілетін дақылдарды сидераттар деп атайды. Жасыл тыңайтқыш ретінде бөрі бұршақ, сераделла, сиыр жоңышқа, эспарцет, тригонелла, чина, шабдар, қыша, нут сияқты дақылдарды пайдаланады. Жасыл тыңайтқыштар топырақтағы органикалық заттар мен азоттың қорын арттырады және фосфор, калий тағы басқа қоректік заттарды сіңімді түрлерімен байытады. Топырақтың ауа, су өткізгіштігі жақсарады. Микробиологиялық процестің жүруі жылдамдайды. Жасыл тыңайтқыш құрамындағы азотты өсімдіктің пайдалануы көңдегі азотқа қарағанда екі есе жоғары болады. Топыраққа еңгізілген жасыл тыңайтқыштар оның негізбен қанығу дәрежесін, сіңіру сыйымдылығын, буферлігін жақсартады. Жасыл тыңайтқыштар жеке немесе басқа дақылдармен бірге егілуіне қарай дара және тығыздалған (аралас) болып екіге бөлінеді.
Дара сидераттар алқапқа бір – екі маусым немесе бірнеше жыл қатарынан егіледі. Вегетациялық дәуірі қысқа негізгі дақыл жиналған соң, ол алқапқа жасыл тыңайтқышты орналастырады, күзге қарай көк балаусаны топырақты жырту арқылы сіңіреді де күздік дақыл себеді. Мұндай жасыл тыңайтқышты аралық сидерат дейді. Барлық алқапты немесе оның кейбір учаскелерін жолақ түрінде қамтуына қарай сидераттар жаппай және ықтырмалы болып бөлінеді. Оларды орып алу әдістеріне қарай жер бетіндегі өскіндері мен тамыр жүйелері бірге, басқа жағдайда жер бетіндегі немесе тамыр жүйелерін жеке-жеке пайдаланады[12].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет