4 Дәнді сүрі жерлі ауыспалы егіс өнімділігіне жасыл тыңайтқыштарды жүйелі қолданудың әсері мен экономикалық тиімділігі
4.1 Дәнді сүрі жерлі ауыспалы егіс өнімділігіне жасыл тыңайтқыштарды жүйелі қолданудың әсері
Жасыл тыңайтқыштардың топырақ қарашіріндісінің жиналуына әсері туралы мәселе өз өзектілігін сақтауда. Кейбір авторлар өсімдіктің жасыл массасын жырту кезінде топыраққа енгізу оның қарашірік құрамының артуына әкелетінін атап өтеді [4], басқа ғалымдардың зерттеулері мұндай ауылшаруашылық әдісті қолдану бұл көрсеткіштің мәні айтарлықтай өзгерістерге әкелмейтінін көрсетеді [5], немесе керісінше, қарашіріктің бар қорын минералдану процестеріне қатыстыру, оның құрамын азайтады [6]. И. Н. Шаркова зерттеулері (1997) Сібір топырағының жаңадан түзілген гумусты заттарды сақтау қабілетінің әлсіздігін анықтады, бұл өсімдік қалдықтарының көп мөлшері енгізілгенде де қарашірік құрамын арттыруға мүмкіндік бермейді [7].
Зерттеу сұлбасына 4 нұсқа кірді: таза сүрі жер және 3 түрлі жасыл тыңайтқыш (түйежоңышқа, рапстың көктемгі егіс кезеңі және рапстың жазғы егіс кезеңі). Сонымен қатар, тәжірибеде бактериалды тыңайтқыштардың тиімділігі негізгі нұсқаларды тамыр диазотрофтарының препараттарымен өңделген және өңделмеген өсімдіктермен учаскелерге бөлу арқылы зерттелді. Тәжірибедегі қайталау үш реттік.
Жер жырту кезі келгенде сары түйежоңышқа мен жаздық рапс орта есеппен бір-біріне шамалас мөлшерде жасыл биомасса түзді. Түйежоңышқаның бірер артықшылығы оның кейбір жылдары егіннің өнімділігінің жоғарылауымен байланысты болып, рапсқа қарағанда жер үсті биомассасы 1,6–2,9 есе көп түзілген. Органикалық заттардың жинақталуына келетін болсақ, рапстың көктемгі егіс кезеңі бес жылдың үш жыл бақылауында жазғы егісіне қарағанда жақсырақ нәтижелі болды. Сол кезде бастапқы кезеңде қолайсыз ауа райы жағдайында бірдей уақытта жазғы егіс кезеңінде рапс үшін вегетациялық артықшылық байқалды. Мәселен, 2009–2010 жж. бұл нұсқада түзілген биомасса көктемгі кезеңмен салыстырғанда 37–80 %-ға жоғары болды. Жасыл массаның ылғалдылығы төмен болғандықтан түйежоңышқаның құрғақ зат шығымы (3,4–8,9 т/га) рапсқа қарағанда орта есеппен 1,7 есе жоғары болды. Дегенмен кейбір жылдары ол көктемгі егіс кезеңіндегі рапс тұқымынан төмен болды (4.1-кесте).
4.1-кесте – Жасыл тыңайтқыштардың құрғақ биомассаның жинақталуы, т/га
Нұсқа
|
2006
|
2007
|
2008
|
2009
|
2010
|
Орташа
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
Түйежоңышқа
|
8,83
|
3,36
|
4,28
|
7,33
|
8,94
|
6,55
|
4.1-кестенің жалғасы
|
|
|
|
|
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
Рапс көктемгі егіс
|
4,29
|
3,86
|
3,23
|
3,97
|
1,77
|
3,42
|
Жазғы егіс
|
5,14
|
2,20
|
2,62
|
4,67
|
5,63
|
4,05
|
Дақыл түріне байланысты жасыл тыңайтқыштар биомассасымен бірге топыраққа 135–271 кг/га азот, 40–56 кг/га фосфор, 137–199 кг/га калий түсті. Қоректік заттардың ең көп мөлшері топыраққа түйежоңышқа егісін жыртқанда жинады, топырақта азот түсуі 2,0 есе, фосфор 1,9 есе және калий 1,5 есе көп болды. Бұл ретте жаздық рапста олардың жалпы құрамындағы қоректік заттардың бүкіл өсімдіктегі 67 %-ы жер үсті бөлігінде болса, ал түйежоңышқада қоректік заттардың жер үсті және жер асты мүшелеріне таралуы шамамен бірдей.
Таза сүрі жерлі ауыспалы егісте екі айналым кезінде қарашірік мөлшері іс жүзінде өзгерген жоқ (4.2-кесте). Жасыл тыңайтқыштар биомассасын жырту екінші айналымның басында бұл көрсеткіштің 0,27–0,30 %-ға, үшінші айналымның басында 0,40–0,45 %-ға жоғарылауына әкелді. Бұл ретте түйежоңышқа мен рапс қосылған нұсқалар арасында айтарлықтай айырмашылықтар болған жоқ. Бұл жағдайдың себебі, П. А. Литвинцев, И. А. Кобзева ойынша, рапсқа қарағанда түйежоңышқа биомассасының қарқынды минералдануы болуы мүмкін.
Жасыл тыңайтқыш биомассасының есебінен ең көп органикалық көміртектің жиналуы ауыспалы егістің бірінші айналымы кезінде байқалды. Әріқарай гуминді заттардың жаңа түзілу процесі баяулайды. Нәтижесінде екі айналымдағы қарашіріктің орташа жылдық өсімі 0,07 % болса, екінші айналымда біріншіге қарағанда 2 есе аз болды.
Жасыл тыңайтқыштарды енгізудің оң нәтижелерінің бірі – топырақтағы қоректік заттардың қолжетімді формаларының мөлшерінің артуы. Зерттеу мәліметтері бойынша ауыспалы егістегі нитрат азотының мөлшері сүрі жер түріне байланысты емес, ал түйежоңышқа сүрі жерінде жылжымалы фосфор мен алмасатын калийдің концентрациясы орта есеппен 10 %-ға артады.
4.2-кесте – Жасыл тыңайтқыштардың топырақтағы қарашірінді мөлшеріне әсері, %
Сүрі жер түрі
|
Топырақтағы қарашірінді мөлшері (0–20)
|
бастапқы
|
II Ротация басы
|
III Ротация басы
|
12 Жыл ішіндегі өзгеріс
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Таза сүрі жер
|
3,79
|
3,88
|
3,88
|
+ 0,09
|
Рапсты
|
3,63
|
3,93
|
4,08
|
+ 0,45
|
Түйежоңышқа
|
3,72
|
3,99
|
4,12
|
+0,40
|
Бірінші бидайдың нитрат азотымен қамтамасыз етудің кейбір артықшылығы жасыл тыңайтқышпен тыңайғаннан кейінгі ауыспалы егістің бірінші айналымда ғана байқалады. Бұл ретте нитрат азотының құрамын анықтау кезінде жаздық бидайдың түптену фазасында мүлдем дұрыс нәтижелер бермейді, өйткені бұл фазада белсенді пайдалану процесы жүреді. Зерттеуді себу алдында жүргізген жағдайда, әдетте, азот қамтамасыз етілу артықшылығы таза сүрі жердің артында тұрды.
Жалпы, ротация кезінде ең жоғары астық жинау түйежоңышқа орналасқан ауыспалы егісте байқалды: сидерацияның сумарлық (сумарный) эффекті және бактериялық тыңайтқыштың әсері 0,91 т/га құрады, немесе 12 %.
Бактериялық тыңайтқыштардың ең биік көрсеткіші рапсты сүрі жерде болды, өсім 4,9 ц/га құрады, немесе 5 %. Таза және түйежоңышқа ауыспалы егістіктерінде олардың әрекеті төмен болды, дегенмен мұндай агрошараны пайдалану қосымша 2,2–2,9 ц/га берді.
Достарыңызбен бөлісу: |