Курстық ЖҰмыс педагогика пәні «Оқыту түрлері және құрылымы»



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата07.01.2022
өлшемі185,8 Kb.
#19091
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
     Бірінші бөлімде, оқытудың түрлері мен оның құрылымына жалпы түсінік

беріліп, оқытудың түрлеріне жан – жақты сипаттама көрсетілген. Оқытудың

маңызы, процестері, негізі, міндеттері, мазмұны көрсетілген.

         Екінші бөлімде, дидактика тарихы жайлы қарастырылған. Дидактика

тарихындағы ең негізгі 3 оқыту түрі жайлы жалпы мағлұмат беріліп, олардың

артықшылықтары мен кемшіліктеріне басты назар аударылған. 

1        Оқыту түрлері және оның құрылымы



1.1

Оқыту туралы түсінік

Оқыту - ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды  игеруі бойынша,

шығармашылық

 

қабілеттерін, 



дүниетанымдықты

,

 



өнегелі-

әдепті 


көзқарастарды

 дамыту   бойынша   оқушылардың   белсенді   танымдық

қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі. Қазіргі

заман түсінігі бойынша оқыту үрдісінің келесі белгілері бар:

1. екі жақты сипаты;

2. оқытушы мен оқушылардың бірлескен әрекеті;

3. оқыту жағынан басқаруы;

4. арнайы жоспарланған ұйымдастрыу мен басқару;

5. бүтіндік пен бірлік;

6. оқушылардың жас дамуының жас ерекшеліктеріне сәйкестігі.

         

Оқыту   -   оқушыны   бiлiмдендiру,   тәрбиелеу,   дамыту   мақсатына

бағытталған алдын-ала жоспарланған iс -әрекет. 

     Оқыту мазмұны - өкiмет арнайы таңдап анықтаған белгiлi салада жұмыс

iстеу үшiн қажеттi адамзат тәжiрибесiнiң бөлшегi. Ол - оқытудың нәтижесi

болатын бiлiм, бiлiк, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы. 

          Оқыту   процесi   -   бiлiмдi,   бiлiктiлiк   пен   дағдыны   меңгертетiн,

оқушылардың   дүниетанымын,   күш-қайратын,   қабiлеттерiн   тәрбиелеп

дамытатын   iс-әрекет   барысы.   Оқу   барысында   оқушының   сана-сезiмi,

адамгер-шiлiк   қасиеттерi,   эстетикалық   талғамы,   тұлғалық   қасиеттерi

қалыптасып дамиды. 

          Оқыту   -   мақсатты   процесс.   Оқытудың   басты   мақсаты,   әдiс   тәсiлдерi

мазмұны мен мiндеттерi қоғам талабынан туындап, ұдайы өсiп, жаңарады.    

         Оқыту - таным процесi. Танымның ерекшелiгi оқушыда бiлiмге деген

қызығушылығы ұдайы өсiп арта түседi. 

     Оқытудың мiндетi – оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) және адам

дамуының   негiзгi   заңдылық-тарымен   қаруландыру.   Оқушы   дүние   тануда

бұрын   ғылымда   белгiлi   болған,   зерттелiп   дәлелденген   жаңалық-тарды,

заңдылықтар мен тұжырымдарды әрi қарай дамыта түседi. Оқытуда ғылым

негiздерiн оқып үйренудiң өзi, ғылым тарихымен, оның әдiстерiмен танысу,

ұлы ғалымдардың өмiрi мен қызметi жайлы ақпарат алады. 



     Оқыту – даму негiзi. Педагогикалық процесс өзiне тән негiзгi екi белгiнi:

организмнiң өзiндiк дамуына жүйелi түрдегi көмек және жеке бастың жан-

жақты жетiлуiн түйiстiредi. 

         Баланың  өзiндiк  дамуына  әсер  ететiн  негiзгi  фактор-дың  бiрi - өзара

қарым-қатынас жасау iс-әрекетi. Сөйтiп, оқыту процесi – мұғалiмнiң баламен

үнемi   рухани   қарым-қатынаста,   ынтымақтастық   жағдайда   болуын   қажет

етедi. Оқыту процесiнде бала тек мұғалiмнiң әсерiн қабылдаушы ғана емес,

оның   оқу   iс-қимылы   мен   өзiнiң   психикалық   процестерiн   басқару,

ұйымдастыра бiлуi (iс-әрекетiн бiлуi, бағалауы, өзiн-өзi басқаруы) оқытудағы

субъектi   екенiн   айқындайды.   Оқыту   процесiнде   бала   логикалық   ойлау

болмысының   жалпы   тәсiлдерiн   қолдануға   және   дербес   шығармашылық

әрекет жасауға дағдыланады. Бұдан шығатын қорытынды: оқыту – баланың

рухани жағынан жетiлуiн қамтамасыз етедi; оқыту – бала дамуының алғы

шарты.   Демек,   оқыту   мен   дамудың   арасында   тығыз   байланыс   туындап

отырады. Л. С. Выготскийдiң баланың дамуынан iлгерi жүретiн, оны жетекке

алатын   оқытуды   айтады.   Ол   баланың   кешегi   күнгi   дамуына   емес,   ертеңгi

күнгi дамуына қарау керек деп ескертедi, осыған орай, бала дамуының ''екi

зонасы''   болатынын   айтады.   ''Бiрiншi   зона''   –   бала   дамуының   қазiргi   қол

жеткен   сатысы,   осыған   қанағаттанып   қоймай,   мұғалiмнiң   оқушыларды

болашақтағы   дамудың   ең   жақын   сатысына   (''екiншi   зонаға'')   жеткiзуге

мiндеттi екендiгiн айтады. 

     Оқушының жалпы психикалық дамуы - мектептегi оқу мен оның өздiгiнен

оқуына   тығыз   байланысты.   Оқушының   ойлау   қабiлетiнiң   дамуына   оқу

процесiнде   қолайлы   жағдай   туады.   Бiлiм   мен   ойлау   арасында   тығыз

байланыс бар. 

     Оқыту - екi жақты процесс. Оқыту оқушы мен мұғалiм-нiң өзара бiрлесiп

жасайтын әрекетiнен тұратын күрделi процесс. өйткенi, оқыту – мұғалiмнiң

бiлiм   берудегi   негiзгi   iс-әрекетi   болса,   оқу   –   баланың   өзiнiң   танымдық,

практикалық   әрекетi.   Сөйтiп,   оқушының   таным   әрекетi   мұғалiмнiң

басшылығы арқасында ғана жүзеге асады. 

     Оқыту – жоспарлы процесс. Мұғалiм оқушылардың жалпы рухани дамуын

жүйелi   қамтамасыз   етуi   үшiн   оқыту   процесiн   жоспарланған,

ұйымдастырылған   түрде   жүзеге   асырады.   Оқушы   бiлiмдi   қысқартылған,

педагогикалық   тұрғыдан   өзгертiлген   жолмен   мұғалiмнiң   және   арнайы

жазылған оқу құралдарының көмегiне сүйене отыра меңгередi. Сөйтiп, оқыту

процесi   оқушылардың   жас   ерекшелiк-терiнiң   сәйкестiгiн   ескере   отырып,

таным қызметiнiң формасы мен әдiстерiн соған орай өзгертiп отырады.  

     Оқыту – бұл күрделi процесс. Ол тұлғаға бiлiм беру, тәрбиелеу және ақыл-

ойы  мен  творчестволық   қабiлетiн,   демек   бiлiктiлiгi   мен  дағдысын   дамыту

негiзiнде   жүзеге   асырылады.   Мұның   мәнiсi,   жеке   тұлғаға   бiртұтас   (комп-




лекстi)   ықпал   жасауды   көздейдi.   Осы   негiзде,   оқыту   процесiнiң   бiрiншi

қызметi – оқушыларға бiлiм беру. Бiлiм беру, бiрiншiден, ғылым негiздерiне

сай   оқушыларды   нақты   фактiлермен,   қағида   және   түсiнiктер-мен,

заңдылықтармен   қаруландыруды   қамтамасыз   етсе,   екiншiден   солардың

негiзiнде, айналасындағы әртүрлi құбылыстарға олардың ғылыми көзқарасын

қалыптастыру. Екiншi қызметi – тәрбиелеу. Оқыту барысында оқушыларды

теориялық   бiлiмдер   жүйесiмен  қарулан-дырып,   жеке  тұлғалық   қасиеттерiн

қалыптастырып дамыту. Сонымен бiрге оқыту барысында тәрбиенiң мақсат,

мiндеттерi   және   мазмұны   мен   тәсiлдерi   анықталады.   Оқытуда   тәрбие   мен

оқытудың   байланысы   бiржақты   қарастырылмайды,   керiсiнше   бiртұтастық

принципке   негiзделiп,   бiрлiкте   қолданылады.   Демек,   тұлғаға   бiлiм   бере

отырып, оны тәрбиелеймiз, тәрбиелей отыра бiлiм беремiз. Сөйтiп, тәрбие

процесi   дұрыс   ұйымдастырылған   жағдайда   оқытудың   барысына   қолайлы

ықпал етедi, соның негiзiнде тұлғаның танымдық қызметi мен оқуға деген

қызығу-шылығы   артады.   Үшiншi   қызметi   –   дамыту.   Оқыту   барысында

оқушы-ларға   бiлiм   беру,   оларды   тәрбиелеу   негiзiнде   тұлғаның   ақыл-ойы,

сана-сезiмi,   шығармашылық   қабiлетi   т.б.   көптеген   тұлғалық   қасиеттерiнiң

дамуына,   бiлiктiлiктерi   шыңдалып,   қабiлеттерiнiң   артуына   оң   әсер   етедi.

Демек,   тұлға   жан-жақты   қалыптасып   дамиды   (байқағыштығы,   ойы,   есi,

қиялы секiлдi психикалық процестерi де қарастырылады). Даму қызметiнiң

ерекшелiгi сол, ол өз алдына жеке өмiр сүрмейдi, керiсiнше оқытудың бiлiм

беру мен тәрбие-леу қызметiнiң жалғасы боп есептеледi. Сондықтан, даму-

дың қарқынды, жан- жақты әрi, терең болуы бiлiм беру мен тәрбиенiң қандай

дәрежеде   iске   асырылуына   байланысты.   Бұдан   шығатын   қорытынды,

оқытудың бiлiм беру мен тәрбиелеу қызметiнiң негiзi болып саналса, даму өз

алдына олардың қызметiнiң нәтижелi болуына қолайлы ықпал етедi. 

     Дидактикада ''Жетiлдiре оқыту'' процесi 1960 жылдар-дан басталды. Осы

негiзде Л. В. Занков, Н. А. Менчин-ская, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, М.

А. Данилов, М. Н. Скаткин еңбектерiнде, оның жолдарын шешу үшiн әртүрлi

принциптердi ұсынды. Солардың iшiнде Л. В. Занковтың оқу процесi арқылы

бiлiм берудi қарқынды, ұйымдастыру, оқушылардың оқуды саналы меңгеруiн

қамтамасыз ету ережесiн ұсынылды. Бұл, дамуда тек ойды қалыптастырумен

ғана емес, ол тұлғаның дамуынада оңтайлы әсер етедi.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет