Курстық ЖҰмыс педагогика пәні «Оқыту түрлері және құрылымы»



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата07.01.2022
өлшемі185,8 Kb.
#19091
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
2.3  Бағдарламалы оқыту

Бағдарламалы оқытудың негізгі мақсаты – оқыту процесін басқаруды

жетілдіру,   тексеруден   өзін-өзі   тексеруге,   оқытудан   өзін-өзі   оқытуға   көшу.

Бағдарламалы   оқытуда   жаңа   бағдарланған   оқулықтар,   оқыту   құжаттары,

үйрету (оқыту) машиналары қолданылады. Оқытудың бұл түрі 1960 жылдан

бастап   Б.Скиннер,   Н.Краудер   бастамасынан   кейін,   педагогика,   психология

және кибернетиканы ұштастырып пайдаланылады.

Бағдарламалы оқытудың ерекшеліктері: оқу материалы жеке логикалы

бөлшектерге   бөлінеді;   әр   бөлімді   меңгерген   соң,   оқушы   өздігінен   тест-

сұрақтарға жауап береді; дұрыс жауап берілсе, келесі бөлімге өтеді; жауап

қате болса, өзі бөлімді қайталап өтіп, сұрақтарға тағы да жауап береді.

Оқытудың бұл түріне негіз болған оу бағдарламасы оқу материалын,

оны   меңгеру   барысындағы   оқушының   іс-әрекетін,   тексеру   түрлерін   бір

тәртіппен ретке келтіреді.

Бағдарламалап  оқытудың үш принципі бар: сызықты,  тармақты және

аралас. Сызықты   бағдарламада   оқу   материалы   бірізділікпен   беріледі.

Тармақты бағдарламада әр оқушы мақсатқа өз жолымен келеді. Қате жауап

берген   кезде   оқушы   керекті   тармаққа   өтіп,   қайтадан   оқып,   қосымша

түсініктеме   алып,   қатені   жойып,   негізгі   сызыққа   қайтып   оралады.   Мықты

оқушылар негізгі сызықпен жүрсе, әлсіз оқушылар тармақтарға кіру арқылы

нәтижеге   жетеді.   Аралас   бағдарламада   қиын   тақырыптар   тармақтарға

бөлінеді, басқалары сызық бойынша орналасады.

Бұл   оқыту   машинасыз   және   машиналы   болып   екіге   бөлінеді.

Машинасыз   бағдарлама   оқыту   үшін   арнайы   оқулықтар,   перфокарталар

пайдаланылады,   негізгі   деректер   көзі   қағаз   болады.   Оқу   нәтижесі   біраз

уақыттан соң бағаланылады. Соңғы кезде машиналы бағдарламалап оқыту

үшін   компьютер   кең   қолданылуда.   Тапсырмалар,   мәтіндер,   сұрақтар,

жауаптар дисплей дидарында жазылып, сол мезгілде бағаланып тұрады.

Оқу   бағдарламасы   оқыту   алгоритміне   негізделген.   Алгоритм-дұрыс

жауапқа жетелейтін бірізді ақыл-ой және оқу іс-әрекеттерінің жүйесі. Білім

мен   біліктерді   толық   меңгеру   үшін   алгоритм   оқушыларға   оқу   әрекетінің

құрамы мен орындау тәртібін белгілейді. Оқу бағдарламасын құрастырудан

алдын-ала   оқу   барысын   басқару   үшін   алгоритм  жасалынады.   Алгоритм

сапасы   компьютерлік   оқытудың   сапасына   тікелей   ықпал   жасайды.




Сондықтан, компьютерлік оқытудың сапасы оқу бағдарламасы мен техника

сапасына тәуелді.

 Бағдарламалап оқытудың күшті жақтары:

-         Оқу материалының бөлшектелінуі,

-         Оқушының белсенді өзіндік жұмысы,

-         Тұрақты тексеру,

-         Оқыту қарқыны мен оқу материалы көлемінің даралануы,

-         Техникалық оқыту құралдарын пайдалану.

-         Бағдарламалап оқытудың кемшіліктері:

-         Бағдарлама жасауға көп уақыт, күш керектігінен ол өте тиімді,

-         Мектептегі компьютерлердің саны мен сапасы жеткіліксіз.



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет