Курстық ЖҰмыс педагогика пәні «Оқыту түрлері және құрылымы»



Pdf көрінісі
бет10/10
Дата07.01.2022
өлшемі185,8 Kb.
#19091
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
2.4  Проблемалық оқыту

Заманауи   білімдендірудің   мақсаты   мамандарды   шығармашылыққа

дайындау екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты (жаңа нысана,

жаңа   білім,   жаңа   проблема,   жаңа   әдіс)   ашу.   Осыған   орай,   проблемалық

оқытудың  өзі  де шығармашыл  процесс:  бейқалыпты  ғылыми-оқу  мәселені

бейқалыпты   әдістермен   шешу.   Соңғы   кезде   кең   тараған   оқу   түрінің   мәні:

мұғалім   жаңа   білімді   дайын   түрде   баяндамай,   оқушылардың   алдына

проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін

іздеуге бейімдейді.

Аталмыш   оқыту   жаңадан   ғана   пайда   болған   жоқ.   Кезінде   бұған   өз

үлесін   қосқан   педагог-ғалымдар:   Сократ,   Руссо,   Дистервег,   Ушинский.

Мысалы,   Дистервегтің   дәлелдеуінше,   "жаман   ұстаз   ақиқатты   айта   салады,

жақсы ұстаз оны іздеп табуды үйретеді”.

Проблемалық   оқытуды   ойдағыдай   іске   асыру   үшін   шәкірттерге

ұсынатын проблемалық сұрақтар жүйесін жасап шығу қажет. Ескеретін жайт:

кез келген сұрақ проблемалы бола бермейді. Проблемалы сұрақтың жауабы

дайын   болмайды,   оны   оқушы   міндетті   түрде   өзі   іздеуі   шарт.   Ол   сұрақ

баланың   сана-сезімінде   қиындық   туғызуы   қажет.   Оқушы   іштей   түйсінген

ойлау қиыншылығы проблемалық жағдаят деп аталады. Проблемалық сұрақ,

бір   жағынан,   қиын   болуы,   екінші   жағынан,   оқушының   шамасына   лайық

болуы керек. Осындай проблемалық жағдаят туғызу, проблемалық сұрақ қою

– проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі.

Келесі кезеңінде бала іштей өз білімін талдап, таңдап, олардың жауап

алуға жеткіліксіз екенін анықтайды да ізденіс жолына белсенділікпен түседі.

Үшінші кезеңде ол сұрақтың жауабын дұрыс шеше білу амалдарын, жаңа

білімді меңгереді. "Мен білдім!” деген қуанышты жағдайға жетеді. Кейінгі

кезеңдерде   дұрыс   жауапты   тексереді,   алғашқы   гипотезамен   салыстырады,

алынған білім мен білікті қорытындылайды, жинақтайды.

Мұғалім   проблемалы   оқытудың   барысында   оқушы   ойына,   пікір

қайшылқтарына дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді.

Әдетте,   оқытудың   бұл   түрі   жаңа   оқу   материалын   түсіндіру   кезеңінде

қолданылады. Сонымен, проблемалы оқытудың ерекшелігі: оқушыға дайын

білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі.

Проблемалық оқытудың күшті жақтары:




-          Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;

-          Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;

-          Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;

-          Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.

Проблемалық оқытудың кемшіліктері:

-          Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;

-          Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау.

Қазіргі   мектептерде   түсіндірмелі   және   проблемалық   оқыту   түрлері

бірге қатар қолданылады.

          Проблемалы   оқыту   кезінде   мұғалімнің   жетекшілігімен   проблемалы

жағдай жасалып, оқушылар оны шешуге белсенді түрде қатысады, осы іс-

әрекеттің   нәтижесінде   оқушылар   кәсіби   білімді,   дағды   мен   біліктерді

меңгеріп, ойлау қабілеттерін дамытады.

       Проблемалы   оқыту   ынталандырудың   ерекше   проблемалы   түріне

негізделеді,   сондықтан   материалдық   дидактикалық   мазмұнының   тиісті

дәрежеде, яғни проблемалы жағдайдың тізбегі ретінде берілуін талап етеді.

       Ғылыми   білім   логикасының   түп-төркіні   проблемалы   жағдайлардың

логикасы болып табылады. Проблемалы жағдайлар мазмұнның белгісіздігіне

қарай,   проблемалықтың   деңгейіне   қарай,   ақпарат   сәйкессіздігінің   түріне

қарай,   басқа   да   әдістемелік   ерекшеліктеріне   қарай   әртүрлі   болуы   мүмкін.

Проблемалы   оқыту   технологиясы   –   бұл   роблемалы   жағдайларды,

оқушылардың   белсенді   танымдық   қызметін   ұйымдастыруға   негізделген

технология.   Педагогикалық   проблемалы   жағдай   белсенділікті   оятатын

әрекеттердің,   таным   обьектісінің   жаңалығын,   маңыздылығын,   сұлулығын

және басқа да ерекшеліктерін айқындайтын мұғалім сұрақтарының негізінде

туындайды. Психологиялық – проблемалық жағдай жасаудың өзіндік жеке

ерекшеліктері бар. Тым қиын не тым жеңіл танымдық міндет оқушылардың

ойында проблемалық жағдай туғызбайды.

        Проблемалы жағдайларды оқу үрдісінің барлық, яғни жаңа тақырыпты

түсіндіру   кезінде,   жаңа   сабақты   бекіту,   тексеру   кезеңдерінде   ойластыруға

болады.   Мұғалім   проблемалы   жағдай   (ситуация)   туғызып,   оның   шешімін

іздеуге   оқушыларды   бағыттайды.   Сөйтіп,   бала   өз   оқуының   субьектісіне

айналады,   соның   нәтижесінде   бала   жаңа   білім   игеріп,   әрекет   әдістерін

меңгереді.

     Проблемалық оқыту  - оқытудың әдіс - тәсілдерін қолдана отырып, білімді

шығармашылық   тұрғыдан   меңгеруге   негізделген   дидактикалық   жүйе.




     Проблемалық оқытудың ерекшелігі - мұнда мұғалім білімді дайын түрде

баяндап   бермейді,   оқушылардың   алдына   проблемалық   міндет   қояды.

Шешімді   және   шешу   құралдарын   оқушы   өзі   іздестіруі   тиіс.

          Проблемалық   оқытудың   негізгі   психологиялық   және   педагогикалық

мақсаттары:

- оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;

-   оқушылардың   белсенді   ізденіс   нәтижесінде   игерген   білімдері   мен

дағдылары   дәстүрлі   оқыту   әдістеріне   қарағанда   есте   тез   және   берік

сақталады;

- түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын 

қалыптастыру;

-  кез-келген   нақты     қызмет     саласында     өз     ерекшелігі     болатын     кәсіби

проблемалық   ойлау  

  жүйесін   қалыптастыру   және   дамыту.

     Проблемалық жағдайларға қойылатын негізгі талаптарға мыналар жатады:

- Оқу  ақпаратының   сәйкестілігі;

- Проблеманың  курделі  болуы;

-Оқушылардың   танымдық   әрекетімен   дербестікті   дамытуға   бағытталуы;

- Жаңа  жағдайда  талдауда  қайшылықтардың  кездесуі.   

     Проблемалық оқыту технологиясы оқушының шығармашылық іс-әрекеті

негізінде білімді өз бетімен меңгеру мүмкіндіктерін, соның нәтижесінде оқу

еңбегіне   деген   жоғары   қызығушылығын,   жемісті   ойлау   қабілеттерін

дамытады.

          Шығармашылық   ізденіске   жетелейтін   бір   жол   - проблемалық   оқыту

технологиясы.

     Проблемалық  оқыту  технологиясының  мақсаттары:

1. Оқу материалдарында  баланы  қызықтыратындай  мәселе туғызу;

2. Білімге  қасиеттілігін  қанағаттандыру   мақсатында  меңгеру;

3. Оқудың  бала  өміріндегі  еңбегімен   байланыстылығы;

4. Оқушылардың  белсенділігін  арттыру;

5. Оқушының  өз  бетімен  ізденуге  үйрету;

6.   Олардың   танымдық   және   шығармашылық   икемдіктерін   дамыту.

            Проблемалық   оқыту   технологиясының   негізін   салушылар   мен

зерттеушілер   Махмутов   Мирза   Исмаилович,   Джон   Дьюи

Американың   ірі   ғалымы   Джон   Дьюи   (1859-1952)   оқушылардың

практикалық іс-әрекеті кезіндегі интеллектуалдық мүмкіндіктерін  дамыту

идеясын   алдыға   тартты.   Өз   зерттеулерінде   оқушылардың     белсенділігі

дамуына


 

басты


 

 

назар



 

аударды.


 

 

 



 

 

  Проблемалық   оқытудың   4   түрін   көрсеткен:



-баяндама;

-эвристикалық(пікір алысу);

-  жеке  ізденіс;



-  зерттеу  әдістері(жартылай).

     Лернер Исаак   Яковлевич

          Проблемалық   жағдаят   -   субъектінің   белсенділігіне   негіз   болып,

ынталандыратын сыртқы  жағдайлар  жүйесі.

Проблемалық  жағдаяттарды  құрастыру  әдістері:

-өмірлік   жағдайларды  пайдалану;

-құбылыстарды түсіндіру;

-пәнаралық  байланыстарды  түсіндіру;

-  міндеттерді (тапсырмаларды) ауыстырып отыру;

      -  сұрақтарды  өзгертіп  отыру;

 

        -   фактілерді,   әрекеттерді   салыстыру   және   қарсы   қойып



салыстыру арқылы        

       оушыларды  талпындыру;



    -  осының нәтижесінде проблемалық  жағдаятты туғызу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет