2-бөлім. Балқаш көлі. 2.1 Балқаш көліне жалпы сипаттама. Балқаш көлі. Балқаш көлі Қазақстанның оңтүстік-шығысына, Балқаш- Алакөл ойысына орналасқан. Ол төрт облысының Жезқазған, Жамбыл, Алматы, Талдықорған облыстарының территориясымен шектеседі. Балқаштың су жиналатын алыбы 501 мың шаршы километр. Көл бассейні батыстан-шығысқа қарай 900 километр , ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 680 километр жерді алып жатыр. Көлдің солтүстік бассейні Қарқаралы- Ақтау сілемі мен Шығыстау жотасымен жалғасады. Шығысына Тарбағатай тауымен, оңтүстігінде теріскей және Күнгей Алатауының жоталарымен , Іле Алатауымен, батыста – Шу-Іле тауларымен шектеседі. Су айрық сызығының жалпы ұзындығы 4 мың километр. Жер бедеріне қарай Балқаштың су жиналатын бассейнін мынадай физикалық-географиялық аймақтарға бөлуге болады. Олар : Қазақстанның Сарыарқа өңірі, Балқаш - Алакөл ойысындағы жазықтық, Шу - Іле тауы және слотүстік Тянь - Шань тауының шығыс бөлігі. Бұл аймақтардың биіктігі 342 метрден 6995 метрге дейінгі аралықта болады. Балқаш – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі 3-орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш – Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр. Ауданы құбылмалы : 17-22 мың км2, ұз. 600 км-ден астам, ені шығыс бөлігінде 9-19 км, батыс бөлігінде 74 км-ге жетеді. Суының көлемі шамамен 100-110 км3. Су жиналатын алабы 500 мың км2-ге жуық. Орташа тереңдігі 6м, ең терең жері 26 м. Балқаштың батыс бөлігіне Іле (жер бетімен келетін судың 78,24%-ін береді), шығыс бөлігіне Қаратал (15,1%), Лепсі (5,4%), Ақсу (0,43%) өзендері құяды. Солтүстіктен ағатын Аягөз, Бақанас, Тоқырауын, Жәмші, Мойынты т.б. өзендер әдетте көлге жетпей сарқылады. Көлдің солтүстік жағалауы Сарыарқаның ұсақ шоқылы тау сілемдерімен ұштасып жатқандықтан, биік жарқабақ болып келеді және көптеген жыра жылғамен тілімделген, ал оңтүстік жағалауы суы біртіндеп тартылған кезде жиналған шөгінділерден пайда болған құмды ойпат. Көл – шөл және шөлейт климаттық белдеуде орналасқан. Қаңтардағы орташа температура -15-170С, шілденің орташа температурасы 240С. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлшері 120 мм. Ауаның салыстырмалы ылғалдығы 55-66%, желдің жылдық орташа жылдамдығы 4,5-4,8 м/с. Жел көлдің батыс бөлігінде көбінесе, солтүстіктен, шығысында – солт.-шығыстан соғады. Сол себепті көлде үнемі күшті толқын болады. Жаздағы булану ауа райына байланысты 950 мм-ден 1200 мм-ге дейін ауытқиды. Көл беті көбіне қарашаның аяғында қатып, сәуірдің ортасында мұзы ериді. Мұздың қалыңдығы кей жылдары 150 см-ге жетеді. Таудағы мұздықтар еріген кезде (маусым–шілде) су деңгейі біраз көтеріледі. Көп жылдық су деңгейі тербелісінің мөлшері 3 м-ден асады. Балқаш көлінің деңгейі 2017 және 2018 жылы көтеріліп, 2019 және 2020 жылы төмендегені байқалды 2019 жылдан бері Іле өзенінің бойында Қапшағай бөгенінің салынуына байланысты көлдің табиғи гидрологиялық режимі көп өзгеріске ұшырады. Балқаш жартылай тұщы көл. Суының химиялық құрамы көл алабының гидрологиялық. ерекшеліктеріне байланысты. Көлге сұғына еніп жатқан Сарыесік түбегі Балқашты екіге бөледі, гидрологиялық және гидрохимиялық жағынан бір-бірінен өзгеше батыс және шығыс бөліктері ені 3,5 км Ұзынарал бұғазымен жалғасады. Судың минералдың мен тұздың бұл екі бөлікте екі түрлі. Алматы облысының солтүстік-батысындағы әкімш. аудан. 1932 жылы құрылған. Аумағы 37,4 мың км2, тұрғыны 30,9 мың адам . Аудандағы 38 елді мекен 15 ауылдық әкімшілік округ құрамына енеді. Аудан орталығы – Бақанас а. Аудан жері Жетісу (Жоңғар) Алатауының Малайсары жотасынан Іле бойымен Балқаш көлінің оңтүстік жағалауына дейін созылып жатыр. Солтүстігінде Сарыесік Атырау шөлін, батысы мен оңтүстігінде Тауқұм құмды алқабын қамтиды. Жер бедері негізінен жазық. Аудан аумағындағы ең ірі өзен – Іле. Оның тармақтары ескі арналар мен көлшіктер құрай отырып Балқаш көліне құяды. Шаруашылықтардың егісін суландыру негізінде Ақдала суландыру жүйесі салынған. Климаты континенттік. Қысы суық, жазы ыстық әрі қуаң. Қаңтардың орташа температурасы –13–150С , шілдеде 240С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100–150 мм. Шөлді қуаң белдемде орналасқан. Балқаш алабының негізгі топырақ жамылғысы– құмдақ және тақырлық топырақтар, өзен арналары мен жайылымдарында шалғынды-сазды топырақ қалыптасқан құмды өңірде сексеуіл, тобылғы, жиде, жусан, ши, сорсаң т.б. шөптесін өсімдіктер өседі. Жануарлардан: қасқыр, түлкі, борсық, қоян, ақбөкен, елік , ну қамыста – қабан, ондатр тіршілк етеді. Өзен аңғарлары мен жайылымдарда қырғауыл, құр, сулы жерлерде тырна, қоқиқаз, бірқазан т.б. құстар мекендейді. өзендерде сазан, алабұға , мөңке, шармай бар. Іле өзенінің Балқашқа құяр сағасында көмір, марганец, уран бар. Жалпақтас кен орнынан мәрмәр , гранит өндіріледі. Балқаш ауданында халықтың орналасу тығыздығы 1 км2-ге шаққанда 0,9 адамнан келеді. Елді мекендердің барлығы Іле аңғарында орналасқан. Аудан экономикасының негізгі саласы – а.ш. Өсімдік шаруашылығында тәлімі және суармалы егін шарушылығы қалыптасқан. Мал шаруашылығында қой (92 мың), етті ірі қара мал (41,6 мың), жылқы шаруашылықтары (9,0 мың)жақсы дамыған. Аудандағы ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жердің ауданы 1,8 млн. Га . Жыртылған жердің (25 мың га) 17 мың га жері игерілген. Оған бидай (7,8 мың га), күріш (8,1мың га), көкөніс (335 га) және картоп (411га) егіледі. Ауданда әр түрлі бағыттағы 124 кәсіпорын, өндірістік кооперативтер мен шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Жалпы білім беретін 20 мектеп, 1 тех. уч, кітапханалар, аудандық аурухана мен емханалар, 20-дан астам фельшерлік фунт бар. Аудан жерімен Алматы – Қараой, Бақанас–Құйған автомобиль жолы өтеді. Іле өзенінің төменгі ағысымен шағын кемелер қайтады. “БАЛҚАШ”–балық аулаумен және өңдеумен шұғылданатын кәсіпорын. Балқаш балық комбинаты. Балқаш Қ-нан 4 шақырым жердегі Рыбтрест кентінде. Мұнда екі балық зауыты, бір балық аулау базасы, 3 тоңазытқыш, құтылау, ыстау, балық ұнын шығару және бөшке-жәшік жасау цехтары, балық аулайтын моторлы қайықтары және балық қабылдайтын кемелері бар. Балқаш–Қарағанды облысындағы қалада, Балқаш көліндегі пристань, Мойынты– Саяқ тармағындағы станция. Қарағандыдан оңтүстік-шығыста т.ж. бойымен 487 км жерде, Балқаш көліндегі Бертіс шығанағының жағасына орналасқан. Халқы 2018ж 32,5 мың болса, 2019 ж. 53 мыңға, 2020 ж. 75,9 мыңға жетті. Қала 1932 ж. Балқаш көлінің солтүстігінде 20 км жерди қоңырат мыс кені мен Қарағанды көмірінің негізінде жұмыс істейтін ірі мыс қорыту заводының құрылысына байланысты салына бастады. Қарағанды–Балқаш т.ж. салынып, мыс қорыту заводы мен қала құрылысын көп жеңілдетті. Балқашта Қоңырат мыс кенінің карьері. Балқаш байыту фабрикасы, Қарағанды көмірімен жұмыс істейтін ірі жылу электр орталығы, жөндеу-механика, кірпіш зауыттары салынды. Балқаш мыс қорыту зауыды іске қосылды. Қысқа мерзімде 15-тей ірі жұмысшы поселкесі салынып, олардың бірігуінен Балқаш қаласы пайда болды. Мойынты – Шу т.ж-ы арқылы Алматымен, Қарағандымен, Саяқ руднигімен, Қазақстанның оңтүстік облыстарымен және Орта Азиямен байланыстырды. Балқаш қаласы мен Балқаш көліндегі Бөрілітөбе, Сарышаған, Мыңарал, Бурылбайтал пристаньдарының және Іледегі Қапшағай қаласының арасында кеме қатынасы бар. Автотранспорт Балқашты облыс орталығымен, төңірегіндегі аудандармен, рудниктермен, демалыс орындарымен, әуе жолы Алматы, Москва, Қарағанды және республиканың басқа қалаларымен байланыстырды. Балқаш– еліміздегі аса маңызды түсті металлургия орталығы. Мыс қорыту зауыты қазір құрамында мыс және түсті прокат з-ды бар толық циклді ірі кең металлургия алыбына айналды. Оның өнімін СССР-дің 1000 шақты кәсіпорын мен көптеген шетелдер пайдаланылады. 1967 ж. Лондондағы көрмеде Б. Мысы дүние жүзіндегі сапасы ең жақсы мыс деп танылды. Ком бинаттың құрамында өндіріс газдарынан күкіртті натрий мен күкірт қышқылы алтын хим. өндірсі бар. Комбинат Қоңырат, Успенка, Гүлшат т.б. таяу кендердің рудаларын пайдаланды. 1971 жылдан бастап комбинатқа Б-тың шығ. жағында 208 км жердегі Саяқ кенінен руда келе бастады. Б. Құрылыс материалдары кәсіпорындары, өзен кемелерін, құрал-жабдықтар жөндейтін шеберханалар, тұрмыс қажетін өтейтін комбинат, ет, балық, консерв комбинаттары, нан, сыра , сүт з-тары т.б. бар .
Балқашта балық шаруашылығы ғылыми-зертханалық институты, химиялық –металлургия. техникумы, медучилище, музыка. мектебі , 20-дан астам сегіз жылдық және орта мектеп, 2 халық театры, мәдениет сарайы, 11 клуб, 1 автоклуб, 1 мәдени кеме, 15 кітапхана, телевизия студиясы жұмыс стейді. 7 аурухана, әйелдер босанатын үй , тубдиспансер, 24 фельдшерлік, 11 акушерлік пункт бар. Іле-Балқаш алабы Қазақстан үшін су ресурстарының, балық шаруашылығының маңызды көзінің бірі болып саналады, әрі көптеген фауна мен флоранаың өсіп-өнетін тіршілік ортасы, түрлі ландшафтың тараған жері және аймақтың климатын реттеуде аса маңызды рөл атқарады. Балқаш көлі жер шарындағы ірі табиғи су қоймаларының қатарына жатады. Ол Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл аумақтарын қамти орналасқан. Мұнда кеме қатынасы, балық аулау шаруашылығы жақсы дамыған. Сондай-ақ көл суы егістік суаруға және өнеркәсіпте (Балқаш көлінің жағасында Республикадағы ірі «Балқашмыс» металлургиялық комбинаты орналасқан) кеңінен қолданылады. Іле өзенінің Балқашқа құяр атырауында күріш өсіру, ондатр шаруашылығы дамыған, әрі мұнда қамыс құрағының мол қоры бар. Жалпы алғанда Балқаш көлінің Қазақстан Республикасының халық шарушылығындағы маңызы өте жоғары болып саналады. Су деңгейінің және су теңдестігінің көпжылдар, жыл және маусым ішінде тербелу амплитудасы көлдің морфометриялық және гидрологиялық сипаттамаларын елеулі өзгертіп отыр. Балқаш көлінің орташа тереңдігі 6 м болып келетін таяз су қоймасы болғандықтан су деңгейінің тербелісі мұнда тұратын халықтың шаруашылығына, қоршаған ортаның экологиясына әсері жылдам байқалады. Соңғы жылдары Балқаш көлі проблемасы өзекті мәселеге айналып отыр. Ол негізінен өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, энергетикада және шаруашылықтың т.б. салаларында қайтарымсыз пайдалануға алынатын және тазаланбаған ақаба сулардың көлемінің өсуінен, көл деңгейінің күрт төмендеуінен туындап отыр. Қапшағай СЭС-і тұрғызылғаннан кейін әр жылда қайталанып отыратын тасқындардың атырауда жайылуы жойылды, көлге құятын су көлемі азайды, көлдегі су деңгейі төмен түсіп, көл жағаларының бірқатар ауданы құрғап қалды, құрғаған көл табанындарынан тұздардың, құмның және шаң-тозаңның көшуі орын алып отыр. Іле өзені атырауындағы бұрынғы 15 көл жүйесінен 4-5-і ғана қалды. Қалған көлдердің тұздылығы артып, әсіресе пестицид пен ауыр металлдардың су асты шөгінділерінде, фито-зоопланктон және балықтар ағзаларында байқалып отыр. Балықтың өнеркәсіптік түрлерінің қоры төмендеп кетті, көлдің жалпы минералдылығы өсумен қатар оның ақаба сулармен, тұрмыстық қалдықтармен, мұнай өнімдерімен және ауыр улы металлдармен ластануы өсіп отыр. Химиялық және бактериялық ластану негізінен Іле өзені суымен, сондай-ақ ҚХР жағынан келіп түсуде. Көл суының өнеркәсіп орындарынан шыққан қалдықтармен ластануы одан әрі өсу түсуде. Көлдің ең ластанған ауданы – Біртіс қойнауында мыстың шектік концентрациясы (ПДК – предельно допустимая концентрация) нормадан 10 есе, мырыш 4 еседен асады. Мыс қорыту зауытының және басқа өнеркәсіп орындары ақаба суларымен мұнда тәулігіне 75 тонна зиянды химиялық қалдықтар құйылады. Іле-Балқаш экожүйесінің бұзылуы қарастырылып отырған аймақта қоршаған орта жағдайының нашарлауына әкеліп соқтырып отыр. Соңғы кезде Балқаш көлінің күйіне және жалпы Балқаш алабы жағдайына Іле алабының КХР аумағында суды пайдалану көлемінің өсуі және климаттың антропогендік өзгеруі әсерін тигізіп отыр. Сондықтан, Балқаш көліне Арал тағдырындай жағдай қайталанбасын десек, жылдам түрде тиісті шаралар қабылдануы тиіс. Шілденің орташа температурасы 24°С, қаңтардың – 8°С-қа жуық. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 120 мм. Ауаның салыстырмалы ылғалдығы 55-60%, желдің жылдық орташа жылдамдығы 4,5-4,8м/cек. Жел көлдің батыс бөлігінде солтүстіктен, шығысында солтүстік-шығысынан соғады. Осы себепті көлде үнемі күшті толқын болады. Жазда ауаның температурасы жоғары, ылғалдылығы аз, желдің күшті болуы салдарынан булану қоңыр салқын жылдары 950 мм-ден, қуаңшылық жылдары 4200 мм-ге дейін ауытқиды. Балқаш көлі көбіне ноябрьдің аяғында қатып, апрельдің ортасында мұз түседі. Таудағы мұздықтар еріген кезде (июнь-июль) су деңгейі біраз көтеріледі. Соңғы 20 жылда су деңгейі орта есеппен жылына 3,2 м-ге дейін ауытқып жүр. Балқаш – жартылай тұщы көл. Суының химиялық құрамы көл алабының гидрографиялық ерекшелігіне байланысты. Көлге сұғына кіріп жатқан Сарыесік түбегі Балқашты екіге бөледі, гидрологиялық жағынан бір- бірінен өзгеше батыс және шығыс жақ бөліктері ені 3,5 км жіңішке Ұзынарал бұғазымен жалғасады. Судың минералдылығы мен тұздылығы бұл екі бөлікте екі түрлі. Көлге ағып келетін судың жылдық мөлшерінің 73-80%-і (23,0 км3 мөлшерінде).– Іле өзенінің суы. Бұл бөлігінің суы тұщы (0,74 г/л ), 1м-ге дейін мөлдір, одан әрі лайлы, түсі сұрғылт сары. Шығыс бөлігінің суы тұздылау (5,21г/л) , мөлдір (5,5м), түсі көгілдір, ашық көк. Декабрьдегі су бетінің температурасы 00С болса, июльде 280С, көлдің түбінде судың температурасы онша өзгермейді (айырмашылығы 3,30С) . Көлдегі судың ағысы желге байланысты. Іле өзені құятын батыс бөлігінде ағыс тұрақты және сағат тілінің айналу бағытына сәйкес. Балқаш фаунаға бай. Көл түбінде моллюска, судағы ұсақ жәндіктердің личинкалары, шаян тәрізділер тіршілік етеді, батыс бөлігі планктонға бай. Көлде балықтың 20-дан астам түрі бар, мұның 6 түрі ежелден көлдің өзінде өскен балықтар (Іле, балқаш көкбасы, балқаш алабұғасы т.б. ), қалғандары басқа жақтан әкелінген (карп, аққайран, шип, көксерке, арал қаязы). Ауланатын балық сазан, көксерке, балқаш алабұғасы, маринка, аққайран. Көлде кеме қатынасы үзілмейді. Басты пристаньдары: Бурылбайтал, Бөрілітөбе. Көлдің суы Балқаш кен металлургия комбинатының өндірістік қажеттеріне пайдаланылады. Балқаш өңірінің климаты континентті. Жаздағы ауаның орташа температурасы +24°, қыстағы орташа температурасы -8°- қа жуық. Жылдық жауын шашын мөлшері 120 мм. Көлді желтоқсаннан сәуірге дейін мұз басып жатады. Жазда көл суының температурасы +27°-қа жетеді. Балқаш көлі Оңтүстік-Шығыс және Орталық Қазақстан шөлейттерінің орталығындағы тектоникалық қозғалыстан пайда болған қазаншұңқырда орналасқан. Ол соңғы төрттік мұздану кезеңіндегі ертедегі Балқаш-Алакөл су қоймасының бір бөлігін қамтиды. Соңғы геологиялық периодта оның батыс және солтүстік-батыс жағалауының біртіндеп төмен түсуі, ал солтүстік-шығыс жағалауының көтерілуі байқалады. Соған байланысты көлдің батыс және солтүстік-батыс жағалауы ингрессиондық, ал солтүстік-шығыс бөлігінің жағалауы регрессиондық сипатта болып келеді. Балқаш көлі үш табиғи ауданмен шекараласады. Көлге солтүстігінен Қазақтың ұсақ шоқысы және Орталық Қазақстан жазықтығы, оңтүстігінен Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның құмды жазықтығы келіп тіреледі. Балқаш көлінің су жинау алабының ауданы 413 мың км2. Алаптың көп бөлігі (353 мың км2) Қазақстанда орналасқан, Іле өзенінің жоғарғы бөлігі Қытай Халық Республикасында жатыр. Алакөл жүйесі көлдерінен бөліп тұратын су айрығы сызығы биіктігі 400 м болып келетін Балқаш және Сасықкөл көлдерінің арасынан өтеді. Балқаш көліне негізінен 5 өзен құяды, олар: Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі және Аягөз. Бұлардың ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендері сулары Тянь-Шан тауларынан, ал Аягөз өзені Тарбағатайдан және Шыңғыз тауынан қалыптасады. Іле Батыс Балқашқа, ал қалғандары Шығыс Балқашқа құяды. Солтүстіктен Балқашқа Мойынты, Тоқырауын және Бақанас өзендері жақындайды, бірақ көлге жақындағанда сулары тартылып қалады. Тек Тоқырауын жекелеген суы мол жылдары біршама суын Балқаш көліне жеткізеді. Басқа қалған кішігірім құрғап қалатын өзендер Балқаштың оңтүстік-батыс және батыс жағалауына құяды. Балқаштың ең ірі саласы – Іле өзені, оның үлесіне жалпы алаптың 70%-ы және алаптың жиынтық беттік ағындысының 80%-ы тиесілі. Іле өзені Балқашқа құярда ауданы 8000 км2 болатын үлкен атырау жасайды. Атырау Бақанас елді мекенінен 70 км төмен өзен үш тармаққа бөлінетін, яғни Топар, Іле және Жиделі тармақтарына бөлінетін жерден басталады. Балқаш ойпатының территориясы құрғақ, тым континентальді. Жылдық жауын-шашын мөлшері орташа есеппен 150-200 мм-ден аспайды. Өсімдігі шөлейтті аймаққа тән болып келеді. Солтүстік Балқаш өзендері (Мойынты, Жәмші, Тоқырауын, Бақанас, Аягөз) қар суымен қоректенетін өзендер типіне жатады. Тянь-Шан тауларынан басталатын өзендер (Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі) қар-мұз және жаңбыр суларымен қоректенеді. Балқаш көлінің географиялық орнының ерекшелігі оның тым континентальді және құрғақ климатты болып келуінде. Балқаш көлі су деңгейінің тез құбылмалылығына, өзгеріп отыруына байланысты оның морфометриясы мен гидрологиялық көрсеткіштері де өзгеріп тұрады. Көл суының деңгейі 342 метр болғанда, оның көлемі 18200 шаршы километр, ұзындығы 614 километр, ені 74 километр, орташа ұзындығы 30 километр, жағалауының ұзындығы 2383 километр, жағалауының даму сызығы 5,1 метр, ең терең жері 27 метр, орташа тереңдігі 6 метр, су қоры 106 текше километр болады.
Үстіміздегі ғасырда Балқаш көлінің көлемі 23444 шаршы километрден 15730 шаршы километрге өзгерген, тиісінше су қоры 82,7 текше километрден 93,9 текше километрге дейін көбейді. Балқаш көлінің ойысы ірі-ірі бірнеше арнадан тұрады. Көлдің ең терең жері (27м) Шығыс Балқаштың орталығы Бөрлітөбе маңы. Балқаштың батыс бөлігінің ең терең жері (14м) Бертіс шығанағы, ал шығысында Қоржын аралы маңында (16м). Көлдің батыс және солтүстік жағалаулары биік, тік жарлауытты, судың бетінен 20-30 метр жоғары тұр. Жағалаудағы төбелердің аралығында және көлдің тайыз жерлерінде қиыршық үйме тастар кездеседі. Жағалауы тілімденбеген. Тек қана Мыңарал аймағындағы жағалаулар тілімденген, бұл жерде көптеген шығанақтар, мүйістер, су үсті және су асты аралдары бар. Оңтүстік-шығыс жағалауы Бөрлітөбе шығанағынан Қарашағанға дейін биік, ал Қарашаған шығанағынан қазіргі Іле атырауына дейін жағалай төмендейді, кей жерінің су бетінен биіктігі 1-2 метр. Оларға биіктігі 5-10 метрлік құмды төбешіктер келіп тіреледі. Балқаш көлінде көптеген ірі-ірі шығанақтар, түбектер бар. Шығанақтың ішіндегі ең ірілері Алакөл, Қарақамыс, Қашқантеңіз, Сарышаған, Бертіс, Балықтыкөл, Қарашаған және басқалары. Ал көлемі жағынан ірі түбектер Қоржынтүбек, Қарағаш, Бертіс, Байғабыл, Шауқар, Кеңтүбек, Сарыесік т.б. түбегі Балқаш көлін Батыс пен Шығысқа бөліп жатыр, ол Ұзынарал бұғазы арқылы түйіседі. Балқаштың оңтүстігінде Іле өзенінің құяр сағасында Үшарал архипелагы жатыр. Оған Босарал, Ортаарал, Аяқарал т.б. шағын аралдар кіреді. Көлдің солтүстік жағалауына аласа бұтақты долана, ал оңтүстігінде жыңғыл, жантақ теріскен, ішінара тораңғы өседі. Іле мен Лепсі өзендерінің төменгі жағында жиде және тал өседі. Ескі Бақанас ауданында үлкен аумақты сексеуіл тоғайы алып жатыр. Балқашқа құятын өзендерді оңтүстік және солтүстік өзендері деп екіге бөлуге болады. Көлдің солтүстігінде өзендер сирек кездеседі, көлге оңтүстігінен Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі құяды. Су балансының негізін осы өзендер құрайды. Солтүстігінен Аякөз, Бақанас, Тоқырау және Мойынты өзендері құяды, бірақ көбіне су мөлшерінің аздығынан көлге жетпей, жерге сіңіп кетеді.
Өзендер
м/сек
км
процент
Іле
365
11,5
78,2
Қаратал
70,5
2,2
10,1
Ақсу
2,0
0,1
0,4
Лепсі
25,2
0,8
5,4
Аякөз
4,0
0,1
0,9
Барлығы:
466,7
14,7
100
Балқаш көлі толқынды. Көлдің шығыс бөлігінде толқынның биіктігі 3-3,5 метр болады, батыс бөлігінде 2,5 метрден аспайды. Көл суының ағыны екіге бөлінеді. Біріншісі, көлдің батыс бөлігіндегі ағыны. Бұл ағын Іле өзенінің Балқаш көліне құяр сағасынан бастап батысқа қарай ағады, сонан кейін Мыңарал ауданында ол солтүстікке бұрылып, көлдің батыс, солтүстік батыс және солтүстік жағалауларын бойлай Ұзынарал шығанағына жетеді. Бұл жерде су ағыны Сарыесік түбегіне келіп тіреледі де оңтүстікке, сосын оңтүстік-шығысқа қарай бұрылады, одан әрі ағын бірте-бірте бәсеңдеп, Батыс Балқаштың шығыс жағалауына келіп тоқтайды. Екіншісі жел әсерінен болатын ағындар. Балқаш көлінің суы Іленің құйған жерінде 0,2-0,4 метрге, ал шығысында 10-12 метрге дейін мөлдір. Жазға қарағанда қыста анағұрлым мөлдір болады. Көл суы оңтүстік-батыс жағында лайлы сарғыш, шығысқа қарай көк жасыл түске енеді. Көл суының температурасы батысында 9,9 градус, шығысында 8,5 градус болады, ал қыс айларында керісінше. Судың ең жоғарғы температурасы шілде айында батысында 23,8 градус, ал шығысында 20,1 градусқа жетеді. Балқаштың батыс бөлігі қараша айының екінші жартысында, ал шығысы желтоқсан айының аяғында қатады. Мұнда қара күміс түсті түлкіні, ворканы т.б. қолда ұстап, өсіру жұмысы жүргізілуде. Балқашта әр түрлі жабайы үйрек, қаз, шағала, көк құтан, гагара, аққу, қырғауыл, құр сондай-ақ жабайы шошқа, түлкі, қасқыр, қоян мекендейді. Балқаш көлінің су қатынасы жолдарының маңызы зор. Ол Алматы, Жамбыл, Жезқазған, Семей және Талдықорған облыстарын су жолымен байланыстырып жатыр. Балқаш өз төңірегіндегі өнеркәсіп орындары мен елді мекендергі сумен қамтамасыз етеді. Балқаш көлінің суында көптеген микроэлементтер саналады, соның ішінде ауыр металлдар алдыңғы қатарда орын алады. Олар көлдің жағалауларында орналасқан өнеркәсіп орындарынан жіберілген ақаба сулармен кліп түседі және түтінмен шыққан улы заттардың аспаннан су бетіне түсуінен құралады. Блқаш маңы топырағы құрамындағы ауыр металлдар. Көлдіе түптік шөгінділерінде және Біртіс қойнауында көптеген элементтердің – титан, марганец, барий, ванадий, хром, никель, молибден және кобальт Жердің граниттік қабатындағы құрамындағы концентрациясына жақын. Стронций, мыс, қорғасын, молибден сынды металлдар фондық құрамынан біршама есе жоғары, бұл жағдай антропогендік факторлардың өсуімен түсіндіріледі. Бірқатар элементтердің – мырыш, мыс, қорғасын сияқты элементтердің Біртіс қойнауы топырағы құрамында өте жоғары концентрацияда болуын ерекше атап өткен жөн. Оның себебі 50 жылдан астам уақыт бойы Балқаш тау-металлургиялық комбинатының (БТМК) ақаба сулары осында жіберіліп отыруымен түсіндіріледі. Батыс Балқаш пен Біртіс қойнауында қалайының ондық концентрациядан біршама жоғары екендігі анықталып отыр, ал кадмийдің құрамы өткен жылдары тек жекелеген учаскелерде кездесіп отыр, сондықтан оның концентрациясының өсуі туралы айту әлі ертерек. Балқаш суының өнеркәсіптен шығатын ақаба және тұрмыстық қалдық суларымен ластануы жоғары болып отыр. Таранғалық қойнауында ТКК-ының қалдықтар сақтау орнынан келіп түскен мыс концентрациясы 35-300, фенол мен мұнай өнімдерінің концентрациясы 4-6 ШРК (ПДК) құрап отыр. Көлдің ең ластанған бөлігі Балқаш қаласына жақын орналасқан Біртіс қойнауында мыстың ШРК-сы 10 есе, мырыштікі 2ШРК-ға жетіп отыр.Бұл жерге сонымен қатар мыс қорыту зауыдынан күніне 75 тонна зиянды химиялық заттар төгіліп отырғаны мәлім болып отыр (Электрохимия институнының мәліметтері бойынша). Дегенмен аса зиян шектіріп отырған жағдай көлдің және қоршаған ортанаң ауадан ластануы болып отыр. Яғни, комбинат мұржаларынын жылына 9 мың тонна әртүрлі зиянды (улы) химиялық заттар көл айдынына түседі екен. ҚР ҰҒА мәліметтері бойынша бірқатар ауыр металлдар тұздарының ШРК –сы 3,3-тен 106-ға дейін өсіп отырғаны белгілі. Бұл жағдай соңғы 20 жыл ішінде фиторланктонның 2,5 есеге төмендеуіне әкеліп соқтырды. ҚР БжҒМ мәліметтеріне сүйенсек, көлге жыл сайын Балқашмыс зауыдынан 90 млн тонна ақаба су құйылады, ал олармен бірге көлге 300 кг-нан артық мыс, қорғасын және күшала (мышъяк) келіп түседі екен. Балқаш-Алакөл Алабы.Іле өзені Шыгыс Тянь-Шань тауларынан басталатын Текес және Күнгес өзеңдерінің қосылуынан пайда болады, Өзеннің жалпы ұзындығы 1439 км5 оның Қазақстан жеріндегі ұзындығы 815 км. Республика шегіндегі ірі сала-лары-Талғар, Қаскелең, Күрті, Шелек, Шарын, Өсек; Қаскелеңнің саласы Үлкен және Кіші Алматы өзеңдерінің таудан шығар аралығында Қазақстанның астанасы-Алматы қаласы орнадасқан. Іле алабындағы тау өзендерінде тастылайлы тасқындар (селдер) жиі болып тұрады. Тасқындар жолындағы тау беткейлерік бұзады, өзен арнасын өзгертеді, көпірлер мен құрылыстарды талқандап, халық шаруашылығына көп зиян келтіреді. 1963 жылғы шілденің 17-сінде болған жойқын сел әдемі Есік көлінің табиғи бөгенін бұзып келді жойып жіберді. Соңғы кезде селге қарсы күрес жұмыстары жүргізіліп, түрлі шаралар жүзеге асырылуда. Мысалы, тау беткейлерін бұзылудан сақтау үшін ағаш отырғызылған, шөп , бөгендер салынуда. Көлінің бассенні шөл және шөлейт зона-ларды.Біразын және биік таулы аймақтың біраз жерін қамтиды. Балқаш-Алакөл тобындағы көлдерге құятын көпшілік өзендер өзінің жоғарғы ағысында Тянь-Шань, Жоңғар биік таулы аймақтарындағы жоталардан басталып, тау өзені сипатында болады. Тек Балқаш көліне солтүстіктен және солтүстік-шығыстан құятын шағын өзендер ғана жазықтық өзендер болып есептеледі. Қапшағай шатқалына төмен Іленің көне атырауы Бақанастың (Шетбақанас, Ортақбақанас, Нарынбақанас) кұрғақ арналары бөлініп шығады. Іленің аңғары 200 м~ден (Қапшағай байатқалы) 15 км-ге дейін кеңейеді.Суының молдығы Іле республикадағы үшінші өзен, Жылдық орташа су шығыны 472 м/сек. Негізінен қар жане мұз суымен қортенеді. Өзеннің ең жоғарғы деңгейі шілде-тамыз айларында байқалады. Өзен қарашаның аяғында қатып, сәуірдің басында мұздан ашылады. Таулы аймақтарда бұл бассейннің өзендері әжептәуір шөл зонасында өте сирек. Балқаш-Алакөл тобыңдағы көлдердің ірі өзендеріне: Іле, Қаратал, Леп-сі, Тентек, Аякөз т. б. жатады. Балқаш көлі бассейніндегі ең басты өзен. Оның ұзындығы 1 384 км, мұның 740 километрі Қазаңстан территориясында, бассейнінің жалпы ауданы 150 000 кв км-ден артығырақ. Іле екітау өзенінің Күнтес пен Текестің қосылуынан құралады. Қазақстанда ол Іле ойысы деп аталатын тау аралық кең жазық арқылы ағып өтеді. Өзеннің арнасы тарамдарға жиі бөлініп кетеді, олардың аралықтары қамыс пен бұталар аралдар арқылы бөлініп жатады. Арнаның ені әдетте 200—300 м, жейде бір километрге жетеді және одан да артып кетеді. Іле поселкесінен төменірек, Қам шағай шатқалы ауданында арна кенет тарылады. Осы жерде ГЭС пен плотина құрылысы жобаланып қолға алынды.Қапшағай шатқалынан шығар жерде өзен Оң түстік Балқаш бойының құмды шөлін басып өтеді. Ол Балқаш бірнеше тарамдар жасап құяды. Тарамдар қамыс пен бұта өскен жалпаң атырауға жайылып кетеді. Атыраудың ауданы шамамен 6 500 кв км-дей. Іленің төменгі ағысында одан ескі арналар бөлініп кетеді. Оларды Бақанас деп атайды. Қазақстан территориясында Ілеге бірнеше салалар қосылады, олардың ірілері — Шарын, Шелек, Талғар, Қаркелең және Курті. Бұлар Солтүстік Тянь-Шань жоталарынан басталады. Іленің көпшілік салалары мұздың пен таудағы қар суымен қоректенеді. Іленің өзі суды негізінен жауын-шашыннан жинайды, оның ішінде қысқы қар суы ба-сым. Сондыңтан Іле аралас қоректенетін өзендердің типіне жатады және ұзақ уақыт тасиды. Оның көктемгі тасуы ақпанның аяғы мен мамыр басынан басталады. Таудағы қар мен мұздыңтар ерігенде көктемгі тасу жазға (шілде-тамыз) жалғасып кетеді. Күзге ңарай өзеннің деңгейі біртіндеп төмендейді, сөйтіп қыста ең төмен деңгей болады. Балқаш қолайлы демалыс орны құмды жағажай, керекті құралдармен жабдықталған және түрлі ойындар ойнатылады. Балқаш көлінің адам денсаулығына пайдасы ондағы минералданған күкіртсутекті балшығы мен тұзды суы. Балық аулаушылар Балқаш көлінде жазы-қысы, күні-түні адамдар 8-10 мыңға жуық балық аулайды. Балқаш алабының өзендік бөлігінде қарапайым талма балықтардың бірнеше түршелері тіршілік етеді: қарапайым,Зайсан,Балқаш және Жетісу талма балықтары. Бұл балықтардың денесі ұсақ теңгешелер басқан және түрлі өлшемдегі дақтар немесе жолақтармен әшекейленген. Әсіресе,Зайсан, талма балығы үйлену киіміндей әсем. Еркек балықтың негізгі түсі — тік жолақпен өрнектелген жасыл қола түс; құрсағы мен анальдық жүзбеқанаты қызыл, ал кеуде жүзбеқанаттары сүттей ақ жолақпен қоршалған.Талма балықтардың бәрі бүгінге дейін зерттеушілер үшін жұмбақ болып қалып отыр. Балқаш алабының өзендік бөлігінде қарапайым талма балықтардың бірнеше түршелері тіршілік етеді: қарапайым, Зайсан, Балқаш және Жетісу талма балықтары. Бұл балықтардың денесі ұсақ теңгешелер басқан және түрлі өлшемдегі дақтар немесе жолақтармен әшекейленген. Әсіресе,Зайсан талма балығы үйлену киіміндей әсем. Еркек балықтың негізгі түсі-тік жолақпен өрнектелген жасыл қола түс; құрсағы мен анальдық жүзбеқанаты қызыл, ал кеуде жүзбеқанаттары сүттей ақ жолақпен қоршалған.Талма балықтардың бәрі бүгінге дейін зерттеушілер үшін жұмбақ болып қалып отыр. Жалаңашбалықтар — өзенде жасаушылар. Бұл балықтарды оның аузының айналасында 3 жұп мұртшаларынан, ұзын әрі жіңішке құйрық сабағынан және дененсіндегі теңгешелерінің болмауынан жеңіл ажыратуға болады. Әрбір жалаңаш балықтың қайталанбас түсі бар. Кез келген нысандағы және орындағы күңгірт дақтардан тұрады. Дақтары мүлде бірдей бірнеше экземплярларды табу өте қиын. Сондықтан да жалаңаш балықтарды жүйелеу мәселесі міне жүз жыл бойы ихтолог ғалымдарды ұйықтатпайды, себебі жалаңаш балықтың Қазақстанда сегіз әлде он бір, жалпы қанша түрі бар екенін ешкім де дәл білмейді. Балқаш көлінде 20-дан астам балық түрі, оның ішінде:ақтабан, сазан, сом, мөңке, жылынбас, торта шабақ мекендейді. Кейбіреулерінің сомдарының салмағы 70 килограм болады. Деректер мен мәліметтер бойынша көлдегі жануарлар дүниесі ХХ-ғасырдың ортасына дейін өте бай болған. Бірақ өнәркәсіптік шаруашылық жоғарғы деңгейде, қарқынды түрде дамыту да акватория өзгерістерге ұшырып, экологиялық зардапқа айналған. Балқаштың өңірінің қалың қамыс арасында жабайы доңыздар, түлкі мекендейді. Құстар дүниесіне келер болсақ бұл жерде бүркіт, ақ тырна, шүрегей, суқұзғын, қырғауыл сияқты құстардың ең қолайлы жері. Құстар әлемінің 120 түрінің 12-сі жойылып кету қаупі бар қызыл кітапқа кіргізілген олар: қызғылт бірқазан, қалғабaй, сұңқылдaқ aққy, aқ cұңқaр. ХХ-ғасырдың 50-жылдарына дейін бұл өңірде жолбарыс өмір сүрген. Сонау 1948 жылғы деректерді қарастырсақ Балқаш маңында жолбарыстарға аңшылық жасалған. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев пен В.Путиннің қатысуымен 2021 жылы 30-ыншы қыркүйекте өңіраралық ынтымақтастық форумда жолбарысты қоныстандыру туралы пікірталас талқыланды. Балқаш көлі жылы, күн сәулесі жақсы түсетін, Қазақстандағы табиғатты жағынан өте тартымды жер. Балқаш көлі өзінің әсем көрінісімен, жануарлар мен өсімдіктер дүниесімен ерекшеленеді. Бұл өңірдің батпақты мен шабындық жерлеріндегі өсімдіктері бір-бірімен үйлесіп аймаққа көрік береді. Мысалы, жусан, сексеуіл, жыңғыл, мия, қарандыз, сасыр және түйетікен. Сонымен қатар талды ормандары тораңғы және жыңғылды шағын тоғайлармен ұштасып жатады. Сулы жерлердің бәрінде де қамыс, жөке, құрақтар өседі. Осы ну тоғайлы, қоғалы жерлер көптеген сүтқоректілердің, құстардың, балықтардың тіршілік алаңы сияқты. Балқаш өңірінде сасыр, жусандар мен араласа өскен қызғалдақ пен бәйшешекте даланы ерекше сәнге бөлеп тұрады. Осы көріністерге асқақтықпен 1000 метрлік биіктіктен қарап Бектауата тау алабы созылып жатыр. Балқаш көлінің нышаны болып табылатын ерекшелігіне ақ аққулар жатады, оны тек көлдің кейбір бөліктерінде көруге болады. Оның орнына бірқазандарды жиі кездестіруге болады. Балқаш көлі сонымен қатар үлкен суқұзғындардың, шүрегейлердің, қырғауылдардың, бүркіттердің, ақ тырналардың және ондатралардың мекен ортасы болып табылады. Қамыс қопаларында жабайы қабандар кездеседі. Кәнкі аңшылар қолына мылтық алып, бұлдырық, үйрек, құр, қоян, түлкі мен тіпті қасқыр аулауына болады. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі де климаттың салдарынан өзгеріп отырды: кең аңғарларда шамшат ормандары шуласа, төбелер мен өзен аралықтарында тау пісте, лаврлар өсіп жатты. Табиғат бізге нешінші рет екені белгісіз, өсімдік пен жануарлар дүниесінің бейімделуге деген таңғажайып мүмкіндіктерін көрсетумен келеді. Мүмкін сондықтан да Балқаш өңірінің кез келген мекендеушісімен (сорақ немесе жыңғыл тоғайы, немесе кішкене кесіртке т.б.) кездесу таң қалдыруынан танбайды. Жалаңаш балықтың әдеттегі ұзындығы — оттық қораптан шай қасықтың ұзындығына дейін. Бұрын Балқаш пен Алакөлде ұзындығы 22 см-ге жететін «аса зор» жалаңаш балықтар кездесетін! Олар аса салпы ерін балықтар түріне жататын. Бүгінде көлде жалаңаш балықтар қалған жоқ: олар жыртқыштарға ұнағанға ұқсайды. Балқаш көлінің ауыл шаруашылық қалдықтарымен ластануы. Балқаш ауданының күріш өсіретін аумағында сульфатты тыңайтқыштарды қолдану Іле өзеніне қайтарым суларында суьфат мөлшерін 74-90-нан 235 мг/л-ге өсірді, ал Іленің ескі арнасында 108-219 мг/л-ге жетіп отыр. Ақдала күріш массивінен пайдаланған сулар негізінен екі канал бойынша жіберіледі, олар: арнайы қазылған канал және Іленің ескі арналары. Бұл суларда нитрид, органикалық қосылыстар мен металлдар ионы ШРК нормасынан бірнеше есе асып отыр. Күріш алқаптарындағы ластанған сулар жер асты суларын (грунт суларын) ластап отырғаны анықталды. Ал ол сулар өз кезегінде Балқаш көліне жетіп, көлдің ластануына өз үлестерін қосуда. Іле өзеніне гербицид пен пестицид тыңайтқыштарының жіберілуі орын алып келеді. Ақдала және Қаратал массивтерінен коллекторлы-дренаж сулардың Балқаш көліне түсуін тоқтату керек. Биологиялық алуан түрдің қысқаруы барлық деңгейде жүріп жатыр. Іле өзені атырауындағы көптеген көлдер құрғап кетті, су-батпақты тоғайдың 2/3 бөлігі жоғалып кетті. Қамыс құрағының ауданы қысқарып, мұнда өмір сүретін жан-жануарлар саны мен түрлері де азайып отыр. Әсіресе сүтқоректілер – жайран, тау қошқары (тау ешкісі) каракал, құм мысығы, персид камшаты (выдра), түркістан сілеусіні, ал құстардың ішінде дуадақ, көкқұтан, сұңқар, бірқазан т.б. құстардың саны күрт төмендеп кетті. Тянь-Шанның далалы белдемінде және тау етегінде тың жерлерді игеруде, пестицид тыңайтқыштарын қолдану нәтижесінде өсімдіктердің көптеген түрі кейбір жерлерде жоғалып кетті, кейбір жерлерде қайта тұзданған жерлер орын алып отыр. Әсіресе Іле өзені жағалауындағы және атыраудағы сексеуіл тоғайларының жоғалу қаупі жоғары болып отыр. Олармен бірге тырналар, ақ және қара ләйлек (аист) саны азайып кетті. Жалпы алғанда Іле-Балқаш экожүйесін жылдам қалпына келтіру шараларын жасамаса ертеңгі ұрпаққа қалдыратын байлығымыздан айырыламыз және экологиялық зардаптарға ұшырайтынымыз анық.