3-бөлім. Балқаш арал тағдырын қайталауы мүмкін бе? 3.1 Балқаш көлінің болашағы. Балқаш көлінің 35 000 жылық тарихы бар. Ол елімізде Каспийден кейін екінші және дүние жүзіндегі ең ірі көлдер тізімінде 14-орында тұр. Көлдің батыс бөлігі тұщы, ал шығысы ащы болып бөлінеді. Экологтар Балқаштың тартылып бара жатқанын айтып дабыл қағып жатыр. Балқаш көлі Аралдың күйін қайталамауы үшін 2019 жылдан бастап бұл көлге елдің, экологтар мен ғалымдардың назарын аудару үшін жыл сайын мұз өткелі шарасы өтеді. 2023 жылдың 11 ақпанында Алматы Менеджмент Университетінің ұйымдастыруымен кезекті "Uly Balqash Shaqyrady!" III мұз өткелі өтті. Экологтар 2021 жылы үш миллионнан астам адам Балқаш суының таяздануы салдарын сезінетінін атап өтті. Орталық Азиядағы ең үлкен көлдің көгілдір сулары жасыл-қоңыр түсті құрғаған ландшафтқа айналды. Қазір көлдің су деңгейі соңғы жылдар бойына үздіксіз төмендеу себебінен 341 метр. Су деңгейінің бұдан ары төмендеуі, яғни теңіз деңгейінен 337 метрге төмен түсуі, Ұзынарал бұғазының кебуіне әкеледі. Бұл дегеніңіз, шығыс Балқаштың бірте-бірте жойылуын білдіреді. Осылайша, шығыс Балқаш та Аралқұм секілді құлазыған тұзды шөлге айналады. Нәтижесінде, экологтардың болжамына сенсек, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы барлық өзен-суы жүйелері бұзылады. Шаңды дауылдар Алатаудың тау бөктерінің жоғарғы тұсына дейін жетіп, мұздақтар еріп бастайды. Алматыны сел басады. "Балқаш көлінің болашағы туралы әртүрлі болжам айтылып жүр. Біз жүргізген зерттеуге сәйкес, Қытай тарапының суды қазіргі деңгейде пайдалану қарқыны сақталса, яғни бірінші сценарий бойынша судың ағып келу қарқыны 12,3 текше шақырым, ал су ресурстарын интенсивті пайдалану жағдайында 10 текше шақырымға дейін азаяды. Біздің аумақта тиісінше 12,6:11 текше шақырым деңгейінде азаяды. Яғни 2030 жылға қарай тиісті нормадан 3 текше шақырым аз болады. Дәл осындай болжамды 10-5 жылдық болашаққа да арнауға болады", – деді ол. Балқаш көлі тартылып барады. Экологтер осылай деп дабыл қағып жатыр. Жақында климаттың өзгеруінің гидрологиялық салдарын зерттейтін NASA және Sircle of Blue мамандары 2021 жылы үш миллионнан астам адам Балқаштағы судың таяз әсерін сезінетінін ескертті. Сарапшылар «Балқаш көлі Аралдың кебін кие ме?» деп қауіптенеді. Арал теңізінің апатынын кейін посткеңестік елдер аумағындағы ең ірі ішкі су айдыны — (Каспий теңізін есептемегенде) Қазақстандағы Балқаш көлі болып қалды. Бірақ, экологтардың болжамы бойынша, бұл көлдің де демі үзілуге таяу. Арал теңізінің тартылуы 40 жылға созылса, Балқаш көлі нәбәрі 5-6 жылдың ішінде жекелеген тоған-суларға айналуы мүмкін. Бұған да себеп біреу – көлге келіп құятын өзен суларының бақылаусыз жұмсалуы. Қазір көлдің су деңгейі соңғы жылдар бойына үздіксіз төмендеу себебінен 341 метр. Су деңгейінің бұдан ары төмендеуі, яғни теңіз деңгейінен 337 метрге төмен түсуі, Ұзынарал бұғазының кебуіне әкеледі. Бұл дегеніңіз, шығыс Балқаштың бірте-бірте жойылуын білдіреді. Осылайша, шығыс Балқаш та Аралқұм секілді құлазыған тұзды шөлге айналады. Нәтижесінде, экологтардың болжамына сенсек, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы барлық өзен-суы жүйелері бұзылады. Шаңды дауылдар Алатаудың тау бөктерінің жоғарғы тұсына дейін жетіп, мұздақтар еріп бастайды. Алматыны сел басады. Қазір көлдің су деңгейі соңғы жылдар бойына үздіксіз төмендеу себебінен 341 метр. Су деңгейінің бұдан ары төмендеуі, яғни теңіз деңгейінен 337 метрге төмен түсуі, Ұзынарал бұғазының кебуіне әкеледі. Бұл дегеніңіз, шығыс Балқаштың бірте-бірте жойылуын білдіреді. Осылайша, шығыс Балқаш та Аралқұм секілді құлазыған тұзды шөлге айналады. Нәтижесінде, экологтардың болжамына сенсек, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы барлық өзен-суы жүйелері бұзылады. Шаңды дауылдар Алатаудың тау бөктерінің жоғарғы тұсына дейін жетіп, мұздақтар еріп бастайды. Алматыны сел басады. Балқаштың ең бірінші қатері – көлдің суы аумағының кішірейіп бара жатқандығы.Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістіктерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Сарқанд және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған. Ал қазір бұл өзендер Балқашқа құймайды. Аталған антропогендік жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын шиеленістіріп жіберді. Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлауына Іле өзені бойына салынған Қапшағай су қоймасы да әсер етті. Қапшағай суқоймасындағы Іле өзенінің суын бөгейтін Қапшағай бөгеті салынды. Оған қосымша Іле өзенін қоректендіріп отырған Шелек өзені Бартоғай бөгетімен бөгелді. Осылайша Үлкен Алматы каналы салынды. Каналдың салынуына байланысты Шелек өзені Ілеге құюын тоқтатты. Іленің орта ағысы мен төменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала күріш алқаптары пайда болды. Осының бәрі Балқаш көлінің табиғи жүйесіндегі тепе-теңдік заңын бұзды. Балқаш көлін құтқаруға жедел күш салмаса аз ғана уақыт ішінде ол да Аралдың тағдырын қайталауы мүмкін. Экологтың айтуынша, Балқаш көліне соңғы 10 жылдан бері кешенді зерттеу жүргізілмеген. Ал, 2019 жылдың өзінде көлдің беті теңіз деңгейінен 342,8 метрге төмендегені анықталған. Балқаштың суы айтарлықтай тартылып кеткен дейді маман. Оны тіпті, әуеден қарамай-ақ аңғаруға болады екен. «Балқаш көлі құрдымға кетудің алдында тұр. Қазір көлдің орташа тереңдігі небәрі 6 метр. Бұл экологиялық апат. Ал, апатқа алып келген негізгі фактор – Іле өзені. Балқашқа құятын судың 80% осы Іледен келеді. Алайда, өзен суы қазір жол бойы басқа бағытта пайдаланылып, көлге небәрі «тамшы тамып жатыр». Мәселен, Іленің бойынша қазір ірілі-ұсақты 130-ға жуық гидростанция, 13 су қоймасы салынды. Сондай-ақ, Іленің суы Қапшағай су қоймасын толтыруға да пайдаланылып жатыр. Десе де, ең үлкен проблема Қытайдан туындап отыр. Өйткені, Іле бастауын сол елден алады. Ал, қытайлықтар өзен суын шектен тыс көп мөлшерде қолдануда. Яғни, Балқашты өлтіретін негізгі күш – адам болады». тұщу су проблемасы әлемде бар және ол жылдан жылға күрделеніп барады. Ал, Қазақстанда алдағы 10 жылда тұщы су қоры азайып, тұрғындар ауыз су тапшылығымен бетпе-бет келуі мүмкін. Қазірдің өзінде елде қуаңшылық проблемасы өршіп тұр. Жуырда ғана Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында дәл осы қуаңшылық салдарынан жүздеген бас мал қырылып қалған болатын. «Балқаштың тартылуы бүкіл Қазақстанда экологиялық апат тудырады. Оның тұзы жүздеген, тіпті мыңдаған километрге ұшып, тау басындағы мұздықтарды ерітеді, яғни негізгі тұщы су қорынан айрыламыз. Ең бірінші кезекте, Алматы сусыз қалуы мүмкін», - деді эколог. Балқаштың маңайындағы облыстарда барлығы 3 млн адам тұрады. Көл тартылса жаппай миграция жүретіні анық. Қазірдің өзінде суға жақын орналасқан елдімекендерде тұрғындар онкологиялық ауруларға, тіс ауруларына жиі шалдығатын болған. «Балқашты сақтап қалу үшін, бірінші, ауқымды зерттеу жұмысын жүргізу керек. Ғылыми қауымдастық құрып, нақты проблемаларды анықтап, оны шешу жолдарын дереу қолға алмаса болмайды. Бұл тек Қазақстанның проблемасы емес, көрші елдерге де қатысты. Екіншіден, Балқаштың маңайын көгалдандыру керек. Бұл, атмосферадағы ылғалдың булануын азайтады. Ең бастысы, суды мақсатты түрде ғана пайдаланып, бұл тұрғыда жаңа технологияларды қолданған жөн», - дейді «Табиғат» экологиялық одағы төрағасының орынбасары. Айта кету керек, Қазақстан мен Қытай арасында су бөлу жөніндегі үкіметаралық келісім әліге дейін жоқ.