2.2Балқаш көлінің қазіргі экологиялық жағдайы. Қазақстанның ғалымдары бүгінгі таңда Балқаш көлі экологиялық апат қаупінде тұр деп болжайды. Балқаш көлінің кеуіп кетуі ықтимал. Балқаш өңірде экологиялық-экономикалық бірнеше аса маңызды мәселелер орын алуда. Осы мәселелер үшін іс шаралар, конференциялар жүргізілді, бұл іс шаралар да көлдің аса маңызды мәселелері шешілді. Себебі көлдің айналасында үш миллион адам өмір сүреді. Балқаш көлінің экологиялық-экономикалық мәселелері күн санап жоғарлап келеді. Балқаштың экологиялық жағдайы көлінің тартылып келе жатқанымен сипатталады. Осыған себептер: су ресурсын ұдайы үнемдемеу, табиғат байлықтарын басқару жүйесі жетілмегендіктен, судың ластануы оларды тазаламауы, антропогендік факторлар. Егер де дәл осылай жалғаса беретін болса Балқаш көлінің су деңгейі төмендеп, өңірдің климатық жағдайы өзгереді, айналасындағы жануарлар, өсімдіктер, құстар шапа шегеді, қайғылы оқиға орын алады. Мамандар дер кезінде өз қызметтерін атқармаса, Балқаш көлі Арал сияқты құрғап кетуі әбден мүмкін. Мамандар су деңгейін қайта қалпына келтіру қолымыздан келмейді дейді. Су деңгейінің қазіргі деңгейін қалыпты ұстап тұру қажет. Табиғи өзгерістер су деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді. Балқаш көлі суды екі фактордың әсерінен бұрынғыдан қарағанда екі есе аз алады. Олар: су ресурсын пайдалану деңгейі өте жоғары және экологиялық рұқсат етілгенінен мөлшерден көп жұмсайды. Балқаш көлінің жалпы экономикалық мәселесі ауаның ластануы, судың ластануы, улы химиялық заттардың салдарынан ластануы. Судың мөлшері де, көрінісі де өзгеруде. Экожүйені қорғау көлдегі тіршілік көзін қорғаудағы негізгі шарт. Балқаш көліндегі экологиялық мәселелер тигізер зардабы көп. Олар: -Іле өзеннің суының кемуі және шөлейттенуі; -Жердің тұздануы; -Балық пен өсімдіктерінің түрлерінің жойылуы. Қажетті іс шаралар жасалынбаса мынандай жәйттар орын алуы мүмкін: -Климаттың күрт өзгеруі; -Барлық су қорларының құрғап кетуі; -шаңды, тозаңды желдің пайда болу;. -табиғат байлықтарының жойылуы; -халықтың көші-қоны. Құрғап кеткен Балқаш көліне байланысты ол жерде өмір сүру, тіршілік ету адамдардың денсаулығына үлкен әсерін тигізеді, адамдарда аурушаңдық пайда болады. Атап айтқанда: анемия, бүйрек аурулары, тыныс алу жолдарындағы аурулар, өт тас аурулары, қан аурулары, асқазан-ішек, жүрек тамыр және қатерлі ісік аурулары. Балқаш көлі жер көлемі он үшінші орында. Бірақ көлдің жылдан жылға тартылуы үлкен мәселе. Балқаш көліне келіп құятын өзендерге кедергі келтіру өз зардабын тигізуде. Іле өзені Балқаш көлінің қайнар көзі. Іле суы Қапшағай су қоймасын толтыру және ауыл шаруашылық мақсаттарда пайдаланғаннан Балқашта су мөлшері тартылып келеді. Қазіргі уақытта Балқаш көлі тез таязданып, ластануда. Тұзды су барған сайын көбейіп барады, өйткені көлдің көлемі азайып барады. Оған себеп – пайдаланушылардың Іле өзенінен су тарту көлемінің артуы, ал бассейннің негізгі ағынды құрайтын бөлігі Қытайда. Соның салдарынан Балқашқа бұрынғыдан жарты есе көп су ала бастады, экологтардың пікірінше, оған іс жүзінде жоғалып кеткен Арал теңізінің тағдырына қауіп төніп тұр. Орталық Азия елдері қол қойған келісімдердің көптігіне қарамастан, трансшекаралық су ағындарының проблемалары шешілмей келеді. Қазақстан мен Қытай арасындағы ұзақ он жылдық үздіксіз консультациялардан кейін трансшекаралық су ағындары үшін алдағы суды бөлу процесінің контурлары ғана белгіленді.Экологиялық шектеулерді есепке алмаған аймақтың шаруашылық қызметі Балқаш бассейнінің экожүйесі үшін проблемалардың туындауына алып келеді. Көл суларында ауыр металдардың, пестицидтердің, органикалық қосылыстардың, нитриттердің, сульфаттардың жоғарылауы байқалады. Балқаш көлемі бойынша Орталық Азияда төртінші көл болып табылады. Көлдің 3 миллион жергілікті халқының тұрмысы және аймақтағы экономикасы үшін орасан зор мәні бар. Би-Би-Си тілшісі Джил МакГиверинг Балқаш көлінің солтүстік жағалауына барып, сондағы жағдайды зерттеп көрген. Көл жағасында тұратын жергілікті тұрғындардың кейбірі көлдегі су деңгейінің соңғы 7-10 жылдың ішінде айтарлықтай азайғанын айтады. Көбі 3 миллион халықтың тұрмысына қажетті суды қамтамасыз етіп, аймақтың қантамыры қызметін атқарып келетін Балқаш көлі құрғап кетпей ма деп қорқады. Су деңгейінің төмендегеніне табиғи өзгерістер ықпал еткен де шығар. Алайда, Балқашқа қауіп төндіретін басты күш - ол адамның іс-әрекеті. Көлдің негізгі қайнар-көзі Іле өзені болып табылады. Іле суының басым бөлігі Қапшағай су қоймасын толтыру үшін және ауыл шаруашылық мақсаттарында қолданылатындықтан, Балқашқа келетін су мөлшері табиғи деңгейден едәуір кем боп шығады. Соның үстіне Іле Қытайдан келіп ағады. Қытай болса, Іле суын Батыс Қытай аймақтарын дамыту үшін елеулі көлемде қолданайын деп отыр. Көлдің деңгейін жіті қадағалап жүретін ғалымдар Балқашты қорғаудың арнайы шаралары енгізілу керек дейді. Алайда арнайы шаралар тұрмақ, көлдің құрғап біту қаупі астында қалғанын былайғы жұрт біле де бермейді екен. Бүгінгі таңда қазақстандық мамандар – Қытай мемлекеті суғарлатын жер көлемін көбейтпесе деп алаңдап отыр. Болжам бойынша, аспанасты мемлекеті жыл сайын суғарылатын жер көлемін 3, 64-есеге өсіруі әбден мүмкін. Бұл өз кезегінде Іле-Балқаш бассейнінің су балансына кері әсерін тигізіп, Балхаш көлінің жағдайын нашарлатып жібермек. Мұндай жағдайда Балқаш Арал тағдарын қайталауы да мүмкін. Қазіргі кезде мамандар бұл апаттың алдын алу үшін түрлі шараларды іске асырып жатқанын айтады. Мәселен, Балқаш көлінің экожүйесін анықтайтын ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде сол сияқты, көлдің ауасы мен су сапасын анықтайтын арнайы жүйе іске қосылды. Бірақ, бұл шаралардың нақты нәтижесін көру үшін қытайлық мамандар осы мәселенің түпкілікті шешілуіне ат салысуы керек. Бұл тұрғыда, Қазақстанның Қоршаған ортаны қорғау министрі Айткүл САМАҚОВА, аталған мәселе жиі көтерілгенімен Қытай тарапынан қолдау табылмайтынын айтады: «Жыл сайын біз Балқаш көлі мәселесін айтудай-ақ айтып келеміз, алайда Қытай жағы бұл мәселені келер жылы қарастырайықшы деп, кейінге қалдыра береді. Сол себептен үстіміздегі жылғы Балқаш форумында біз қытайлық әріптестерімізбен ашық сөйлесіп, пікір алмасамыз, мәселенің шешу жолдарын іздейміз, деп жоспарлап отырмыз», – деді Самақова ханым. Айтқандай-ақ, соңғы мәліметтер бойынша, Қытай мемлекеті мыңдаған, миллиондаған адамды Шыңжың-Ұйғыр ауданына көшіріп жатқаны белгілі. «Егер қытайлықтар бұл аймаққа толықтай көшіп келген болса, онда олар ауыл шаруашылығын дамытуда су тапшылығына тап болары сөзсіз. Ал, егер біздің көрші мемлекет Іле өзені суының 15 пайызын иеленіп жатса, онда келешекте Аралға туған күн Балқашқа да келмек. Бұл өз кезегінде климаттың өзгеруіне де әжептәуір әсер етуі ықтимал. Сол себептен Балқаш проблемасын шешу үшін, бұл мәселені, қалайда халықаралық деңгейде көтеріп, дүниежүзіндегі мемлекеттер назарына шығару керек. Қытай су мәселесіне арналған халықаралық конвенцияға қол қойған жоқ, ендеше біздің мықты көршіміздің бірі бұл құжатты мақұлдамай, Іле суын емін-еркі ала береді деген сөз», – деп түйіндейді Мэлс Елеусізов. Қазақстандық экологтардың пайымдауынша, Балқаштың мәселесін шешу үшін бұл тақырыпты Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің кезекті басқосуларында көтеру қажет. Алайда, отандық сарапшылар Қазақстан экологтарының геополитикаға тіреліп отырған бұл апатты мәселесінің шешімі қаншалықты жүзеге аса қоятынын қазір дөп басып айта алмай отыр. Себебі, Балқаш тағдырының елді мазалап, алаңдатып отырғанына біраз уақыт болды, тіпті, осы мәселе бойынша, арнайы сарапшылар тобы да жұмыс жасап жатыр. Дегенмен, күні бүгінге дейін транс-шекаралық өзендердің төңірегінде қалыптасып отырған жағдай шешімін табар емес. Балқаш экологиясы – Балқаш көлі алабындағы табиғи ресурстарды (әсіресе, су қорларын) тиімсіз пайдаланудың нәтижесінде Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында 20 ғасырдың аяғында қалыптасқан табиғи, әлеуметтік және экономикалық жағдай. Оны негізгі 2 себеп тудырды. Ішкі себеп – Қапшағай су электр стансасының салынуына байланысты Іле өзені арнасының бөгелуі. Оған дейін Балқаш көлінің экологиялық тепе-теңдігін көлге құятын өзендер суы мен көл айдынынан буланған ылғал мөлшерінің тұрақтылығы қамтамасыз ететін. Жыл сайын көл алабындағы 15,0 км³ су қорының 11,9 км³-і (80%) Іле өз-мен келсе, қалған 3,0 км³ су көлдің батыс бөлігінен шығыс бөлігіне ығысады. Балқаш көліне құятын өзендер суының жалпы ағымы 14,9 км³-ден 11,8 км³-ге кеміді, яғни көл жылына шамамен 3,0 км³ су жоғалтып отырды. Көл алабынан алынатын су мөлшері жылына 7,0 – 8,0 км³-ге дейін өсті, оның 6,5 км³ суы егін суғаруға, Қапшағай және басқа да бөгендерді толтыруға жұмсалды. Булануға кететін шығыны жылына 2,0 км³-ге жетті. Осы себептерден су деңгейі күрт төмендеді. Көл деңгейінің абсолют биіктігі 340,54 м болды. Көл деңгейінің құлдырау жылдамдығы жылына 15,6 см-ге жетті, бұл көрсеткіш 1908 – 1946 жылдардағы төмендеу жылдамдығынан (9,2 см/жыл) біршама жоғары. Іле өзені атырауындағы батпақты-сулы алаптардың 2/3 бөлігі қысқарды. Қапшағай СЭС-і іске қосылған соң, тасқын су шығымы 1600 – 1800 м³/с-тан 700 – 800 м³/с-қа дейін төмендеді. Электр стансасы қажетіне байланысты су ағымы жылдам өзгеретін (0 – 1000 м³/с) болды. СЭС-тен төмен қарай өзен тасындылары (судағы қатты заттар) тоқтап, олар толығымен Қапшағай бөгенінде шөгетін болды. Балқаш көліне құятын Іле өзенінің тармақтарынан Шұбарқұнан, Иір, Базарбай және Қалғаніле ғана қалды. Су шығымының 90%-ы тек Иір тармағымен қосылған Қоғалы тармағына жинақталып, бір арнаға айналды. Кезінде суы арнасына сыймай жататын Жиделі тармағы шөгіндіге тола бастады. Көлдің оңтүстік жағалауындағы балықтардың уылдырық шашу аймағы түгелдей жойылып, атыраудағы 15 көл жүйелерінен тек 4 – 5-еуі ғана қалды. Осының салдарынан жыл сайын ауланатын балық мөлшері 17 – 18 мың тоннадан 10 – 11 мың тоннаға дейін төмендеп, балық сапасы да нашарлады. Мысалы, бұрын негізінен сазан ауланатын болса, кейін ауланатын балықтың 90%-ын табан, жайын, көксерке, т.б. құрады. Ал аты әйгілі көкбас, Балқаш қарабалығы кездеспейтін болды. Көлдегі балықтар судағы пестицидтер мөлшерінің көбеюінен жаппай фибриалды саркома (қатерлі ісік жаралары) кеселімен ауыра бастады. Көл суының минералдығы күрт өсті. Балқаш металлургия кәсіпорындарының өндіріс қалдықтарының әсерінен суда ауыр металдар (мыс, мырыш, қорғасын, кадмий, т.б.) мен күкірт оксидтерінің мөлшері көбейді. Балқаш алабынан атмосфераға түсетін әр түрлі газдардың көлемі жылына 250 мың тоннаға жетті. Бұл газдар көл бетінен буланған ылғалмен қосылып, жерге қайтадан қышқыл жаңбыр болып жауады. Жауын-шашынның минералдығы 3 еседен астам өсті. Құрғап қалған аумақтардан көтерілген шаң-тозаңның әсері биік таулы аймақтардағы мұздықтардың еріп, ұсақтануына әкелді. Іле Алатауындағы аумағы 1 км²-ден астам 86 ірі мұздықтың 6-уы ғана қалды. Іле – Балқаш табиғи-шаруашылық жүйелеріне кешенді ғылыми-зерттеу жүргізіліп, олардың қорытындысы бойынша берілген ұсыныстарға сәйкес, Қапшағай бөгенінің деңгейі 10 метрге төмендетілді, сөйтіп, көлемі 2 есеге (28 км³-дің орнына 14,5 км³) кеміді де, жер суғаруға алынатын су мөлшерінің өсуі тоқтатылды. Осы шаралар Балқаш көлінің деңгейін тұрақтандырғанмен, су сапасы жылдан-жылға нашарлады. Сыртқы себеп – Балқаш алабындағы су қорының жартысына жуығы Қытай мемлекетінің аумағында қалыптасады. Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда. Іле – Балқаш экожүйесінің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу (Қапшағай су қоймасы) тіпті азайды. Сонымен қатар балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, тербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалуда. Іле – Балқаш алабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. Әсіресе 2018 жылдары жылына 1,5 млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған. Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. «Қызыл кітапқа» енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т.б. құстар қазір өте сирек кездеседі. Іле – Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи-табиғи ескерткіштерге бай өлке. Бұл өңірде Шарын тау өзені мен оның бойындағы Шарын тауларындағы тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, Әнші құм атты табиғат туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорыққорлар бар. Жетісу деп аталатын бұл аймақта 3 млн. астам халық тұрады. Ең ірі қалалары – Алматы, Талдықорған, Жаркент. Бұл өңірдегі экологиялық ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендері, Сарышаған полигоны және Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары осы аймақта тұратын тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр. 2019 жылы «Балқаш көлін құтқару, оның бүгінгісі мен болашағы» атты халықаралық деңгейде экологиялық форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды. Оның негізгілері: Іле өзені бойындағы өндіріс орындарында суды тиімді пайдалануды реттеу. Қапшағай суқоймасынан Балқашқа жіберілетін судың үлесін тұрақтандыру. Ақдала және Шарын массивтеріндегі күріш алқаптарын азайту. Жер асты суларын пайдалануды жүзеге асыру. Суармалы жерлердің көлемін шектеу. Балқаш көлін құтқару бүгінгі күннің талабы. Арал мен Балқаш сияқты су экожүйелерінен айырылу Қазақстанды ғана емес Еуразияны да бұрын-соңды болмаған экологиялық анаттың ошағына айналдыруы мүмкін. Сондықтан әрбір табиғи экожүйені көздің қарашығындай сақтау мен қорғау адамзат баласының парызы. Қазіргі кезде Балқаш көлінің суы ластану дәрежесі өте қауіпті жағдайға соқтырғалы отыр. Суларды ластаудың негізгі көздері: 1) Ауыл шаруашылығында жерді улы химикаттармен тыңайтудан қалған қалдық сулардың қайта келіп өзендерге, көлдерге құюы. Бұл әсіресе, күріш егістіктерінде, мақта плантацияларында молынан кездеседі. 2) Кен орындарын пайдаланудан болатын өндіріс қалдықтарын; 3) Ағаш материалдарын дайындауға, өндегендегі және су жолдарымен тасымалдағандағы ағаш қалдықтары; 4) Су және темір жолдарының лас қалдықтары; 5) Техникалық өсімдіктерді алғашқы өндеудің қалдықтары. Су қорына аса қауіп-қатер туғызатындар: мұнай, пестицидтер, түсті металдардың, күрделі химиялық қосылыстары. Әсіресе, оның құрамында әртурлі зиянды заттар көп. Өнеркәсіптік өндіріс орындарымен қатар ауыл шаруашылығы өндіріс орындарының су қорына тигізетін әсері де молшылық. Ал лас суларды ауыл шаруашылығына пайдаланудыңда зияны өте көп. Мысалы, ауыл шаруашылығы дақылдарын ластаған сулармен суару, біріншіден олардың шығымдылығы өте төмен, ал екіншіден адам денсаулығына қауіпті болады. Сонымен қатар топырақтың тұздылығы көтеріледі, топыраққа биохимиялық процестердің жүруі төмендейді. Сулардың ластануы әсіресе балық қорына тікелей зиян келтіреді. Бұл айтылған су қорларының ластану көздерінің ішіндегі ең қауіптісі балықтарға зиянды әсер ететін құрамында химиялық улы заттар бар өндірістің қалдық сулары. Оған: целлюлоза-қағаз фабрикалары, химия өндіріс орындары, мұнай өңдеу, металлургия заводтары, мал шаруашылығы өнімдері – жүнді, теріні өңдейтін заводтар т.б. жатады. Тек қана Қазақстан түсті металлургия кәсіпорындары тәулігіне 168,8 мың текше ластанған суды өзендер мен көлдерге жібереді. Соңғы жылдары егіс далаларында химиялық тыңайтқыштарды кеңінен пайдалануға байланысты, суларды ластауды пестицидтердің зиянды әсері көп болып отыр. Пестицидтер суға араласқаннан кейін биологиялық жағынан ажырамай ұзақ сақталып, балықтың, планктонның денесіне орнығады да биологиялық тізбек арқылы адам денесіне көшеді. Өндіріс, ауыл шаруашылығы қалдық суларынан басқа табиғи сулар құрамына хлоридтер, жолдардың қатып қалуына қарсы қолданылатын және жер суғарған кезде топырақтан жуылып шығатын тұздар өте зиянды әсер етеді. Өнеркәсіптік өндіріс орындарымен қатар ауыл шаруашылығы өндіріс орындарының су қорына тигізетін зиянды әсері зор. Әсісере, өзен, көлдер бойына шошқа фермаларын орналастыру бұл су көздерін түгелдей жойғанға тең. Бір шошқа фермасының өзі суларды ластау дәрежесі жөнінен 2-3 өндіріс орнына тең. Көлемі жағынан әлемде 13-орында тұрған Балқаш жыл сайын ластану деңгейі артып, табаны батпақтанып, айдыны зауыт қалдықтарымен уланған. Балқаштың әу бастағы тылсым жаратылысы оның қазіргі тағдырына айналып бара жатқан тәрізді. Бір бөлігі ащы судан, бір бөлігі тұщы судан тұратын көлдің қазір тұзды бөлігі ұлғайып келеді. Бұған басты себептердің бірі – Іленің бастау қайнарында отырған қытайлықтардың өзен суын шаруашылыққа мейлінше молынан тұтынуында. Соның салдарынан көлге құятын тұщы су мөлшері азайып отыр.