Курстық ЖҰмыс пән



бет18/22
Дата07.01.2022
өлшемі316,63 Kb.
#20137
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Бейсембек Гульдана ак42 курстык жумыс

Қорытынды


Жаңартылған білім мазмұны бұл- мүлде жаңа бағдарлама, оқулықтар, стандарттар және кадрлар» ( Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндігі атты Қазақстан халқына жолдауынан).

Шетел тiлдерiнде белсенді оқыту оқуға үйретудiң тәрбиелiк, бiлiмдiк және практикалық мiндеттерiн жүзеге асыруда. Мектеп бiтiрушi әр оқушы тiл дамытудың бұл түрiн меңгермей тұрып, шетел тiлiн әрi қарай дамытып қолдануы мүмкiн емес.Белсенді оқыту оқушыларға тек қана ақпараттарды қабылдауына ғана емес, сонымен қатар ауызекi тiлде де, жазбаша тілде де басқа да тiл дамыту түрлерiн меңгеруге мүмкiндiк бередi. Дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі. Сондықтан да, әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі - жалпы педагогикалық, ғылыми- теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор.

Түйіндей келгенде өскелең ұрпақтың үш тілді: қазақ тілін – мемлекеттік тіл, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілін халықаралық тіл ретінде оқып үйренуге ұмтылыс жасауы – заман талабы, болашақ ұрпаққа қажеттіліктен туындап отыр. Oқушылардың халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстарды нығайту, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізу керек. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.

25



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет