Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................26
Қосымшалар
2
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: жаңартылған білім беру аясында ағылшын тілін белсенді оқытуда қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдердің ерекшеліктерін айқындау.
Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Білім беру мазмұнын жаңарту-сапалы білім, жарқын болашаққа негіздеп, бірқатар жетістіктер формуласын ұсынған үлгі және оқу-тәрбиелік үрдісті жан-жақты жаңа әдіс-тәсілдермен ұштастыру болып табылады.Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, тез өзгеріп жатқан әлемнің жағдайында зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру» деп атап көрсеткендей бүгінгі таңда білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді талап етеді. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру - оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №455 бұйрығына сәйкес жаңартылған білім беру мазмұнын қанатқақты енгізу туралы шешім қабылданып, республикада 30 мектепке мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын қанатқақты енгізу және орта білім беру мазмұнын ішінара жаңарту 2015 жылдың 1 қыркүйегінен басталды.2016-2017 оқу жылында 1-ші сыныптар толығымен жаңартылған білім мазмұны бағдарламасымен оқытуға көшірілді. 2016-2017 жылы бірінші сынып үшін енгізілген жаңа оқу бағдарламасы «Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі» оқыту тәжірибесіне негізделген болатын. 2017-2018 оқу жылында республикадағы жалпы білім беретін мектептердің 2,5,7-сыныптарын жаңартылған білім мазмұны бағдарламаларымен оқытуға көшті.Жаңартылған бағдарламаға көшкен сыныптар аптасына бес күн оқитын болады. Әр пәнге алты күндік бағдарламадағы сияқты сағаттар бөлінеді. Тек аптасына бес күн оқи бастағанда балалардың бос уақыты көбейеді.Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады.
3
Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру – жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек.Қазіргі заман талаптарына сәйкес қазіргі мектеп «білімді тұлға», яғни білім, білік пен дағдылары қалыптасқан жеке тұлғаны дайындаумен ғана шектеле қоймай, «өмірдің өзгерістеріне дайын болатын», белсенді және шығармашыл ойлайтын, интеллектуалды және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны дайындау тиіс. Бұл деген мектептегі білім берудегі жаңа моделінің құрылымы әдеттегі дәстүрлі «Мектепте нені оқу керек?» емес, «Мектепте не үшін оқу керек?» деген мәнмәтін аясында өрістелуі тиіс.Сондықтан қазіргі уақытта дайын білімдерді игеру мен жалпылау мақсат емес, ол адамның интеллектуалды дамуының көмекші құралы болып табылады. Ал қажетті ақпараттарды өз бетінше табу, мәселелерді анықтау және оларды шешу жолдарын іздеу, алынған білімдерді сын тұрғысынан талдай білу және оларды жаңа тапсырмаларды орындауда қолдану жаңартылған білім мазмұнының нәтижесі
Достарыңызбен бөлісу: |